Сабақтың тақырыбы: Заңшығару жүйесі.Құқықтық актілердің құрылымы Сабақтың мақсаты



Дата29.09.2022
өлшемі17,81 Kb.
#151189
түріСабақ
Байланысты:
Заңшығару жүйесі.


Бөлім: Мемлекет және құқық

11сынып 07.09.2021

Педагогтің аты-жөні: Ж.Қыпшақбаев

Пәннің атауы: Құқық негіздері

Сабақтың тақырыбы:

Заңшығару жүйесі.Құқықтық актілердің құрылымы

Сабақтың мақсаты:

11.1.1.1 - нормативтік құқықтық актілердің негізгі элементтерін анықтау;
11.1.1.2 - нормативтік құқықтық актілердің әзірленуі, қабылдануы мен күшіне ену процесін зерттеу

Сабақтың барысы:Қазақстан Республикасы Конститутциясының 1- бабына сәйкес Қазақстан Республикасы, құқықтық мемлекет болып табылады.Қазақстан Республикасының заң шығару жүйесі өмірдің түрлі салаларындағы реттелетін қатынастардың сипатына, сондай-ақ мемлекет органдарының жалпы иерархиялық жүйесіндегі нормативтік актілерді қабылдайтын органдардың орнына байланысты құрамдас элементтерге бөлінетін мемлекеттің қолданыстағы нормативтік актілерінің өзінің әлеуметтік бағыты мен мақсаты бойынша бірыңғай кешенін білдіреді.
Заң шығару жүйесідеп құқықтың ішкі мазмұндық және құрылымдық сипаттамалары көрініс табатын нормативтік- құқықтық актілердің жиынтығын атайды.Заң шығару жүйесі қарай горизонталды, вертикалды және кешенді жүйелерін бөліп көрсетуге болады. Нормативтік құқықтық актілердің ең негізгі құрылымдық элементтері:
-актінің түрлі (заң,декрет,Жарлық,қаулы және т.б.);
-актіні қабылдаған орган(лауазымды адам);
-реттеу нысанын білдіретін атауы;
-актінің қабылданған(шығарылған)күні,орны және оның тіркеу нөмірі;
-тиісті нормативтік құқықтық актілерге қол қоюға ресми уәкілеттік берілген адамдардың қолтаңбалары;
Әрбір нормативтік құқықтық актінің атауы оның мәнін және негізгі мазмұнын білдіреді. Нормативтік құқықтық актінің ең ежелгі құрылымдық элементтеріне кіріспе,мақалалар және тармақтар жатады. Заң шығару жүйесін және өзге де нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және ұсыну,қабылдау,тіркеу,күшіне енгізу,өзгерту,толықтыру,қолданылуын тоқтату және тоқтата тұру,жариялау,түсіндіру ерекшеліктері және басқа да мәселелер 1998 жылы қабылданған «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.

Сабақ барысында орындалатын тапсырмалар:
1-тапсырма:Заң шығару жүйесіне қатысты кестені толтырыңдар.Ұғымдарды салыстырып,ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетіңдер:
Заң шығару жүйесі

Горизонталды

Вертикалды

Кешенді








2-тапсырма: Қазақстан Республикасының заңнамалық жүйесінің ерекшелігі неде екенін сипаттап жазамыз.
3-тапсырма: Тест сұрақтарына жауап беріңдер:
1.Жоғары биліктің белгілі бір мәселе бойынша шығарған заң күші бар қаулысы:
А)Конститутция
В)Бап
С)Декрет
Д)Нормативтік құжат
Е)Переамбула
2.Құықтық шығармашылық органның негізін қалаушы құқықтық нормалар қамтылған ресми құжаты:
А) Нормативтік құқықтық акті
В)Директива
С)Құқықтық жүйе
Д)Переамбула
Е)Декрет
3.Жоғарғы органдардың төменгі органдарға берген бұйрық нұсқаулары:
А)Директива
В)Декрет
С)Переамбула
Д)Нормативтік құжат
Е)Конститутция
4.Нормативтік актілердің кіріспе бөлімі:
А)Нормативтік құжат
В)Құқықтық жүйе
С)Переамбула
Д)Конститутция
Е)Директива
5.Қандайда бір құжаттағы бөлім,тараулар:
А)Бап
В)Переамбула
С)Директива
Д)Конститутция
Е)Декрет

Сабақты қорытындалау:



  1. «Заң шығару жүйесінің» мәні неде?

  2. Қазақстан Республикасының « Нормативтік құқықтық актілер» туралы заңы қай жылы қабылданды?

  3. Қазақстан Республикасының заңнамалық жүйесінің ерекшелігі неде?

Үйге тапсырма: Заңшығару жүйесі.Құқықтық актілердің құрылымы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет