Физика, Негізгі мектеп, 9-сынып
9.2 А бөлім Динамика: деформация, күштер және Ньютонның қозғалыс заңдары |
Осыған дейін меңгерілген білім
|
Оқушылар 7 сынып курсынан Гук заңын, еркін түсу күйіндегі денеге әсер ететін күштерді графикалық түрде көрсетуді, серпімді деформацияны, сонымен қатар түзутеңдеуінің математикалық мағынасын білу қажет.
|
Контекст
|
Осы бөлім 7 сыныпта оқылған күштерге қатысты материалдарды тереңдетеді. Берілген материалды оқушылар 11 сыныпта салыстырмалы ұзару, Механикалық кернеу және Юнг модулін қарастыра отырып тереңдете оқиды. Бұл күштер бойынша негізгі идеяларды қарастыратын соңғы бөлім болып келеді. Берілген бөлім басқа сыныптарда қарастырылатын күштер туралы көптеген концепцияларды қамтиды..
Осы бөлімдегі орындауға міндетті зертханалық жұмыстар:
Ньютонның екінші заңын оқып-үйрену.
Серпімділік күшінің серіппенің созылуына тәуелділігін зерттеу
Сырғанау үйкеліс коэффициентін әр түрлі тәсілдермен анықтау
Ауырлық және серпінділік күшінің әсерімен дененің шеңбер бойынша қозғалысын оқып-үйрену
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |