Білім беру бағдарламасы nis-programme «Физика» пәні бойынша оқу жоспары



бет13/57
Дата07.02.2022
өлшемі454,56 Kb.
#91496
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   57
Байланысты:
Оқу жоспары Физика 9 сынып 5 нұсқа маусым 2018

s = ½ (u+v)t
v = u +at
v2= u2 +2as
s = ut + ½ at2
Осы теңдеулер тек тұрақты үдеуге ғана қолданылады.
Үдеу нөлге тең болғанда, s = ut.
Оқушылар төмендегі формулаларды білу керек:
s = ½ (u+v)t
v = u +at
v2 = u2 +2as
s = ut + ½
Бұл формулалар теңүдемелі қозғалыс үшін қолданылады.Егер үдеу нольге тең болса, онда s = ut.Оқушыларға бұл формулаларды қорытып шығаруды білу міндетті емес.
Теңдеулердің екі жағы да бірдей негізгі өлшем бірліктерге ие болу керек. Негізгі өлшем бірліктер тек қана метр мен килограмм емес, сонымен қатар басқа да өлшем бірліктерді негізгі бірліктер көмегімен өрнектеуге болатын мысалдар қарастыуға болады.

Негізгі өлшем бірліктерге сілтеме:

http://physics.nist.gov/cuu/Units/units.html






9.2.1.3 – жылдамдықтың уақытқа тәуелділік графигінен жылдамдықты анықтау;

9.2.1.4 – үдеудің уақытқа тәуелділік графигінен үдеуді анықтау;


9.1.1.12 - y=kx+b (V = V0 + at) түріндегі тәуелділіктерді талдай білу;

(G) Оқушыларға тұрақты жылдамдықпен қозғалатын дене үшін арақашықтықтың уақытқа және тұрақты үдеумен қозғалатын дене үшін жылдамдықтың уақытқа тәуелділік графиктерін ұсыныңыз. Оқушылар y= kx+b сызықтық теңдеуінің графигін қолданып, әрбір график үшін жылдамдықтың, арақашықтық пен үдеудің сандық мәнін анықтайды.
Содан кейін, мұғалім графиктердің көлбеулері сәйкесінше жылдамдық және үдеу болып табылатындығын көрсете алады.
(I f) Оқушыларға бірнеше қозғалыс графиктері берілген тексеру парағын ұсыныңыз. Оқушылар графиктер арқылы жылдамдық пен үдеудің теңдеулерін жазуы тиіс. Сонымен қатар, бірнеше теңдеулер беру арқылы тиісті қозғалыс графигін тұрғызуға тапсырмалар ұсынуға болады.

Оқушылар үдеудің физикалық мағынасын түсінулері керек.

Оқушылар көлбеулік бұрышты анықтай алады, бірақ олар бірлік кесіндіні дұрыс таңдай алуы немесе жылдамдықтың өзгерісі ретінде вертикаль осьті дұрыс оқи алуы тиіс. Сонымен қатар миллиметр қағазға сантиметрдің нақты санын жазбауы тиіс.

Оқушылар арақашықтықтың уақытқа тәуелділік графигінде жалпы арақашықтық және жалпы уақытты емес, олардың өзгерістерін анықтап жатқандығына көз жеткізіңіз, сондай-ақ координаталардың басы арқылы өтпейтін бірнеше графиктерді ұсыныңыз.


Қозғалыс графиктері бойынша ВВС шағын тапсырмалары:
http://www.bbc.co.uk/schools/gcsebitesize/science/add_ocr_pre_2011/explaining_motion/describingmotionrev2.shtml




9.2.1.6 – түзу сызықты бірқалыпты, теңайнымалы қозғалыстағы дене үшін және гравитация өрісіндегі дененің еркін түсуі үшін кинематикалық теңдеулерді қолданып, есептер шығару;

(I f) Мұғалім оқушыларға тұрақты үдеумен қозғалыс үшін кинематикалық теңдеулерді қолдануға арналған сұрақтары бар сауалнама парақтарына жауап беруді ұсына алады.

Еркін түсу үдеуін 9,8 м /с2 тең деп алыңыз.

Көптеген сайттарда кездесу мүмкін болатын есептер мен мысалдар:
http://www.thealy.com/LCPhysics/mechanics/Motion_1.htm




9.2.1.7 - еркін түсу үдеуін анықтау бойынша тәжірибені сипаттау;
9.2.1.8 - градиентті анықтап, график тұрғыза білу;

9.1.1.5 - ғылыми идеялар, бақылаулар мен тәжірибенің нәтижелерін пайдалана отырып қорытынды жасау;





(E f) Еркін түсу үдеуін анықтайтын әр түрлі тәжірибелер бар. Ол тәжірибелердің екі мысалы оқу ресурстарында көрсетілген.
Оқушылар 1 м биіктіктен ауыр денені тастап, түсу уақытын белгілей алады. Талқылау барысында зерттеу жұмысын жақсартудың жолдарын соның ішінде уақытты дәл, нақты өлшеу үшін жарық шығарушы құралдардың қажет екендігін көрсетуі тиіс.
Кейін, оқушылар әртүрлі Н биіктікпен t түсу уақытын белгілеп, Н биіктіктің t2 уақыттың квадратына тәуелділік графигін тұрғызуларына болады. Графиктің көлбеулігі (градиент) g/2 құрайды.

Кинематиканы қамтитын кез- келген әдіс осы кезеңге сәйкес келеді, бірақ қарапайым маятниктің тербеліс периодын пайдаланбайды.

Оқушылар тәжірибелердегі қателіктердің себептері мен тәжірибені жетілдірудің жолдарын қарастырулары керек.



 Оқушылардың ауыр заттарды байқаусызда өздерінің аяқтарына түсіріп алмауларын қадағалау қажет.

Өлшеулерді жүргізу үшін қолданулары мүмкін g -діөлшеудің бейнебаяны: http://www.thealy.com/LCPhysics/mechanics/iSpring/g%20by%20freefall/index.html
Немесе
http://www.youtube.com/watch?v=wBIydqBHFes




9.2.1.9 - ауаның кедергісін есепке ала отырып, гравитация өрісіндегі дененің қозғалысын сапалы сипаттау;
9.1.1.11 - болжамды, аргументтер мен дәлелдерді алға жылжыту үшін ғылыми модельдер мен дәлелдерді пайдалану
9.1.1.10 - ғылыми идеялар мен дәлелдерді пайдалана отырып қорытынды жасау;


(T) Оқушыларға еркін түсудің бейне роликтерін көрсетіңіз және тарзанкамен (резеңке) секіруді немесе парашютпен секіруді өздері не болмаса таныстары орындап көргенін сұраңыз.
(D) Егер бейне немесе сандық камера болса, сіз денелерді бір уақытта лақтыра аласыз, ал бүкіл сынып лақтырылған денелердің қозғалысын зерттеу арқылы арқылы үдеудің қалай азаятындығына көз жеткізуге болады. Оқушылар ауа кедергісімен еркін түсу процесінде үдеудің азаюын көрсетудің бір нұсқасы ретінде стробоскоптық бейнелеудің видеоклипін көрсете алады.
(E) Оқушылар дененің түсу жылдамдығына қандай факторлар әсер ететіндігін (массасы, аудан, пішіні) болжай алады, мысалы массасы сондай, бірақ ауданы үлкенірек дене баяуырақ, ал ауданы сондай, бірақ массасы ауырлау дене жылдам түседі. Содан кейін тыныштық күйінен белгілі бір арақашықтықтан (шамамен 1.5м) қағаз конустың құлауына кеткен уақытты (мысалы, химиялық түтік үшін қағаз сүзгі) өлшей алады.
Конустың сыртқы сақиналарын біртіндеп кесе отырып, олардың қималарын конустың дәл ортасына ,ішіне еңгізе отырып конустың массасын емес ауданын өзгерте аламыз, содан кейін бірінші конустың ішіне екі немесе одан да басқа конустарды салып конустың ауданын емес массасын өзгертуге болады.
Оқушылар ауа кедергісі ұғымын пайдаларып өз идеяларын түсіндіреді; уақыттың өзгеруіне қарай конус жылдамдығы қалай өзгеретіндігін көрсететін графиктің біріктірілген жобасын жасайды және тәжірибені қалай жақсартуға болатындығы туралы ойланып, ұсыныс жасай алады.

Мұғалімдер неліктен векторлық жылдамдық ең соңында тұрақты болатындығын талқылайды және Ньютонның бірінші заңы кейінірек қарастырылатынына қарамастан, салмақ пен ауа кедергісі теңестірілетіндігі туралы идеяны енгізе алады.
Оқушылар еркін түсуді сипаттау үшін, жылдамдықтың уақытқа тәуелділік графигін тұрғызуды және «соңғы жылдамдық» терминін білулері тиіс.



Еркін түсу бойынша бейнебаяндар; олардың көпшілігі you tube сайттында бар, мысалы:
http://www.youtube.com/watch?v=go9uekKOcKM
Айдағы ауа кедергісіз еркін түсу үдеумен жылдамдықты салыстыруды жүргізуге болады:
http://www.youtube.com/watch?v=GdHlWp9k_sY
Құлайтын доптың стробскоптық бейнесін көрсететін видео:
http://www.youtube.com/watch?v=xQ4znShlK5A


\\\





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет