Бүгінгі күні біздің қоғамға проблемаларды шеше алатын, шешім қабылдайтын



Pdf көрінісі
бет5/250
Дата28.11.2022
өлшемі5,73 Mb.
#160138
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   250
Байланысты:
методы обучения Дадли

«Идея іздеуші» 
немесе 
«Стикерлер жинағын» 
қараңыз.
Сыныпты жоспарлау 
Оқушылар сыныптағы бір тақтадан екінші тақтаға кезектесіп топтасып ауысып 
отырады. Немесе оқушылар сынып ішінде топ болып көшіп жүрмеу үшін белгілі бір уақыт 
өткеннен кейін оқу плакаттарын өздерінен кейін отырған топқа бере алады.
Жұмыс алгоритмі 
1. Оқушылар шағын топтарға бөлінеді. 
2. Әрбір топқа белгілі бір тақырыпқа қатысты жазылған сұрағы бар оқу плакаты 
немесе А3 форматтағы қағаз беріледі. Әрбір плакатта әртүрлі сұрақтар болуға тиіс. 
3. Оқушылар топтарында жұмыс істейді, бұл ретте оларға бастапқы сұраққа 
негізделген өздерінің жауаптарын, ойлары мен идеяларын жазуға берілген регламент 
сақталуы керек.
4. Бұдан кейін өздерінің жауаптарын оңай тануы үшін әрбір топқа түрлі-түсті қалам 
беріледі. 
5. Берілген уақыт аяқталған соң оқушылар басқа сұрағы бар келесі плакатқа көшеді.
6. Олар алдыңғы топтың жауаптарын оқиды және олармен келісетіндігін немесе 
келіспейтіндігін талқылайды. Егер олар келіскен жағдайда, құстұмсық қояды. Келіспесе, 
түсініктеме жазып, өз шешімдерін негіздей алады. 
7. Осыдан кейін оқушылар қойылған сұрақ бойынша өз ойларын жазады. Егер 
олардың идеялары бұрынғы топтың жазбаша жауаптарынан туындаса, сызықшамен 
идеяларды қосуға болады. 
8. Әткеншек, егер уақыт болса, әрбір топ әрбір сұрақты қарап, оған жауап бергенге 
дейін жалғасуы мүмкін.
9. Осы тапсырманы орындағаннан кейін 
жауап алу
жүргізу пайдалы болады. 
10. Әткеншек бағалаудың жақсы құралы болып табылады. Төмендегідей сұрақтар 
қойылуы мүмкін:
Бүгін Сіз не білдіңіз?
Бүгін Сіз үшін не ең керемет/таң қаларлық/қызықты/пайдалы болды?
Сіз нені басқаша істер едіңіз? 
 
 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   250




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет