Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық


«Жаратылыстану» пәні бойынша оқу бағдарламасының бөлімдері



Pdf көрінісі
бет13/68
Дата06.02.2022
өлшемі0,84 Mb.
#80052
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   68
Байланысты:
pdf1537978379
Дәрілік өсімдіктер, sro(20170512-17855) (1), бала даму картасы 2021, 21858P (1)
«Жаратылыстану» пәні бойынша оқу бағдарламасының бөлімдері
Жаратылыстану ғылымы бойынша білім беру кіші мектеп жасындағы оқушылардың 
табиғи білімқұмарлығының дамуына, әлем жайлы ой-өрісінің кеңеюіне, ғылымды түсінудің 
және қоршаған ортаны тұтастай қабылдауының дамуына, қоршаған ортаны қорғау және 
бағалай білу біліктерінің дамуына көмектеседі.
Бастауыш мектепте «Жаратылыстану» пәнінің оқу бағдарламасы зерттеу, ойлау, 


15 
коммуникативтік дағдылар мен біліктіліктер негіздерінің қалыптасуына бағытталған: 

гипотеза құру және оларды тексерудің жолдарын ұсыну, эксперимент арқылы алынған 
нәтижелер негізінде қорытынды жасау; 

мәселені анықтау, сұрақтарды дұрыс құру, зерттеу жұмысының жоспарын құру, 
бақылау, эксперимент жүргізу, зерттеу жұмысының нәтижесін бағалау және сипаттау
пайымдау, қорытынды шығару; 

БАҚ хабарламалары мазмұнындағы, Интернет ресурстарындағы, ғылыми-көпшілік 
әдебиеттердегі ғылыми ақпараттармен жұмыс: іздеу әдістерін игеру, ақпараттың мағыналық 
негізін айрықшалау және ақпараттың растығын бағалау; 

жанды және жансыз табиғаттағы үдерістердің сипатын, экожүйе компоненттерінің өзара 
байланысын, адам әрекетінің қоршаған тигізетін әсерін анықтауға көмектесетін қарапайым 
эксперименттер мен бақылаулар жүргізу;

өзіндік қарапайым зерттеулердің қорытындыларын түрлі формада ұсыну

жаратылыстану ғылымы саласындағы маңызды жетістіктердің қолданбалы мәнін 
түсіндіру. 
Бастауыш сыныптағы «Жаратылыстану» пәні бойынша оқу бағдарламасының мазмұны 
«Мен зерттеушімін», «Тірі табиғат», «Заттар және олардың қасиеттері», «Жер және ғарыш», 
«Табиғат физикасы» бөлімдерінен тұрады және негізгі мектепте «Биология», «География», 
«Химия», «Физика» пәндерін оқытудың негізін қалауға, алған білімдерін күнделікті өмірде 
(үйде, мектепте, табиғат әлемінде) кездесетін табиғат құбылыстары мен үдерістерін түсіндіру, 
сипаттау, болжау үшін қолдану білігін дамытуға бағытталған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет