Қыздыру аспаптары
Қыздыру үшін зертханада әр түрлі аспаптар қолданылады: спиртовка, газ, электр плиталары және т.б.
Спиртовка әдетте шыныдан жасалған қақпағы бар ыдыс. Оларға денатурат спирт құйылады және білтесі болады. Шамның жалыны онша ыстық емес, спирт ұшпас үшін жұмыс біткеннен соң спирт шамын қақпағымен жабу керек.
Химиялық ыдыстар және оларды пайдалану тәртібі
Химиялық тәжірибелерді жүргізу үшін химиялық шыныдан жасалған ыдыстар қолданылады, олар температураның өзгерісіне төзімді. Көбірек қолданылатын ыдыстарға: сынауықтар, стақандар, колбалар, конус тәрізді және Вюрц колбасы, реторталар жатады. Шыны ыдыстарға кристализатор, түрлі воронкалар, сағат шынысы, аллонж жатады. Фарфор табақшалар, тигельдер қолданылады.
Шыны ыдыстарды (реторта, сынауық) қыздырғанда ұстатқышты қолданады. Фарфор тигельде затты күшті қыздыру үшін сымнан жасалған фарфор түтікшелері бар үш бұрыш қолданылады. Қатты заттарды ұсату үшін қалың қабырғалы фарфор ыдыс, келі және келсап қолданылады. Сұйықтық көлемін өлшеу үшін өлшеуіш ыдыстар: колба, цилиндр және мензуркалар пайдаланылады. Өлшеуіш колбалардьң мойнында белгісі бар, олардың көлемі әр түрлі 2л, 1л, 500 мл, 250 мл, 200 мл, 100 мл, 50 мл, 25 мл болуы мүмкін. Сұйықтықтың белгілі көлемін өлшеп алу үшін пипеткалар қолданылады.
Химиялық ыдыстарды таза ұстау үшін "ерш" деп аталатын әр түрлі щеткалар пайдаланылады. Ыдыстарды кептіру үшін шкафтар немесе кептіргіш тақта пайдаланылады.
Зертханада ыдыстарды тығынмен жабу керек. Әдетте үш түрлі тығындар пайдаланылады: ағаш қабығынан жасалған, резина және шыны тығындар. Әр ыдысқа тығын дайындау керек. Қабық (ағаш) тығынның сәл үлкендеуін алып, арнайы преске салып, қысып кішірейтіп нығыздап алады. Тығындарды жуып, таза ұстау керек. Резина тығындар тығыз, ыдысты жақсы жауып тұрады, бірақ резинаға бензин, бензол, ацетон, күкіртті көміртек, күшті қышқылдар (әсіресе күкірт және азот қышқылдары) әсер етеді. Аталған заттар бар ыдыстарды жабу үшін резина тығындарды қолдануға болмайды. Кейде тесілген тығындар қажет болады. Тығынды тесу үшін арнайы бұрғылар және бұрғы станок қолданылады. Шыны тығындар сирек пайдаланылады.
№2 зертханалық жұмыс. Бейорганикалық қосылыстардың алыну жолдары және олардың жалпы қасиеттері.
Жұмыстың мақсаты. Бейорганикалық қосылыстардың негiзгi кластары, оларды алу жолдары, химиялық қасиеттерiн зерттеу.
Достарыңызбен бөлісу: |