Билет №1 Қазіргі заманғы білім беру және педагогикалық технологиялардың теориялық негіздері


Билет № 4 1. Негізгі әдістемелік принциптер



бет4/49
Дата07.02.2022
өлшемі2,89 Mb.
#92423
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
Байланысты:
Билет жауаптары
5 билет, Билет жауаптары
Билет № 4
1. Негізгі әдістемелік принциптер
2. Ш.А.Амонашвили технологиясының концептуалдық ережелері
3. Математиканы оқытудың блоктік – модульдік технологиясы
1. Негізгі әдістемелік принциптер
Қазіргі кезеңде қолданылып жүрген жаңа педагогикалық технологияның негізіне жататындар - әрбір оқушының жеке және дара ерекшеліктерін ескеру; оқушылардың қабілеттері мен шығармашылығын арттыру; оқушлардың өз бетішпе жұмыс істеу, іздену дағдыларын қалыптастыру. Жаңа педагогикалық технология : ынтымақтастық педагогикасы, білім беруді ізгілендіру технологиясы, проблемалы оқыту технологиясы, тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы, түсіндіру басқарып оқыту технологиясы, деңгейлік саралап оқыту технологиясы, міндетті нәтижеге негізделген деңгейлеп саралап оқыту технологиясы, модельдік оқыту технологиясы, жобалап оқыту технологиясы. Ынтымақтастық педагогикасының негізгі мақсаты - талап ету педагогикасынан қарым-қатынас педагогикасына көшу, балаға ізгілік тұрғысьнан қарау, оқыту мен тәрбиелеудің ажырамас бірлігі.Ынтымақгастық педагогикасының ерекшелігі - мұғалім-оқушы, оқушы-мұғалім, оқушы-оқушы, оқушы да субъект, мұғалім де субъект. Оқушының жеке басына ізгілік қарым-қатынас, ал оқушы мен мұғалімнің арасындағы өзара түсінушілік, ынтымақтастық қарым-қатынас. Білім беруді ізгілендіру технологиясының негізін қалаған Ш.А.Амонашвили. Білім беруді ізгілендіру технологиясының мақсаты - баланы азамат етіп тәрбиелеу, баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту, баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату. Проблемалы оқыту технологиясының негізгі мақсаты - оқушыны өз бетімен ізденуге үйрету, олардың танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамыту. Проблемалы оқыту технологиясының ерекшелігі де оқушының белсенділігін арттыру және оқу материалдарын баланы қызықтыратындай құпиясы бар мәнге жеткізу. Себебі, оқушы материалдарды сезім мүшелері арқылы қабылдап қана қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді.Тірек белгілері арқылы оқыту технологиясының негізін қалаған В.Ф.Шаталов тірек белгілері арқылы оқыту технологиясының мынадай мақсаттарын - білім, білік, дағдыны қалыптастыру; барлық баланы оқыту; оқытуды жеделдету. Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясының ерекшеліктері - үнемі қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, жоғары деңгейдегі қиыншылық, ірі блокпен оқыту, тіректі қолдану; жеке бағдарлы қарым-қатынас ықпал; ізгілік, еркімен оқыту. Әр оқушының жобасының жариялылығы түзетуге, өсуге, табысқа жетуге жағдай жасау, оқыту мен тәрбиенің бірлігі. Түсіндіре басқарып оза отырып оқыту технологиясының авторы жаңашыл мұғалімдердің бірі С.Н.Лысенкова. Бұл технологияның негізгі мақсаты - барлық баланы табысты оқыту. Түсіндіре басқарып оза отырып оқыту технологиясы төмендегідей ерекшеліктерімен сипатталады:
- оқыту материалдарының бірізділігі, жүйелілігі;
- саралау, әр оқушыға берілетін тапсырманың қолайлылығы;
- бағдарламаның, кейбір тақырыптардың қиыншылығын жеңу, қиын тақырыптарды
біртіндете оңайлату әдісін - оза оқыту әдісін қолдану;
- сабақты пысықтауға әуелі озаттар, сосын орташалар, ең соңында нашар оқушылар
қатыстырылады;
- бірте-бірте толық дербестілікке өту;
- сыныпта қалыпты жағдай қалыптастыру; түсінетін, өзара көмек, ынтымақтастық
қарым-қатынас;
- оқушының қателігін ескерту, бірақ еш жазғырмау;
- үй тапсырмасы тек әр оқушының мүмкіндігіне қарай (әркім өзі орындай алатын
жағдайда ғана) беріледі; - білім, білік, дағдыны дамыта меңгеру;
- түсіндіруді қабылдау.
Деңгейлік саралап оқыту технологиясының негізіне әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарап оқыту мен оқытуды оқушылардың әртүрлі топтардың ерекшелігіне сәйкес бейімдеу, ыңғайлау жатады. Деңгейлік саралап оқыту технологиясының ерекшеліктерін атап айтар болсақ, күштілер өздерінің қабілеті мен икемділігін одан әрі бекіте түседі де, ал әлсіздер өзін-өзі сьнап қарауға мүмкіндік алып, өзіне сенімсіздіктен арылады; әлсіз топтарда оқуға деген ынта артады; білім дәрежесі деңгейлес оқу топтарында аздап жеңілдейді. Міндетті нәтижелерге негізделген деңгейлік саралап оқыту технологиясы мынадай ерекшеліктерімен - білімнің базалық деңгейінің барлық оқушылар үшін міндеттілігі, оқушыларға берілген тапсырманың саралануы, тапсырма оқушының күші жететіндей және қолайлы болуы шарт, білімнің базалық деңгейі оқытудың жаңа технологиясының механизмі ретінде оқушының бірте-бірте өрістей дамуына мүмкіншілік жасау тиіс, оқушыға оқу деңгейін таңдауға ерік беру, оқушы өз мүмкіндігіне орай тек міндетті деңгейден кем емес білім алуға еріктілігімен сипатталады. Модельдік технология дамыта оқыту идеясына негізделген оның мақсаты - оқушының өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту, оқу материалын өңдеудің жекелеген тәсілдері арқылы жұмыс істеуге үйрету. Модельдік оқытудың өзегі - оқу моделі. Оқу моделі - ақпараттардың аяқталған блогынан, бағдарламаны іскер мұғалімнің нұсқауларынан, оқушы іс-әрекетінің мақсатты бағдарламасынан тұрады. Модульдік оқыту - білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдісі мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді. Қазіргі таңдағы педагогика ғьлымының бір ерекшелігі - баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы. Ал жаңа педагогикалық технологиялар білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамасымен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері жиынтығын қорғайды. Оқыту технологиясын жетілдірудің педагогикалық бағыты негізгі ой-тұжырымдары бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу, оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап оқыту бағдарламасына өту болып табылады. Жаңа технологияның принциптері - оқытуды ізгілендіру, өздігінен дамитын, дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп тәрбиелеуші тұлға қалыптастыру болып табылады. Мұғалімдердің оқыту технологияларын меңгеруде педагогикалық кеңестер, әдістемелік бірлестіктер, олардың зерттеушілік жұмыстары, шығармашылық іс-әрекеттері пайдаланылады. Оқытудың жаңа технологиялары мұғалімнің алдына төмендегідей міндеттерді қояды: - педагогикалық қызметтің өзекті мәселесін білу;
-оқу бағдарламасының түрлендірген нұсқауларын кұрастыру;
-оқу модулін құрастыру;
- оқу жобаларының мазмұнын анықтау, әр оқушыға арналған тапсырмалар
құрастыру;
- оқушылардың жаңа материаларды меңгеруі бойынша деңгейленген жаттығулар
жүйесін жасау;
- оқу-әрекеттерінің материалдарьн іріктеп ала білу.
Осы аталған оқыту міндеттерін мұғалім меңгеруі үшін, ұстаздар қауымымен
төмендегідей педагогикалық жұмыстар жүйесі жүргізілуі керек:
а) проблемалық-рөлдік ойьн;
б) рефлексивті-рөлдік ойын;
в) панорамалық сабақгар;
г) педагогикалық ринг;
д) педагогикалық идеялар аукционы;
е) ашық сабақгарға кіру, талдау және т.б.
Барлық жаңа технологияның алдымен қоятын мақсаты - оқушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өзбетінше ізденуін арттырып, шығармашылықтарын қалыптастыру. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты білгір маман болу мүмкін емес. Жаңа педагогикалық технологияны меңгеру мұғалімнің зейін-зерделік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген ұстаздық келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі.
3. Математиканы оқытудың блоктік – модульдік технологиясы
Оқу үрдісі екі жақты болып келеді. Ол үшін тек мұғалімнің жоғары сапалы жұмысы ғана емес, оқушылардың белсенді қатысуы, олардың оқуға деген қызығушылығы болуы тиіс. Ол үшін оқу үрдісін оқушылардың өз бетімен жұмыстанып жаңа білім алуы және оны тәжірибеде сәтті қолдануға болатындай ұйымдастыру қажет. Біздің пікірімізше бұл әдіске математиканы модульдік оқыту технологиясы сәйкес келеді , мұнда теориялық материал алдын ала, ірі блоктармен, оқу үрдісін алгоритмдеу және танып білу циклін сәйкестендіру арқылы жүргізеді. Математиканы оқытудың модульдік технологиясын пайдалану келесі мүмкіндіктерді береді: материал бөлек бірліктер түрінде емес, өзі жататын бір құрылымдық бірліктен бөлінген түрінде алынады, сол тарауға жататын математикалық жұмыстар, түсініктер, қасиеттер бірге зерттеледі. Материалдарды блоктарға жинақтау оларды шағын конспектілерге айналдырады. Сонымен қатар дайындық және негізгі тақырыптарды өткізу уақыты қысқарады. Біздің жағдайымызда олар логикалық бірегей кешендер түрінде зерттеледі. Сонымен қатар модульдік оқыту- оқушыларды өз бетімен үйренуге бейімділік қалыптастырады, тұтастай оқу үрдісі алдын ала мақсат қоюға негізделеді, ал оқу үрдісін деңгейлеп ұйымдастыру оқушыға таңдап оқу мүмкіндігін береді. Математиканы оқыту технологиясы мен блоктар құру арқылы жоспарлаймын. Әр блоктың жүйелілік және тұтастық, уақытқа тұрақтылық жіне жадыда тез сақталу қасиетине ие.
ПМ – ИМ – КМ – ЖМ – БТМ – БМ
ПМ- проблемалы модуль ИМ- информациялық модуль КМ- кеңейтілген модуль ЖМ- жүйелендірілген модуль
БТМ- білімді тузету модулі БМ- бақылау модулі
Әр модульді тереңдетіп қарастырайық.
Проблемалы модуль. Теориялық материалды түсіндіру проблемалы тапсырмадан бастап, жаңа түсініктің пайда болуына әкелген тарихи қалыптасқан мәселені көрсетемін. Меңгерудің алдынды проблемалы модулді енгізу: материалды зерттеу қажеттілігін көрсетуге; оның маңыздылығын дәлелдеуге; осы материалды, берілген тақырыпты және тұтас математиканы игеруде қолданылуын көрсетуге мүмкіндік береді. Информациялық модуль. Әр блоктың информациялық модулінің негізі- дәріс, нәтижесі- нақты конспект болып табылады. Оларды құрастыруда келесі прициптер жетекшілікке алынады: -математикалық символиканы мүмкіндігінше мол пайдаланып ғылыми түсіндіру; -теориялық материалдың логикалық құрылымын бұзбай қысқаша түсінік беру; -түрлі суреттер, жобалар, сызбалар, диаграммалар қолдану арқылы жоспарланған- көрнекілік; -бір конспектіде тұтас тақырып бойынша мәліметтің болуы немесе егер, тақырып тым-үлкен болса оның бір бөлігі қысқартылуы тиіс. -бір конспектіден екіншісіне өтудің логикалық байланысы және кезектілігі. Ақпараттарды блоктарға бөліп беру жүйесі материалды толығымен, бөлшектерге бөлмей зерттеуге мүмкіндік береді. Тапсырмаларды орындау және оларды негізгі типтерге бөлу алгоритмдерін жасауға көңіл бөлу қажет. Информациялық модульмен зерттеу кезінде қолданылатын тапсырмаларды бөлшектеп шешу алгоритмдерін пайдалану оқушыларға блокты зерттеудің келесі кезеңінде стандартты тапсырмаларды өз бетімен шешуге мүмкіндік береді. Осы аталған сәттерді жаңа сабақ игеруде қолданған тиімді.
Кеңейтілген модуль. Ақпаратты модульде материалды түсіндіру кезінде тек негізгі, басты сұрақтар қарастырылатын болса, кеңейтілген модульде теориялық материалды тереңдетіп, кеңейтілген түрде игеру, стандарттық емес тапсырмаларды шешу қарастырылған. Берілген уақыт ішінде көбірек мәлімет беріледі. Бұл модульде сабақты зерттелген материалды бекіту үшін жүргізу қажет, ол үшін оқушыларға тақырыптың басты тараулары бойынша кешенді тапсырмалар беріледі. Кеңейтілген модульде сабақты стандартты емес түрде жүргізуге қолайлы жағдай жасалынады.
Жүйелеу модулі. Білімді жүйелеу оқушыларды берілген маткриалды мәліметтер жмнағы ретінде сақтаудан құтқарады. Жалпыландыру үрдісіне оқушылардың өздері белсене қатысады; топтастырылған материал тез және жеңіл сақталынады және оны пайдалану ыңғайлы. Ол семинар сабақтарында немесе жалпыландыру және жүйелеу сабақтарында жүргізіледі; және келесідей реттілікпен орындалады : бөлек фактілерді қабылдау, түсіну және жалпыландырудан, оқушыларда тақырып бойынша түсінік, идеялар қалыптастыруға дейін. Бұл сабақты жарыс, КВН, конференция, саяхат т.б. түрінде жүргізуге болады. Бұл модульдің негізгі мақсаты- оқушылардың білім алуындағы үзілістерді жою. Тараудың бір тақырыбын игеру кезінде ағымдағы бақылау нәтижесі бойынша оқушылардың білім беру деңгейін, білім үрдісінің тиімділігін тексеріп, сабақты түсінуі мен игеруіндегі кемшіліктері оңай байқалады. Оқушылардың тақырыптан қалып қоюы мен үлгерімінің нашар болуының алдын алу үшін кеңес беру, қосымша сабақ жүргізу, қателерін тузету т.б. жүргізіледі.
Бақылау модулі. Бақылау модулімен жұмыс жасау үшін оқушылардың білімі мен біліктілігін келесі параметрлер бойынша тексереміз: 1) ағымдағы бақылау; 2) үй тапсырмаларын орындауын бақылау; 3) тақырып бойынша және қорытынды бақылау; Ағымдағы бақылауды оқушылардың күнделікті тапсырмаларын теориялық және практикалық бақылау, мұны өз бетімен орындалатын жұмыстарды тексеру, конспектілерін тексеру арқылы жүргіземіз. Үй тапсырмаларын релелік жұмыстар орындау кезінде жүргіземіз- оқушылар үй тапсырмасын орындау үшін алдын ала жеке тапсырмалар алады. Білімін қорытынды тексеруді тест, тақырыптық жұмыстар және сынақтар арқылы жүргіземіз. Сынақ жұмысы- бұл оқушы мен мұғалімнің берілген тақырып бойынша қорытынды жұмысы. Егер оқушы игерілген тақырып бойынша барлық теорияға жауап берсе, ол сынақтың теориялық бөлімінен босатылады.
Мысалы алгебра және анализ бастамалары пәнінен 10-11 сыныптарға арналған курсын 5 блокқа бөлуге болады:
№1 блок: «Сандар мен дәрежелік түрлендірулер»;
№2 блок: «Функциялар мен олардың қасиеттері»;
№3 блок: «Теңдеулер мен теңсіздіктер»;
№4 блок: «Туынды»;
№5 блок: «Интеграл».
Математика сабағында жүктеменің артуы оқушыларда игерілетін материалға қызығушылығын сақтап қалу мәселесін тудырады. Оқушылардың математикаға деген қызығушылығы оны оқыту әдістемесіне, оқыту жұмысын ұйымдастыруға байланысты болады. Математиканы блоктық- модульдік технологиямен оқыту арқылы үнемделген уақытты стандартты емес сабақтар жүргізуге жұмсауға болады. Мұндай әрбір ойын- сабақ оқушыларға тез қонысды болады. Ойын барысында балалар өз бетімен ойлап, көзқарасын дамытып, білімге құштарлығы оянады. Тіпті ең сылбыр балалардың өзі ойындағы жодастарына көмектесу үшін бар күштерін салады. Төменгі сыныптарға ойын сабақтарын өткізу үшін жоғарғы сынып оқушыларын шақыру ыңғайлы. Олар сабақтың әр сатысында оқушыларды бағалап отыруға көмектеседі, оларды тарихи материалдармен таныстырады. Осындай сабақтардан соң біртіндеп шамалы оқушылар белсенді жұмыс жасай бастайды: өздері баяндама даярлайды, шығарма жазады т.б. Проблемалы тәсілді ажыратып, оқушының оқу үрдісіне шығармашылық қатынасын дамытып модульдік білім беру технологиясын пайдалану, теория мен практиканы кешенді пайдалану оқушыларда терең білім қалыптастырып, әр оқушының жеке тұлға болып қалыптасуына жағдай жасайды. Бұл технология бойынша оқушыда пайда болатын бос уақыт оған шығармашылық ізденістер жүргізуде пайдалынылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет