Лекция мәтіні: 1.Кез келген жүйе барлық қажетті элементтер мен қажетті порцияларды қамту керек, онда олар өзара әрекеттесіп, бір-бірін толықтыруы қажет, әдеттегіше, бір жүйе өзінен де ауқымды басқа жүйеге енеді.
Банк жүйесіне бұл принциптердің де тікелей қатысы бар. Мәселен, кез келген елдің банк жүйесінде оның негізгі элементтері кездеседі: әр түрлі тұрпаттағы банктер, банктік емес мекемелер, банктік инфроқұрылым, банктердің бірлестігі және т. б.
Бұл элементтер бір-бірімен өзара әрекеттеседі, бір-бірін органикалық тұрғыдан толықтырады және белгілі бір тұтастықты құрайды.
Банк жүйесі құрамдық бөлік ретінде үлкен жүйе – елдің кредит жүйесіне кіреді. Ал, кредит жүйесі елдің экономикалық жүйесіне кіреді. Сол себепті де банктің қызметі мен дамуын қоғамның ұдайы өндірістік процесі мен тығыз байланыстырып қарау қажет. Банктер мен банк жүйесі өзінің нақты қызметінде бюджеттік-салықтық және басқада жүйелер мен өзара тығыз әрекеттесіп, экономикалық өмірді басқарумен реттеудің жалпы тетігі мен шектеліп, сабақтасады.
Банк жүйесі белгілі бір өзгешеліктер мен белгілерге ие. Бұл турасында Ақша, кредит, банктер (жалпы редакциясын О. И. Лаврушин басқарған, М, : Ф. Және С. 2002. 285-290 б.) оқулықта тиянақты баяндалған. Бұған қысқаша тоқталамыз. Сонымен, басқа жүйелерден айрықшалап көрсететін банк жүйесінің белгілері қандай:
1 Банк жүйесінің элементтері жоғарыда айтып кеткеніміздей, алғы шебін Орталық банк құрайтын нақты бірлікке бағына отырып өзара әрекеттеседі. Онда кездйсоқ элементтер болмайды.
2 Банк жүйесі өзінің құрамдық элементтерімен, олардың өзара әрекеті мен анықталатын өзіндік ерекшелікке ие. Онда елдің орталық белгілеген қосымша міндеттерді, ережені орындайтын өзіне ғана тән тетік жұмыс істейді.
3 Банк жүйесі элементтерді өзара алмастыруға қабілетті. Оны біртұтас ретінде және бір бүгінге бағынатын әр түрлі бөліктер рееінде көрсетуге болады. Бұл оның жекелеген бөліктерінің қажет болған жағдайда бір-бірін алмастыра алатындай етіп байланысқанын білдіреді. Мысалы, Жинақ ақша банкісінің депозиттік оаперацияларын коммерциялық банктер орындай қандайда банк банкротқа ұшыраса алады, ал ауылдық жерлерде бұл істі пошталық жинақ ақша жүйесіне сеніп тапсыруға болады.
Қандайда бір банк банкротқа ұшыраса да, банк жүйесі сақталып қалады.
Банк жүйесі динамикалық жүйе боллып табылады. Ол ұдайы даму, қозғалыс үстінде болады. Ол жаңа элементтермен, жаңа байланыстар мен толығуы мүмкін. Жаңа кредит түрлері мен қаржы институттары пайда болады.
Банк жүйесі «жабық» тұрпаттағы жүйе. Олардың тек өздеріне ғана тән, осы жүйеге ғана арналған өз тәртібі, ережесі, нұсқауы бар және банктің өз құпиялары болады. Алайда, оны толық мағынасында жабық деуге де болмайды, өйткені ол сыртқы ортамен, басқа жүйелер мен әрекеттеседі.
Банк жүйесі өзін-өзі реттейтін, «өзін-өзі ұйымдастыратын» жүйенің сипатына ие. Тұтастай алған да жүйе өзінің әрекет ету саясатын экономикалық, әлеуметтік, саяси ахуалдарға қарай өзгеріп отырады. Экономикалық дағдарыс орын алса оған өзінше саясат ұстанады, экономиканың тұрақты даму жағдайында басқа саясатты жүргізеді.
Банк жүйесі – басқарылатын жүйе. Ол арнайы банк заңдары мен әрекет етеді әрі реттеледі және орталық атқару немесе өкілетті органдарға бағынады.
Осы аталған белгілердің барлығы Қазақстанның банк жүйесіне тән. ҚР «Банктер мен банк қызметі туралы » заңында (3-бап) былайша жазылған:
Қазақстан Республикасы екі деңгейлі банк жүйесіне ие.
Ұлттық банк мемлекеттің орталық банкісі болып табылады әрі банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді.
ҚР Заң актілерімен анықталған айырықша құқықтық мәртебесі (статусы) бар Қазақстан даму банкісін қоспаған да барлық басқа банктер банк жүйесінің төменгі (екінші ) деңгейін білдіреді.
Шетелдік қатысушылар банкісі – екінші деңгейлі банк, меншілігінде және (немесе) басқаруында акцияның үштен бір бөлігіне ие: а) ҚР резидент еместер; ә) заңды тұлғалар – ҚР резиденттері, ҚР резидент еместердің меншігінде және (немесе) басқаруында 50%-дан астам акциясына ие (қатысушылардың салым ақшасы); ҚР резиденттері ҚР резидент еместердің (сенімді тұлғалардың) қаражатына.
Мемлекет аралық банк – халықаралық келісім шарттың негізінде құрылған әрі әрекет ететін банк.
2.Банк жүйесіне, сонымен бірге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктік емес жеке мекемелерде, сондай-ақ банк инфроқұрылымын қалыптастыратын әрі кредит институттарының өмірлік әрекетін қамтамасыз ететін кейбір қосымша мемлекеттерде кіреді.
Қазақстан банк жүйесінің құрылымы
|
саны
|
Ұлттық банк
|
1
|
Оның аумақтық органдары
|
16
|
Екінші деңгейлі банктер
|
35
|
Оның ішінде, коммерциялық банктер
|
34
|
Олардың ішіндегі шетелдік қатысушылар банкісі
|
6
|
Мемлекеттік банк
|
1
|
Шетелдердің еншілес банктері
|
9
|
Шетелдік банктердің өкілі
|
17
|
Қазықстан даму банкісі
|
1
|
Екінші деңгейдегі банктердің филиалдары
|
398
|
Есеп айырысу-кассалық бөлімдері
|
1148
|
Аудиторлық ұйымдар
|
26
|
Жеке тұлғалардың депозитін кепілдендіретін қор
|
1
|
Ипотекалық кредитті сақтандыру
|
1
|
Кредит бюросы
|
1
|
Банктің атқаратын қызметтері мыналар:
Уақытша бос ақша қаражатын тарту, жинақтау және оны қарыз капиталына айналдыру.
Кәсіпорындарға, мемлекетке, жеке адамдарға несие беру, бағалы қағаздармен операция жүргізу.
Ақша айналымын реттеу. Банк - әртүрлі шаруашылық субьектілерінің төлем айналымы жүретін орталық.
Айналымға несие құралдарын шығару. Банк клиентін тек жинаған уақытша бос ақша қаражатымен несиелеп қоймай, сонымен қатар депозиток чектерді, вексельдерді шығаруменде несиеленді.
Экономикалық және қаржылық кеңес беру.
Орындайтын айрықша қызметтеріне байланысты банктер: эмиссиялық және эмиссиялық емес болып бөлінеді.
Эмиссиялық банк – ол айналысқа ақша белгілерін эмиссиялауға (шығаруға) құқы бар, әдетте, орталық банк. Әр мемлекеттерде орталық банк әр түрлі аталады. Мыс: бұрынғы КСРО да ол мемлекеттік деп., ал қазіргі Қазақстанда – Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі деп. аталады.
Мемлекеттегі басқа банктердің барлығының да ақша белгілерін шығаруға құқығы жоқ эмиссиялық емес банктер. Олар коммерциялық, ипотекалық және т.с.с. банктер.
Инвестициялық және иновациялық банктердің 2 түрі де ұзақ уақытта ақша қаражатын шоғырландырумен маманданады, яғни олар облигация, акция және басқа бағалы қағаздар шығару арқылы ақша қаражатын, кейін ұзақ мерзімге қарызға береді. Инвестициялық банктер кәсіпкерлерге қарыз берсе, ол инновациялық банктер технологиялық жаңалықтарды өңдеуді және оны несиелеуді игереді.
Ипотекалық банктер - жерді және жылжымайтын мүліктерді капілдікке алып, ұзақ мерзімге несие береді. Олар ипотекалық облигация, акция және басқа бағалы қағаздарды сату, арқылы ақша жинақтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |