Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 6В01 Білім Пән циклы атауы және коды Ped 1701 Педагогика



бет8/34
Дата07.02.2022
өлшемі125,63 Kb.
#93374
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   34
Байланысты:
Педагогика. СИЛЛАБУС
32 (2)
5. Тақырыбы: Тәрбиенің мақсаты, оның әлеуметтік тұрғыдан негізделуі
Сағат саны 2
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1. Тәрбие мақсаты туралы түсінік.
2. Педагогика теориясы мен тарихындағы ой - пікірлердегі тәрбие мақсаты.
3.Тәрбиенің мазмұны, міндеті, мақсатының өзара диалаектикалық байланысы.


Дәріс тезисі* Тәрбие мақсаты туралы түсінік. Тəрбие педагогикада бірнеше қырларымен танылған: - əлеуметтік мағынада - бұл аға буын жинақтаған тəжірибені жас ұрпақ өкілдеріне өткізу; - педагогикалық мағынада - бұл тəрбиеленушіге ықпал жасау үшін ұйымдастырылған арнайы іс-əрекет, тұлға қалыптастыруға бағытталған мақсатты процесс.
Тəрбие қоғамдық талаптарға сəйкес болуы міндетті. Егер қоғам құқықтық демократиялық мемлекет құрып жатса, ендеше ондағы адам тəрбиесі адамгершілік, азаматтық заңдар мен қылық-əрекет нормалары рухында жүріп жатуы қажетті. Жалпы адамзаттық құндылықтар қалыптастырудың маңыздылығын ескерумен бірге əлеуметтік ортаның кездейсоқ та, мақсатты бағытта да əсер, ықпал жасайтынын естен шығармаған жөн. Қазіргі заман тəрбиесі гуманистік негізде болып, тұлғаның əлеуметтік-мəдени (өмір жəне əрекет-қылық кейпін таңдау жəне іске асыру), даралықты (тұлғаның өзіндік қалыптасуы), жауапкерлікті қатынас (құндылықтар таңдау) бағыттарында дамуына орайласады. Мұндай тəрбие технологиялық икемшілдігіменен (адамның қабылдау жəне психологиялық даму заңдылықтарына сай орындалады), көңіл-күйге сəйкестігімен (көңіл-күй тəжірибесін қалыптастырады), сұхбаттастығымен (екінші біреуге ұсыну үшін емес, өз меншікті тəжірибесін құрастыру үшін), жағдайға орай орындалуымен (негізгі құралы – тəрбиелік жағдай), болашаққа бағытталуымен (дамудағы тұлғаға арналады) ерекшеленеді. Сонымен, тəрбие – бұл жалпы, ортақ міндеттерді іске асыру барысында мұғалім мен оқушының ықпалдасты əрекеттерін қамтамасыз етуші арнайы ұйымдастырылған тəрбиелік жүйе жағдайында мақсаты тұлға қалыптастыру болған əлеуметтік процесс.
Бекіту сұрақтары:
1. Тәрбие мақсатын құрудың жолдары қандай?
2. Тәрбие мақсатының әлеуметтік тұрғыдан негізделу себептері?
3. Педагогика теориясы мен тарихында тәрбие мақсатын жүйелеуге үлес қосқан ғалымдар?
4. Тәрбиенің мазмұны, міндеті, мақсатының өзара диалектикалық байланысы қандай?
Әдебиет:

  1. Әбенбаев С.,Әбиев Ж. Педагогика. Оқу құралы.- Астана: Фолиант, 2009. – 336б

  2. Бабаев с.Б., Оңалбек Ж.К. Жалпы педагогика: оқулық. – Алматы, 2011.-228 с.

  3. Педагогика: Учебник.- Алматы: Print-S. 2005.-364 c.

  4. Подласый И.П. Педагогика. Учебник для бакалавров. Гриф УМО.Юрайт, 2012.-574с.

  5. Зимняя И.А. Ключевые комиетенции- новая парадтгма результатов образования // Высшее образование сегодня, 2003.- №5.- 34-42.

  6. Коджаспирова Г.М. Педагогика: учебник.- М.КНОРУС. 2010.-744с.

  7. Коркина В.И. Дидактика. В схемах и таблицах. – Караганда, 2004 – 209 с.

  8. Краевский В.В. Методология педагогики: новый этап: Учеб. Пособие для студентов высш.учеб.заведений / В.В. Краевский, Е.В. Брежнова.- М. Академия,2006.

  9. Мынбаева А.К, Садвакасова З.М. Инновационны методы обучения или как интересно преподавать.- Алматы, 2009 – С.341.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет