Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық


Спиральді оқу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет15/68
Дата06.02.2022
өлшемі0,84 Mb.
#80052
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   68
Байланысты:
pdf1537978379
Дәрілік өсімдіктер, sro(20170512-17855) (1), бала даму картасы 2021, 21858P (1)
Спиральді оқу бағдарламасы 
Спиральділік қағидаты бойынша құрылған оқу бағдарламасы Джером Брунердің «
Білім 
беру үдерісі
» (1962) атты еңбегінде қарастырылған танымдық теорияға негізделеді. Оның 
пікірінше, ең күрделі материалдың өзі дұрыс құрылымдалып, дұрыс ұсынылатын болса, оны 
тіпті кішкентай балалар да түсіне алады. Сонымен қатар, «жұмыстау негізіне баланың 
бұрынғы өз тәжірибесі перне қоры, мағлұматы салынып, дәл айтқанда, балаға танымал жақын 
нәрседен басталғаны» (Ж. Аймауытұлы, 1929) абзал. 
Брунер адамның танымдық қабілеті шартты түрде бөлінген үш сатыдан тұрады деп 
тұжырымдайды:
-
белсенді (жұмыс үдерісінде білім алу); 
-
бейнелік (суреттер мен бейнелердің көмегімен білім алу); 
-
таңбалық (сөздер мен сандардың көмегімен білім алу). 
Бұл спиральді оқу бағдарламасы тұжырымының дамуына себеп болған. Джером 
Брунердің жұмысына негізделген спиральді оқу бағдарламасының негізгі ерекшеліктері: 
-
оқушы мектепте оқыған кезде тақырыпты немесе пәнді бірнеше рет қайталап оқиды; 
-
әрбір қайталап оқыған сайын тақырыптың немесе пәннің күрделілігі арта түседі; 
-
жаңа білім алдыңғы біліммен тығыз байланысты және бұған дейін алынған ақпарат 
тұрғысынан қарастырылады. 
Спиральді оқу бағдарламасын жақтаушылар оның төмендегідей басымдықтарына 
назар аударады: 
-
оқушы пәнді қайталап оқыған сайын ақпарат толықтырылып бекітіліп отырады; 
-
спиральді оқу бағдарламасы қарапайым идеялардан анағұрлым күрделі идеяларға 
қисынды жолмен ауысуға мүмкіндік береді; 
-
оқушыларды межеленген оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін бұрын алған 
білімдерін қолдануға жетелеу ұсынылады. 
Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында әзірленген оқу бағдарламалары 
оқушылардың бір сыныптан екінші сыныпқа өтуі кезінде білімі мен дағдылары қайталанып, 
одан әрі дамытылып отыратын спиральді оқу бағдарламасы моделіне негізделген. Оқу 
үдерісінің алға ілгерілеуі айқын көрінуі үшін, оқу мақсаттары өзара тоғысқан бөлімдер мен 
бөлімшелерге топтастырылған. Оқушылардың сыныптан сыныпқа көшу барысында алға 
ілгерілеуіне орай, олар өздерінің дағдыларды меңгеріп, түсінуіне анағұрлым сенімді бола 
түседі.
Сыныптан сыныпқа өткен кезде алға жылжу арқылы оқушылар оларға дүниетанымдар 
аясын кеңейтуге көмектесетін, оларды қалай және неліктен пайдаланатыны тұрғысынан 
мойындап және бағалап, олар сүйенуі мүмкін дереккөздер аясын кеңейтуге көмектесетін, 
көбірек тәжірибе мен терең білім алады. Жасы мен тәжірибесі де оқу үдерісінде дербес 
шешімдер қабылдауға жағдай жасайтын болады. Мысалы, бастауыш сыныптағы 
математикасының спиральді оқу бағдарламасындағы
сандарды оқу, жазу және салыстыру
бойынша ілгерілеуді оқу мақсаттарының жүйесінен оңай көруге болады (3-кесте): 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет