Тақырып 9: Коммерциялық банктер.
Дәріс мақсаты: Коммерциялық банктердің мақсаттарын, операцияларын білу.
1.ҚР екінші деңгейлі банктердің жалпы сипаттамасы
2. ҚР екінші деңгейлі банктердің әрекет етуінің заңнамалық негізі.
3. ҚР екінші деңгейлі банктердің құрылу ерекшеліктері
1 сұрақ.
Банк жүйесін ұйымдастыру белгілеріне қарай филиалсыз банктерге, бөлімшелері бар банктерге және банктік топтарға бөлуге болады. Ұлттық банктің рұқсатымен банктер ҚР-сы аумағында және одан тысқары жерлерде банктерін аша алады, ал өздерінің өкілеттілігін – Ұлттық банкінің келесі бір хабарлауымен ашады.
Банк филиалы - бұл бас банктің берген құқықтары шегінде банктік операцияларды жүзеге асыратын бактік мекеме. Банк филиалы заңды тұлға болып саналмайды, дербес балансы болмайдыжәне өзінің бас банкі берегне қаражаттар мен өкілеттіліктер шегінде қызмет етеді.
Банк өкілдігі – депозит тартудан басқа белгілі бір банктік операцияларды орындайтын және өз атына, банктің тапсырмасымен жұмыс жасайтын заңды тұлға болып табылмайтын, құрылымдық бөлімше.
Достарыңызбен бөлісу: |