Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 5В070800-Мұнай-газ ісі Пән циклы атауы және коды


Ұңғы өнімділігін арттыру әдістері



бет7/17
Дата08.02.2022
өлшемі149,25 Kb.
#117633
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
Байланысты:
силлабус ұңғыны жөндеу
силлабус ұңғыны жөндеу
Ұңғы өнімділігін арттыру әдістері:
- химиялық
-механикалық
- жылулық
- комплексті (аралас немесе физико-химиялық)
Механикалық әдіс- қатты жыныстарға әсер етуге тиімді, бұл әдіске гидравликалық жолмен қабатты жару жұмысын жатқызуға болады.Бұл әдіс өнімді қабат біртекті қатты, берік жыныстардан құралған жағдайда қолдану тиімді.Механикалық әдісті құрайтын процестер: Қабатты сұйықпен жару (ҚСЖ) және құмағынды перфорация.
Жылулық әдіс – ол тек ғана ұңғының түп аймағында қатты немесе тұтқырлығы өте жоғары көмірсутектер жиналғанда (парафин, смола, асфальтен, сонымен бірге тұтқырлығы көп мұнай фильтрациясында) қолданылады. Оған терең электрлік жылытқыш қолдану, бу немесе басқа жылубергіштер жатады.
Ұңғыманың түп аймағына әсер етудің бұл айтылған үшеуінен басқа да түрлері бар. Мысалы, ұңғыны жылу қышқылымен өңдеу; ол қабатқа химиялық әсерді де, сонымен бірге жылу берудің арқасында химиялық реакциямен бірге, арнайы қосылатын заттар арқылы іске асады.Бұл әдісті аралас немесе физико химиялық әдіс деп те атайды.Әдісті құрайтын процестер термохимиялық өңдеу, қабатішілік термохимиялық өңдеу және қышқылды қабатты сұйықпен жару процестері.
Бекіту сұрақтары:
1.Ұңғыны түп аймағына әсер ету әдістері қалай жіктеледі?
2.Түп аймаққа қышқылмен әсер ету кезінде қолданылатын қондырғылар түрлері?
3.Ұңғыішілік жабдықтар мен қондырғыларды атаңыз?
Әдебиет Негізгі: 1-6; қосымша: 1-6; интернет ресурстары: 1-5.


Тақырыбы: Шегендеу құбырларын жөндеу
Сағат саны:1сағ
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:

  1. Геофизикалық зерттеу жұмыстары

  2. Шегендеу тізбегінде кездесетін ақаулар

  3. Дорн процесі

Дәріс тезисі:
Ұңғыларда күрделі жөндеу жұмыстарына жоспар құру барысында геофизикалық және гидродинамикалық зерттеу жұмыстары арнайы геофизикалық мекеме мен мұнай, газ өндіру басқармасының (НГДУ) келісім шарты (договор) бойынша тапсырыс берушінің (заказчик) қатысуымен жүргізіледі.
Геофизикалық зерттеу жұмыстарының:
- шегендеу тізбегінің герметизациясының бұзылу интервалы;
- СКҚ тізбегі мен ұңғы жабдықтарының орналасу тереңдігі;
- құбырлардың ұсталып қалу (прихват труб) тереңдігін анықтау нәтижелері зерттеу жұмыстары аяқталуы барысында беріледі.
Мұнай өндіру ұңғыларының техникалық жағдайын анықтау үшін геофизикалық зерттеу жұмыстары жүргізіледі:
- шегендеу тізбегінің ақауын анықтау;
- ақауы бар интервалға судың келуі;
- тізбек сыртындағы цемент сақинасының жағдайын анықтау;
- перфорация интервалын анықтау;
- құбырлардың ұсталу тереңдігін анықтау.
Пайдалану тізбегінің техникалық жағдайын білу үшін тізбектің ішкі диаметрінен 6-7мм-ге кіші қорғасынды конусты мөр (печать) қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет