(D) Мұғалім толқындарды сипаттайтын ұғымдарды түсіндіру үшін, толқындық қозғалыстың интерактивті моделін немесе бейнебаянды пайдалана алады.
(G) Оқушылар толқындық модельдеуден толқын жиілігі мен ұзындығын өлшей алады (толқын өшуін және оның аяқталуын пайдаланбай). Содан кейін олар толқын жиілігі мен ұзындығының көбейтіндісі fλ тұрақты болып табылатынын көрсете алады. Үлгерімі жақсы оқушылар f-тің 1/λ қатысты графигін салып, жиілік f толқын ұзындығына λ кері пропорционал екенін көрсете алады
(E) Оқушылар толқын жиілігі мен ұзындығы арасындағы қатынасты зерттеу үшін, арқан бойында пайда болатын көлденең толқындармен тәжірибе жасай алады.
(G/I) Оқушылар толқын теңдеуіне негізделген сұрақтарға жауап береді, содан кейін топта өз сұрақтарын жазады, оған басқа топтар жауап беретін болады. Мұғалім толқынның түрлері, жергілікті түрлі радиостанциялар пайдаланатын түрлі жиіліктер туралы мәліметтерді қамтитын ерекше сұрақтарды бағалай алады.
|
Оқушылар жиілік, толқын ұзындығы және амплитуда сияқты терминдерді білуі қажет және осы терминдерді көрсету үшін графиктерді оқи, сала алуы керек.
Мұғалім v = fλ қатынасын растай алады, бірақ оны білу оқушылар үшін міндетті болып табылмайды.
|
Толқынды модельдеу:
http://phet.colorado.edu/sims/wave-on-a-string/wave-on-a-string_en.html
Толқындар туралы интерактивті бейнебаян:
http://www.bbc.co.uk/schools/gcsebitesize/science/aqa_pre_2011/radiation/anintroductiontowavesact.shtml
тәжірибенің мәліметтері:
http://www.nuffieldfoundation.org/practical-physics/transverse-waves-along-rope
|
|
9.2.5.15 - көлденең және бойлық толқындарды сипаттау және салыстыру;
|
(D) Толқындық машиналарды, серіппелерді, жіпті пайдалану арқылы бойлық және көлденең толқындарды көрсету. Мұғалім оқушыларға көлденең және бойлық толқындарды сипаттау кезінде тербеліске қатысатын «бөлшектер» рөлін орындауды ұсына алады. (оқу ресурстарын қараңыз).
(G)Осы бөлімдегі негізгі кілттік сөздерге қатысты мынадай ойын түрін қолдануға болады: мұғалім алдын-ала сұрақтар дайындайды және қанша әріпке қатысты сөз болса, сонша орын қалдыра отырып, экранға шығарады.. Экранда техникалық терминде әріптер санына сәйкесетін сызықшалар санын қойыңыз. Топтар кезекпен әріптерді айтады немесе тұтас сөзді бірден табады. Топ егер сол тапқан сөздің мәнін айта алса, балл алады.
|
Көлденең толқындар ретінде су бетінде пайда болатын толқынды түсіндіру қабылданған. Су толқынының айналмалы қозғалысын түсіндірудің қажеті жоқ.
Көлденең толқындар энергияның орын ауыстыру бағытына тік бұрышпен бағытталған тербелістерді қамтиды (немесе толқындар). Бойлық толқындарда тербеліс энергия таралуының бағыты бойынша жүзеге асады.(немесе толқын)
Оқушылар әр толқын түрінің мысалдарын білуі керек.
Оқушылар сейсмикалық толқындардың түрлері және олардың әсерлері туралы жер сілкінісі кезіндегі бұзылулар мен тербелістің өшуін қарастырып, 9.3В бөлімінен оқып-үйрене алады.
|
«бөлшектер» ретінде оқушыларды пайдалану туралы демонстрацияның ақпараты:
http://www.nuffieldfoundation.org/practical-physics/waves-along-line-students
|
|
9.2.5.16 - қарапайым мысалдармен суперпозиция принципін түсіндіру және пайдалану;
|
(D) Мұғалім қарандашпен су бетінде шағын діріл тудыра алады және біріншіден әрі қарай басқа орында басқа дірілді бастай алады. Екі діріл бір- бірімен қиылысқаннан кезде оқушыларға не байқағандарын сипаттауды ұсынады.
(D/G) Мұғалім сілтемеде берілген интербелсенді модельді екі нүктелік көздерден пайда болған екі толқынның бір-бірімен беттескен кезінде не болатынын көрсету үшін пайдалана алады. Жиілігі пен амплитудасын өзгерте отырып, екі тамшыдан пайда болған толқындарды қарастырыңыз. Сонымен қатар толқындық машинаны да пайдаланып, су бетінде екі когерентті толқын көздерінен пайда болған толқындардың қабаттасуы кезінде пайда болатын интерференциялық суретті көрсету үшін пайдалануға болады.
(I) Мұғалім әр оқушы үшін екі нүктелік толқын көздерінен пайда болатын шеңберлі толқындардың фронттарын көрсететін қағаз парағын дайындайды. Содан кейін оқушылар ол толқындардың бір-бірін күшейтетін және әлсірететін нүктелерін белгілейді, ол нүктелерді сызықпен қоса отырып интерференциялық көріністі байқай алады.
(D) Мұғалім бір сигналдық генераторға қосылған екі дауыс күшейткішті пайдаланып, демонстрациялық практикум өткізе алады. Оқушылар бөлме бойынша қозғалады және дыбыс естілмейтін жерде тоқтайды (практикалық). Егер олар тек бір құлақпен ғана тыңдаса, нәтиже жақсырақ болады. Оқушылар екі дыбыс көзінен пайда болған дыбыс толқындарының интерференциялануын өздері сезінгенде ғана осы жаттығуды өткізген дұрыс болады. Лазер немесе қос саңылаудан пайда болатын жарық интерференциясын да демонстрациялаған дұрыс.
|