Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық


Оқушылардың жас ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет24/54
Дата12.09.2022
өлшемі0,53 Mb.
#149286
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   54
Байланысты:
1541881748 (1)
2 Физика 9- сынып Рентген сәулелері саба жоспары (1), 1516596066288, osh sor geografija 9-klass kaz, ТАҚЫРЫП, test base 294, test base 294
Оқушылардың жас ерекшеліктері
Негізгі орта білім беру деңгейіндегі жаратылыстану және география мұғалімдерінің 
қызметіндегі маңызды аспекті оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру болып табылады. 
Мысалы, 5-6-сынып оқушыларының теориялық ойлау қабілеті даму сатысының бастапқы 
деңгейінде болады, сондықтан оларға жаңа ұғымдар мен тапсырмаларды шамадан тыс көп 
берудің кері әсері болуы мүмкін. Жаңа ғылыми терминдерді түрлі тәжірибелік жаттығулар 
барысында оқушылардың жалпы түсініктеріне негіздей отырып, бірте-бірте енгізу қажет. 
Оқушы берілген тапсырманы өздігінен орындай алмайтын жағдайда оған көмектесіп, 
қолдау көрсетудің маңызы зор. Осындай «ашық» көмекті біртіндеп жанама көмекке 


28 
айналдыру арқылы мұғалімдер тапсырманы оқушының өздігінен орындауына мүмкіндік 
беруіне болады, бұл оқытудың дамытушылық сипатын көрсетеді. Мұғалімдер 5-6-сынып 
оқушыларынан өздерінің сыныптағы құрдастарын түсінуге қабілетті болуын және олармен 
тең құқықтық және төзімділік қағидаларына негізделе отырып, бірге оқып-үйренуін күтеді. 
Бұл қабілет тұлғалық жекелену (децентрация) деп аталады және ол өзге мәдениетті, басқа 
көзқарасты адамдарды түсінуге жағдай жасайды. 5-6-сыныптарда сабақта тиімді диалог 
құру арқылы оқушылардың осындай дағдыларын дамытып, нығайтуға болады. Бұл 
қабілетті дамыту әбігерлікті қолдамайды, керісінше сабырлылық пен әдептілікті қажет 
етеді. Бұл жерде мәселе сабақта оқушыларды түрлі көзқарастарды қабылдауға үйрететін 
оқу ортасын қалыптастыру туралы болып отыр.
7-9-сынып оқушылары үшін оқу басты міндет болып табылады. Психологтердің 
айтуынша, жасөспірім шақта даму өте қарқынды жүреді, сол себепті оқушылардың екі жас 
топтарын ажыратады: 13-15 және 16-17 жас аралығы (Титова И.М., 2002). Орта мектептегі 
7-11-сынып оқушыларының зияткерлік өрісінің даму ерекшеліктері оқушылардың, әсіресе, 
география пәні үшін маңызды болып табылатын зияткерлік қалыптасу ерекшеліктерін 
ерекше атап өтуге мүмкіндік береді. 7-8-сынып оқушыларының теориялық ойлауға 
дайындық деңгейіне жасалған сараптамалар көптеген оқушылардың ойша ойлау (ойша 
әрекет жасау) қабілеттерінің қалыптаспағанын көрсетеді және кейбір оқушыларда оны 
қалыптастыру үшін қажетті бастапқы алғышарттарының да жоқ екені белгілі болған. Ойша 
ойлау қабілеті деп нақты жағдайларды көрнекі схемалық бейнелермен немесе символдық 
белгілер арқылы алмастырып, жанама басқаруды айтамыз. Бұл қабілет түсініктік теориялық 
ойлау қабілетін дамытудың ең маңызды сипаттарының біріне жатады. Оның 
қалыптасқандығы география және жаратылыстану пәндерін оқуда зор маңызға ие, себебі 
бұл пәннің мазмұны сезім арқылы қабылдауға келмейтін заттардың (дүниенің 
географиялық көрінісін, табиғаттағы құбылыстарды) шартты алмастырушыларымен 
жұмыс істеуді қажет етеді. Осылайша, оқушыға географиялық нысандарды белгілі бір 
таңбалармен белгілеуді ұсынғанда, біз оқушылар шынайы объектілерді абстрактілі 
объектілермен ауыстырып әрекет етеді деп болжаймыз. Бірақ бұл кейбір оқушылар үшін 
қиын тапсырма болуы мүмкін. Оқушылардың символдармен және абстрактілі ұғымдармен 
ойлау дағдыларының әртүрлі деңгейде болуы пәндік оқу мақсаттарын саралау қажеттілігіне 
алып келеді, сондай-ақ географияның бастапқы курсын үйренуді жоспарлауда осыған мән 
берудің қажеттігі туындайды. 
9-сыныпта жасөспірімдердің зияткерлік дамуында маңызды қалыптасулар орын 
алады, оларда ұғымдық, теориялық ойлаудың дамуы бойынша оң өзгерістер байқалады. 
Олардың ойша әрекет ету қабілеттері, жалпылау дағдылары қарқынды дамиды және олар 
төменгі сынып оқушыларына қарағанда есте сақтаудың логикалық амалдарын кеңінен 
қолданады.
10-сыныпта оқушылардың аналитикалылық, саналылық, дәлелділік, ой тереңділігі 
сияқты ойлау дағдыларының дамуында айтарлықтай алға жылжу байқалады. Олардың 
логикалық есте сақтау нәтижелілігі механикалық есте сақтау әрекеттеріне қарағанда 
айтарлықтай деңгейде арта түседі.
11-сынып оқушыларының жалпылауға, зерттеліп отырған объектілердің егжей-
тегжейлі сипаттамасын құруға бейімділігі артады. Олардың рефлексиялық ойлау 
қабілеттері және өз әрекеттерін саналы түрде бағалау деңгейі өсе түседі. Сонымен қатар 
жалпылау, баламаларын құрастыру, болжамдар жасау және оқу барысында алған білімін 
өмірде қолдану дағдылары жоғары деңгейде дамиды.
Оқуды ұйымдастырудың психологиялық әдістемелік тәсілдемелері (яғни 
оқушыларды түрлі деңгейдегі танымдық қызметке тарта отырып, мұғалім мен оқушы 
арасында «субъект пен субъект» түріндегі қарым-қатынасын ұйымдастыру) оқу-тәрбие 
үдерісінің оқушылардың оқуға деген ішкі уәжінің қалыптасуы мен дамуы, оқу үдерісінде 
жағымды эмоционалдық ахуалдың орнығуы, оқушылардың қорқыныш сезімінен арылуы, 
оқушылардың жетістікке жету уәжінің дамуы және өзін-өзі бағалауы сияқты кең ауқымды 


29 
психологиялық аспектілерді есепке ала отырып, мақсатты әдістемелік тәсілдер мен оқыту 
технологияларын пайдалануды ұсынады. Психологтердің зерттеу нәтижелеріне сәйкес, 
мұғалімдер пәндерді оқытуда оқушылардың жас ерекшеліктерін есепке алу арқылы сабақта 
оқушылардың танымдық дамуын ұйымдастырудың тиімді тәсілдерін таңдайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет