Білім беру бағдарламасы nis-programme «Физика» пәні бойынша оқу жоспары


(I) Оқушылар видеокөрсетілім арқылы салыстырмалы қозғалыс ұғымын қарастырып, талдау жасай алады. Е/ G)



бет12/57
Дата07.02.2022
өлшемі454,56 Kb.
#91496
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   57
Байланысты:
Оқу жоспары Физика 9 сынып 5 нұсқа маусым 2018

(I) Оқушылар видеокөрсетілім арқылы салыстырмалы қозғалыс ұғымын қарастырып, талдау жасай алады.
Е/ G) Оқушыларға салыстырмалы қозғалыс жылдамдығын толық түсіну үшін қозғалмайтын және қозғалыстағы координаттар жүйесі үшін дене жылдамдығын анықтауға болатын интерактивті тәжірибені орындауды ұсыныңыз.
(G f) оқушыларға салыстырмалы жылдамдықты анықтауға берілген есептерді орындауды ұсыныңыз.



Оқушыларға екі дененің координаталарының уақытқа тәуелділік графиктері арқылы кездесу орны мен уақытын анықтауға тапсырмалар ұсынуға болады.

Тапсырмада түрлі санақ жүйелеріне қатысты болуы мүмкін, бірінші дененің екінші денеге қатысты немесе екінші дененің бірінші денеге қатысты салыстырмалы жылдамдығын анықтауға, ең қысқа қашықтықты анықтауға есептер беруге болады.





Бірқалыпты түзусызықты қозғалыс видеосы: https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/mexanika/kinematika/lesson/birqalypty-zhane-birqalypty-emes-qozhalystar
Салыстырмалы қозғалыс:
https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/mexanika/kinematika/lesson/birqalypty-zhane-birqalypty-emes-qozhalystar интерактивті тәжірибе:
http://somit.ru/mehanika.htm
Есептерді іріктеу:
http://www.physbook.ru




9.2.1.1 - орын ауыстыруды, жылдамдықты және үдеуді сипаттаудың графиктік әдістерін қолдану
9.1.1.4 - нәтижеге болжамалы баға беру

(G) Оқушыларға қозғалатын объектілердің бейнелерін көрсететін карточкалар жинағын ұсыныңыз. Содан кейін, оқушылар оларды жылдамдық мәндері бойынша кему ретімен орналастыра алады..
(Tf) Мұғалім оқушылармен жылдамдық, ара қашықтықтық, орын ауыстыру,үдеу және олардың мәндері мен өлшем бірлігі жөнінде және жылдамдық пен үдеуді қалай есептей білу қабілеттерін анықтау мақсатында ауызша тест жұмысын ұйымдастыра алады.
(Е) Егер осындай ұқсас эксперимент 7-сыныпта орындалмаған болса, онда оқушылар секундомер ұстап бір- бірінен 1 м арақашықтықта аулада немесе дәлізде қатар түзейді. Бір оқушы оқушылар қатары арасымен жүреді, барлық оқушылар өз секундомерлерін қосады және оқушы бірінші адамның жанынан өткен кезде ол адам өз секундомерін өшіреді осылайша екінші, үшінші т.с.с әр адам тұсынан өткенде секундомерлерін тоқтатады. Оқушылар ара қашықтықтың уақытқа тәуелділік графигін тұрғызады. Осы экспериментті жүгіру және жүрумен, тоқтау және жүгіруді алмастыра отырып қайталаңыз.
Осы кезеңде оқушылар қозғалыс жылдамдығының орташа мәнін есептей алады.
Егер деректерді тіркеу құрал-жабдығы қолжетімді болса, тиісті эксперименттер үшін оқыту ресурстарын қараңыз.
(G) Кестелерді әзірлеу және түсіну үшін мұғалім оқушыларға, орын ауыстыру-уақыт, жылдамдық-уақыт, үдеу-уақыт графиктерін көрсете отырып, екі айнымалы арасындағы тәуелділікті көрсетеді. «Қозғалыстағы адамның» онлайн – симуляция модельдеуін пайдалануға болады.
(If) Оқушылардан қала ішіндегі әртүрлі жылдамдықпен немесе бағдаршамда тоқтап және қозғалысты одан әрі жалғастырған автомобильдің қозғалысын сипаттауды және ара қашықтық- уақыт, жылдамдық-уақыт бойынша графигін тұрғызуды сұраңыз.
Мұғалім оқушыларға маятник тербелісін көрсету арқылы оқушылардан ара қашықтық-уақыт, жылдамдық-уақыт, ал кейбір қабілетті оқушылардан үдеу-уақыт графиктерін тұрғызуды сұрай алады.
(W f) Терминдерді дұрыс түсінгендерін көрсету бағытында өз бетімен тапсырмалар орындауды сұраңыз.

Тапсырмалардың көпшілік бөлігі түзу сызықты қозғалысты қарастырады, сондықтан векторлық және скалярлық жылдамдықтар мәні ұқсас болады. Дегенмен, оқушылар скалярлық және векторлық жылдамдық, орын ауыстыру және жол сияқты шамалар арасындағы айырмашылықты түсінулері керек. Ол үшін мысалдар келтіру қажет: мысалы, оқушыдан скалярлық және векторлық жылдамдықты, сондай-ақ ол өтетін арақашықтық пен орын ауыстыруды сипаттай отырып, бөлме ішінде жүруді сұраңыз.
Оқушылар векторлық жылдамдыққа мысал келтіре алатындығын және арақашықтықтың уақытқа немесе жылдамдықтың уақытқа тәуелділік графиктері бойынша түзу сызық бөліктерінде не болатындығын сипаттай алатындығына көз жеткізіңіз.

Оқушылар кемімелі және үдемелі қозғалыс арасындағы айырмашылықты ұғынуы тиіс.





Деректерді тіркеумен орын ауыстырудың қарапайым тәжірибелері:
http://www.nuffieldfoundation.org/practical-physics/simple-motion-experiments-datalogger
Әртүрлі өндіріс деректерінің тіркеушілері қолжетімді, мысалы:
http://www.pasco.com/physhigh/force-and-motion/index.cfm
орын ауыстыруға арналған қарапайым эксперимент.
http://www.nuffieldfoundation.org/practical-physics/simple-motion-experiments-datalogger
әртүрлі өндірістегі қол жетімді тіркеушілер:
http://www.pasco.com/physhigh/force-and-motion/index.cfm
Қозғалыстағы адамды модельдеу:
http://phet.colorado.edu/en/simulation/moving-man
Оқушыларға терминдерді түсінуге арналған интерактивтік бақылау жұмысы :
http://dev.physicslab.org/Document.aspx?doctype=5&filename=Kinematics_UniformAccelerationVelocityTimeGraphs1.xml




9.1.1.2 - SI негізгі өлшем бірліктерін пайдалана отырып, физикалық теңдеулерді тексере білу;

9.1.1.6 - бақылау натижелері бойынша өз пікірлерін жеткізеді



(T) Оқушыларға v= u +at екендігін көрсетіңіз. Содан кейін, өткен арақашықтық (u+v)/2 орташа жылдамдықтан анықталады деген идеяны пайдалана отырып басқа теңдеулерді енгізіңіз.
7 сыныпта қарастырған жүрілген жолды жылдамдықтың уақытқа тәуелділік графигінен түзумен шектелген фигураның ауданы ретінде қарастыруға болатынын қабілетті оқушылар есте сақтауы мүмкін.
Нұсқа ретінде жылдамдық-уақыт графигінің облысына 7 сыныпта өткен арақашықтық енгізілді және оны кейбір қабілетті оқушылар еске салуы мүмкін.

(G) Кинематикалық теңдеудің екі жағының да өлшем бірлігі бойынша біртектілігін тексеруге арналған тапсырмаларды құрастыруға беруге болады. Сонымен қатар оқушылар білетін өзге де формулаларды қолдануға болады. (ХБЖ-дегі негізгі өлшем бірліктерді қараңыз)

(G)Теңайнымалы қозғалыстың үдеуін зерттеуге арналған зертханалық жұмысты орындайды. Орын ауыстырудың және жылдамдықтық уақытқа тәуелділік графиктерін тұрғызады, есептеу нәтижелерін теориямен және бірқалыпты қозғалыс графигімен салыстырып қорытынды жасайды.



Оқушылар келесі теңдеулерді білу тиіс


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет