Билет №1 Далалық өркениет, оның түркі, қазақ әдебиетіне әсері туралы айтыңыз


“Оғыз-наме” дастанының қазақ ертегілері мен эпостарымен үндестігін салыстырыңыз



бет2/6
Дата26.12.2023
өлшемі35,66 Kb.
#199467
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Билет №1 Далалық өркениет, оның түркі, қазақ әдебиетіне әсері ту-emirsaba.org

2.“Оғыз-наме” дастанының қазақ ертегілері мен эпостарымен үндестігін салыстырыңыз.«Оғыз-наменің» түркі тектес халықтардың ежелгі шежіресін аңыздар негізінде көркем баяндайтын эпостық шығарма. «Оғыз-қаған» эпосына негіз болатын аңыз-әңгімелер мен тарихи деректер.Оғыз қаған және оғыз тайпа-ұлысы туралы мәліметтер.Оғыз қаған-жазба шежіре мен аңыз шежіренің тарихи кейіпкері. «Оғыз наме» эпосының сюжеттік желісіне тән ерекшеліктері.Оғызнеме дастанының тілі көркем, көріктеу құралдары сан түрлі, композициялық құрылысы ширақ жасалған, бейнелі, қанатты сөздерге бай болып келеді. Тегінде түркі халықтары ауыз әдебиетінде шығарма сюжетін баяндап айтып берудің қалыптасқан өзіндік жүйесі болған сияқты. Бұл дәстүр эпостық туындыларда ғана емес, сонымен бірге, жазба әдебиетінде де өз жалғасын тапқан. Бұған Оғызнама эпосы мен Күлтегін жырын өзара салыстырып отырып көз жеткізуге болады. «Күлтегін» жырында суреттелетін күллі оқиғалар рет-ретімен жүйелеп, мазмұндап, бірнеше топтамаға бөліп-бөліп берілген. Оғызнаме дастанында да әрбір топтаманың өзі үш элементті қамтиды: 1. Оқиғаны басталуы; 2. Оқиға желісінің ұлғайып,өрістеуі; 3. Оқиғаның түйіні, қорытындысы Шығарма алғаш ауызша туындап, бертін келе қағазға түсірілген. «Оғызнаманың» екі нұсқасы бар: бірі – көне ұйғыр әрпімен 13 – 14 ғасырларда көшірілген, Париждің Ұлттық кітапханасында сақтаулы. Оның көлемі небәрі 42 бет, әр беті 9 жолдан ғана тұрады. Бұл нұсқаны алғаш В.В. Радлов орыс тіліне аударған. Кейін А.М. Щербак тілдік тұрғыдан зерттеп, ғылыми түсініктерін жаза отырып, қайта аударған, ол қолжазбаны түпнұсқа деп танымай, оның көшірмесі деген пікірге келген. Екіншісі – араб әрпімен жазылған, тарихшы, Хиуа ханы Әбілғазы нұсқасы. Әбілғазыдан мұраға қалған екі еңбек бар, бірі – «Шежіре-и тарахима», («Түрікмен шежіресі, 1661), екіншісі – «Шежіре-и Түрк» («Түркі шежіресі»). Екі шығарма да Оғыз батырдың ерлік жорықтары, ұрпақтарының игілікті істері, оғыз тайпаларының шығу тегі, тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы, т.б. жайлы жазылған. «Оғызнамада» батыр ұйықтап жатқанда шатырына көктен нұр сәулесінің түсуі, сәуле ішінен көкжал қасқыр шығып, оның қалың қолды бастап жүруі, аспаннан түскен сәуледен сұлу қыздың шығуы секілді діни-мифологиялық көріністер орын тепкен. «Оғызнаманы» ақиқат пен аңызға бірдей негізделген шығарма деп қарастыруға болады. Мұнда алғашқы қауымдық құрылыс кезінде, сақтар мен ғұндар дәуірінде, орта ғасырларда орын алған сан қилы тарихи оқиғалар өзара жалғаса мазмұндалған. Оғыз қағанды белгілі бір адам бейнесіне телу, яғни тарихтағы нақты тұлғасын тану мүмкін емес. Бірақ Оғыздың әдеби бейнесі белгілі тарихи тұлғалар іс-әрекетінің жиынтығы деуге негіз бар, себебі дастан тарихи оқиғалар желісі бойынша жазылған. Оғыз қағанның анасы Айқаған бейнесін ғалымдар отбасы қамқоршысы Ұмай-ана бейнесімен байланыста қарайды. Дастандағы мәліметтерді:
  1. Оғыз-түрікмен эпосына негізделген (Оғыз бен оның ұрпақтарының жорықтары туралы аңыздар);


  2. Тарихи негізі бар, бірақ бізге аңыз күйінде жеткен (оғыз тайпаларының көшіп-қонуы, қоғамдық-әлеум. өмірі туралы деректер);


  3. Оғыз елінің көрші тайпалармен, тайпа бірлестіктерімен қарым-қатынасы жайлы аңыздар деген топтарға бөлуге болады.


«Оғызнама» – тарихи әрі әдеби ескерткіш. Онда түркі халықтарының көптеген аңыз әңгімелері көрініс тапқан. Оғыз төңірегіндегі Қыпшақбек, Қалаш, Қанғалық, Қаңлы, Қарлық, Сақтаб тәрізді есімдердің қазақ ру-тайпа атауларымен сәйкестігі дастанның қазақ ертегілерімен, эпостық жырларымен этностық жағынан жақындығын айқындай түседі. ’Оғыз-наме’’-түркі тектес халықтардың ежелгі шежіресін генеалогиялық аңыздар негізінде көркем тілмен баяндайтын эпостық шығарма. Соның өзінде, шығарманың сюжеттік желісі жеке ру-тайпалар шежіресіне негізделген емес. ‘’Оғыз-намені’’-әрі көркем, әрі тарихи туынды деуге болады.


‘’Оғыз-намеде’’, негізінен, Оғыз қағанның әскери жорықтары, батырдың қан майдан соғыстағы ерлік істері мадақталады. Шығарманың негізгі идеясы-елді ауызбірлікке, ерлікке, адамгершілікке үндеу, халықты сыртқы жауға қарсы күреске шақыру.Бұл көркем туындының ауызша тараған нұсқалары негізінде кейінірек қайта жазылған екі түрлі нұсқасы бар. Бірі – ұйғыр әрпімен көшіріліп жазылған. ‘’Оғыз-наме’’ жырының осы нұсқасы Париждің ұлттық кітапханасының қорында сақталып келеді. Ал, екіншісі-араб әрпімен жазылған. Оғыз батыр туралы аңыздардың араб әрпімен жазылған нұсқасының авторы-атақты тарихшы, белгілі әскери қолбасшы, Хиуаның ханы Әбілғазы бин Араб Мұхаммедхан (1603-1663ж.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет