2. Кейс Қр конституциялық соты жалпы не істейді



Дата19.05.2023
өлшемі19,42 Kb.
#177184
Байланысты:
КОнституциялық сот


2.Кейс ҚР Конституциялық соты жалпы не істейді.
Конституциялық сот – мемлекеттік биліктің сот тармағына жататын конституциялық бақылау органы, оның құзыретіне құқықтық нормалардың конституцияға сәйкестігін бақылау кіреді. Егер орган президенттің жарлықтары мен қабылданып қойған заңдар Конституция нормаларына қайшы келеді деп тапса, онда күшін жояды. Бұл дегеніміз нағыз демократиялық институт. Конституциялық соттың қалыптасуы 1992 жылы 6 маусымда алғаш жұмысын бастады, алайда 1995 жылы наурызда Конституциялық сот сол кездері парламент рөлін атқарған Жоғарғы кеңес сайлауын заңсыз деп танып, Жоғарғы кеңес таратылды. Бірақ сол жылы тамыз айында жаңа Конституция қабылданып, Конституциялық кеңес құрылды. Соған сәйкес, Конституциялық сот жұмысын тоқтады. Содан бері елімізде Конституциялық кеңес жұмыс істеп келді. 2022 жылы 5 маусымда жалпы халықтық референдумда басым дауыс жинап Конституциялық сот қайта жұмысын бастады. Жалпы алғанда бұл орган өзіндік ерекшеліктермен, құзыретке ие болды. Бұл орган құрылғанына көптеген заң ғалымдары оң көзқарас білдірді. Себебі Конституциялық сот, Конституциялық кеңеске қарағанда тиімді, әрі жылдам жұмыс атқарады.
Конституциялық сот президент пен парламент сайлауының, референдумның заңға сәйкес өтуін қадағалайды. Сонымен қатар, президент әлі қол қоймаған, бірақ парламент қабылдаған заңдардың Конституцияға сәйкестігін тексереді. Конституциялық сот елде қабылданған заңдардың Конституцияға қаншалықты сәйкес келетінін бағалайды. Ол нақты құқықтық актінің президент жарлығы, үкімет қаулысы, парламент қабылдаған заңның Ата заңда белгіленген құқықтар мен бостандықтарға қайшы келетін-келмейтінін анықтайды, конституциялық емес деп танылған заңдардың күшін жояды.Конституциялық сот-кез келген елдегі тепе-теңдік жүйесінің маңызды бөлігі. Биліктің басқа тармақтарын бақылаумен қатар, азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзатын заңдарды қабылдауға жол бермейді.Сонымен қатар елдегі кез келген жеке тұлға өзінің Конституциядағы құқығы бұзылғанына сенімді болса ешқандай кедергісіз Конституциялық сотқа жүгіне алады.Сонымен қатар Конституциялық сотқа бас прокурор және адам құқықтары жөніндегі уәкіл жүгіне алады.Конституциялық соттың алқалы орган құрамы 11 судьядан тұрады. Алқалы орган Төрағысын президент сенаттың келісімімен тағайындаса,төрағаның орынбасарын президент төрағаның ұсынуымен судьялар арасынан тағайындайды.Жалпы алғанда 4 судьяны президент, 3 судьяны сенат, 3 судьяны мәжіліс сайлайды.Конституциялық соттың конституцялық іс жүргізуі, жай сотқа қарағанда түбегейлі ерекшеленеді. Атап айтқанда шешім алқалы түрде көпшілік дауыспен қабылданады, судьяның позициясы кеңесу бөлмесінде ғана баяндалады, кеңесу бөлмесіндегі судьялардың пайымдаулары жария етуге жатпайды, процестік қорғау және жауаптылық шараларын қолдану құқығы, отырыстар үзілісі, өтініштерді іс жүргізуге қатысушыларды және өзге де тұлғаларды шақырмай қарау құқығы, осы атап өткен ерекшеліктер арқылы ерекшеленеді.
Конституцялық соттың құзыретін алдын ала конституциялық бақылау, кейінгі конституцялық бақылау деп бөлуге болады. Алдын ала конституцялық бақылауға: президент,парламент сайлауларын, республикалық референдумның әділ өтуін қадағалау, Республика Президенті қол қойғанға дейін Парламент қабылдаған заңдардың Конституцяға сәйкестігін тексеру,ратификациялағанға дейін халықаралық шарттардың Конституцияға сәйкес келуін қарау, Конституцяға өзгерістердің жобалары және басқа да жағдайлар бойынша қортындылар шығаруы. Кейінгі Конституциялық бақылауға: Заңдардың және өзге де нормативтік құқықтық актілердің, олардың жекелеген ережелерінің конституцялығын қарау, Парламентке Республикадағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жолдауды жыл сайын жолдайды. Конституцялық іс жүргізудің ерекшеліктерін жоғарыда атап өттік,енді шарттары мен қағидатарына тоқталайық. Конституциялық іс жүргізудің қағидаты: Конституцяның үстемдігі, жан-жақты толық объективті зеріттеу, алқалылық, жариялылық, қатысушылардың тең құқықтылығы, іс жүргізу тілі- мемлекетік, ымдау тілін қоса алғанда аударманы қамтамасыз ету.Констиуцялық іс жүргізудің шарттары: Конституцялық соттың отырыстарының хаттамасын жүргізу, 1 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж, іс жүргізуді тоқтату (өтініш берушінің өтініші бойынша, акт күшінің жойылуы немесе оның заңдық күшінің жойылуы, мәлімделген өтініштің ведомстволық қарауға жатпауы, КС қортынды шешім қабылдауы ), қағаз және электрондық формат.КС-та осынша құзрет бар, бірақ бұл құзрет тек дұрыс жолда болуы керек.КС-тың судьялары тек бірақ рет сайлана алады.КС судьясының өкілетілігін тоқтату қандай жағдайда оран алады:лауазымнан өз еркі бойынша босату туралы өтініштің берілуі,Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату немесе тұруға ықтиярхат не шет мемлекеттің аумағында тұрақты тұру құқығын растайтын өзге де құжатты алу, оған қатысты соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуі, соттың заңды күшіне енген шешімімен оның әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылуы,соттың заңды күшіне енген шешімімен оның хабарсыз кетті деп танылуы, оның қайтыс болуы немесе соттың заңды күшіне енген шешімімен қайтыс болды деп жариялануы,Қазақстан Республикасының Конституциясында және осы Конституциялық заңда белгіленген талаптар бұзыла отырып тағайындалуы,Конституциялық Сот судьяларына белгіленген Қазақстан Республикасының Конституциясы мен осы Конституциялық заң талаптарының бұзылуы,Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген лауазымда болу мерзімінің аяқталуы,судьяның Конституциялық Соттың отырыстарына дәлелді себептерсіз қатарынан кемінде үш рет қатыспауы салдарынан тоқтатылады. Осындай заңда бекітілген заңдар арқылы судьялар өкілеттілігі тоқтатылады. Жалпы алғанда бұл органның атқаратын жұмысы оң нәтиже беру керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет