Таразы және онымен жұмыс жүргізу
Химиялық зертханада жиі қолданылатын таразымен жұмыс істеу тәртібін білу қажет. Әдетте, жуықтап өлшеуге арналған таразы, технохимиялық және аналитикалық таразылар қолданылады, жуықтап өлшеуде 1-2 г айырмашылық болады, ал техникалық таразыда массаны 0,01 г дәлдікпен өлшейді. Қобдишаға салынған гірлер жиынтығын (қатарын) ұсақ гірлер деп атайды. Әр түрлі таразыларға әр түрлі гірлер қолданылады. Гірлерді таразыға салғанда және алғанда арнайы пинцетпен ұстайды. Бір заттың массасын білу үшін оны таразының сол жағындағы табақшаға қояды. Алғашқыда ірі гірлер, сонан соң таразы тепе-теңдікке келгенше кішісін қояды. Затты ыдысқа немесе қағазға өлшеген жөн. Өлшеуді бастағанда, таразы дұрыс істеп тұрғанына көз жеткізу керек. Ол үшін арретирда төмен түсіріп стрелканың "0"-ден ауытқуын байқау керек. Егер таразы дұрыс істеп тұрған болса, ол стрелка шкала бойынша солға және оңға бірдей ауытқиды.
Егер таразы дұрыс істемесе, оны дұрыстау үшін жоғарыдағы бір қосымша винттерді бұрау керек. Таразы дұрыс істеп тұрғанына көз жеткізген соң өлшеуді бастауға болады. Өлшенетін затты сол жақтағы табақшаға салады, ал гірлерді оң жакқа қояды, ұсақ гірлерді алғанда және салғанда арретир жабулы болуы керек, табақшалар қозғалмай тесікте тұрған күйінде таразы арретирленген деп аталады. Гірді қойғаннан кейін, арретирді қайта қояды да, келесілерді салады, сөйтіп тепе-теңдікке келтіреді. Стрелка екі бағытта бірдей қозғалса өлшеуді тоқтатута болады. Массаны жазып алады. Өлшегенде мына ережелерді сақтау керек:
1.Егер техникалық таразы бұзылған болса зертхана қызметкеріне айту керек.
2.Таразы табақшасына ыстық, сулы және кір ыдыстарды қоюға болмайды. Сұйық затты өлшегенде, ол таразыға және гірлерге тимеуін қадағалау керек.
3.Басқа қобдишадан гірді алуға болмайды. Егер өлшенетін гірлер жетпесе, ереже дұрыс сақталмағаны.
4.Егер бір зертханалық жұмыста бірнеше рет өлшеу жүрізілсе бір таразымен және бір гірлермен пайдаланған дұрыс.
5.Өлшеп болған соң таразыны тазартып кету керек.
6.Жұмыс біткен соң таразыны, гірлерді тексеріп, таразыны арретирлеп, жұмысқа қоспаған күйде қалдыру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |