Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 5В070800-Мұнай-газ ісі Пән циклы атауы және коды



бет4/17
Дата08.02.2022
өлшемі149,25 Kb.
#117633
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
силлабус ұңғыны жөндеу
силлабус ұңғыны жөндеу
Сабақтың жүру барысы:

  1. дәріс тақырыбын тұжырымдау;

  2. негізгі зерттелетін бөлімдер мен мәселелерді және оларды баяндауға болжамды уақыт шығындарын көрсету;

  3. кіріспе бөлігін баяндау;

  4. дәрістің негізгі бөлігін баяндау;

  5. әрбір сұрақ бойынша қысқаша қорытындылар;

  6. қорытынды;

Бекіту сұрақтары:
1.Ұңғыда қандай жөндеу жұмыстары жүргізіледі?
2.Жөндеу жұмыстарының алдын алу шаралары қандай?
3.Ұңғы түп аймағындай жуу жұмыстары не үшін жүргізіледі?
Әдебиет Негізгі: 1-6; қосымша: 1-6; интернет ресурстары: 1-5.
Тақырыбы: Ұңғыманы жөндеуге арналған технологиялық қондырғы
Сағат саны:2
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1. КТО қолданылатын жабдықтар
2.Мұнаралар мен мачталар
3.Тәл жүйесі.
Дәріс тезисі:
Ұңғыларды жер асты жөндеуі үшін көтергіш құрылыстар мен механизмдер, сондай-ақ арнайы сайман қажет. Көтергіш құрылыстардың 2 түрін қолданады: тұрақты жəне қозғалмалы, тұрақты көтергіш құрылыстар- бұл арнайы пайдалану мұнаралары мен тұрақты мачталар.
Тұрақты мұнаралар мен мачталар ағымдағы жəне күрделі жөндеу жұмыстарда пайдаланады. Оларға кронблок қондырылып, КТО-ны жүргізуге арналған тəл жүйесі ілінеді. Сонымен бірге, оларға жерасты жөндеуге қажетті тетіктер мен тораптар бекітіледі.
Жерасты жөндеу кезінде келесілер қолданылады:
·ұңғыны бұрғылау аяқталғаннан кейін ұңғы үстінде орнатылатын тұрақты пайдалану мұнаралары.
·бұрғылау мұнаралары, олар ұңғылар қиын жерде орналасқан болса,пайдалану уақытында қалдырылады.
Тұрақты/уақытты мұнаралар жəне А-типті мачталар қондырылады. Соңғылары сондай жүк көтергіштік кезінде жеңіл жəне алаңда орналастыру үшін едəуір ыңғайлы, сонымен қатар жерастында ұңғыларды жөндеуде қолданылады.
Мұнара тəлді жүйемен жабдықталған, ол күшті шығыр барабанына оралатын арқанның жүрісті ұшынан, ілмекке беру үшін арналған. Арқанның жүрісті ұшында болатын күшпен салыстырғанда, жабдықталудың еселенуіне сəйкес ол ілмектегі күшті бірнеше есе арттыра алады. Сонымен бірдей уақытта осынша есе ілмектің орын ауыстыру жылдамдығы азаяды.
Мұнаралар (ВЭТ22´50-түтікшелі пайдалану мұнарасы, биіктігі 22м, жүк көтергіштік күші 500кН) құбырлардан жасалып, ұңғыға бұрғылау мұнарасының орнына қондырылады. Мачталар-екіаяқты, іріктелген СҚҚ-дан дайындалады, биіктігі 15 жəне 22м, жүк көтергіштік күші 150 жəне250кН.(МЭСН15-15 жəнеМЭСН 22-25) түтікшелі ферма түрінде тірегі бар, олар бір-бірімен жоғарғы бөлігінде кронблокпен қосылады.
Бекіту сұрақтары:
1.Ұңғыны жер асты жөндеуге арналған қондырғылар түрлері?
2.Көтеріп-түсіру операциялары кезінде қандай жұмыстар жүргізіледі?
3.Мұнаралардың түрлері қандай?
4.КТО үшін қондырғыны қалай таңдайды?
Әдебиет Негізгі: 1-6; қосымша: 1-6; интернет ресурстары: 1-5.


Тақырыбы: Ұңғыманы күрделі жөндеу жұмыстарына дайындық
Сағат саны:2
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1.Ұңғыманы күрделі жөндеу жұмысына қажетті құжаттар.
2.Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу сатылары
3. Ұңғымаларды өшіру (глушение) процесі.
Дәріс тезисі:
Егер қызмет персоналының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қоршаған ортаның ластануы мен мұнайдың ысырап кетуіне жол бермейтіндей жағдайларда барлық операцияларды жүргізу мұмкіндігі туса, онда ұңғы (пайдаланунемесеайдау ) жер асты жөндеуге дайын деп есептейді.
Ұңғыны дайындау екі құрамдас бөліктен тұрады:
1)Ұңғыны жоспарланған жұмыстарға дайындау;
2)Сол кезде пайдаланатын жабдықтардыдайындау;
Бірінші топқа-ұңғыны тоқтату мен оның фонтандауын немесе жұмыстарды жүргізу үрдісі кезінде кез-келген көрінулердің алдын алумен байланыстыжұмыстар жатады.Екінші мыналар кіреді:көпірлерді орнату немесе жөндеу,зəкірлерді тексеру,жер асты жөндеудің қозғалмалы агрегатын орнату не болмаса,тұрақты мұнараны ретке келтіру(едендер мен көпірлерді жөндеу,кронблок пен мачта жағдайын тексеру,шкивтерді майлау,тəл жүйесін жабдықтау,тартылулы аунақшаны орнату), ОТЭС-пен жабдықталған ұңғыларда жұмыс ітегенде мұнара белдеуіне аунақшаны ілу,алаңшада жабдықтарды орындарына қою.
Осыдан басқа дайындық жұмыстарына мыналар кіреді:ұңғыға қарай құбырларды,сорапты штангілерді, арқанды, тəл блогын,көтеру ілмегін жеткізу;құбырлар мен штангілерді сөрелерге қою, құбырларды райберлеу,муфталарды құбырларға бекіту,ұңғы жағдайын зерттеумен байланысты жұмыстар (сұйықтың деңгейін,тығынныңорналасуын,түптің тереңдігін, т.б. анықтау). Механикаландырылған тəсілмен пайдаланған ұңғыларды дайындауқажеттілігі, жер асты жөндеу кезінде оның көрініс беру мүмкіндігімен түсіндіріледі. Сондай-ақ,ұңғыны пайдалану үрдісінде түптегі жасалған депрессия көп болған сайын,ұңғының өздігінен төгілу ықтималдығы жлғары болады. Бұл келесідей түсіндіріледі: кен орындардың көпшілігін қабат қысымын ұстап тұрумен өндіреді. Егер ұңғының сулануы жоғары болып,ол өнімді жеделдетіп алу тəртібінде істейтін болса,онда қабат жəне түптік қысым арасындағы ауытқулар едəуір жоғары болады. Ал егер мұндай ұңғыны тоқтатқан соң,оны өшірмесе,онда салыстырмалы аз уақыт аралығында қысым қалпына келіп,сұйықтықтың статикалық деңгейі көтерілгені соншалық,ұңғының өздігінен төгілуі басталады.
Фонтандаушы ұңғылар үшін,өшіру міндетті түрде қажет. Себебі,олай істемесе,ұңғының ашық фонтандауы басталады.
Пайдалану ұңғылары үшін,оларды жөндеуге дайындау бірнеше тəсілдермен орындалуы мүмкін:
1.Пайдалану тізбегінің перфорациялық тесіктерінен жоғары орналасқан айыратын клапанды бөгеп тастау едəуір тиімді болады,ол үшін,ұңғыны өшірмей-ақ жөндеуге мүмкіндік беретін айыратын клапанды алдын ала орнату керек.
2.Өшірумен бірге ұңғыны жуу.
3.Қысым астында жұмыстар жүргізуге мүмкіндік беретін жабдықпен ұңғы сағасын жабдықтау.
Бекіту сұрақтары:
1.Ұңғыны жөндеу жұмыстарына дайындау қалай жүргізіледі?
2.Фонтанды ұңғыларыдың сағасына орнатылатын қондырғы қандай?
3.Сораппен пайдаланылатын ұңғыларды дайындау тәртібі қандай?
Әдебиет Негізгі: 1-6; қосымша: 1-6; интернет ресурстары: 1-5.


Тақырыбы: Ұңғыманы күрделі жөндеу классификациясы
Сағат саны:1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1. Қатпарлы құрылымдар.
2. Жарылымды бұзылымдар.
Дәріс тезисі:
Ұңғыны күрделі жөндеу - қисайған бұрғылау тізбектерін түзету, ұңғы оқпанындағы су ағымдары көздерін бітеу немесе жоғарырақ горизонттарға кұйтып оралу мақсатында ұңғыма оқпанын керіштеу, ұңғыма оқпанында жатып нығыздалып қалған әр түрлі "тығындарды" бұрғылап өту, күрделі апаттардан кейін ұңғыманы қалыпқа келтіру қажеттіліктеріне байланысты ұңғымада жүргізілетін күрделі жөндеу жұмыстары
Жер асты жабдықтарында болған апаттарды (үзілген құбырларды ұстау мен сағаға шығару) жою үшін жасалынатын, зақымдалған пайдалану құбыр тізбектерін орнына келтіру, қабат суларын жабу (айыру), басқа пайдалану қабатына (кешеніне) ауысу, ұңғы түбінің төңірегін өңдеу жұмыстары сияқты қиын жұмыстар – ұңғыны күрделі жөндеу категориясына жатады.
Күрделі жөндеу жұмыстарының классификациясы:
1. Жөндеу – оқшалау жұмыстары
-
қабаттың сулану интервалдарын оқшалау
2. Шегендеу тізбегіндегі ақауларды жою
-
тампондау процесі
-
пластырь орнату (Дорн процесі)
-
кіші диаметрлі қосымша шегендеу тізбегін түсіру
3. Пайдалану немесе жөндеу процестері кезіндегі апаттарды жою, ұңғыдан құралдарды немесе аспаптарды алу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет