Аудиокомпакт-дискі мен сандық мәліметті компакт-дискінің арасындағы айырмашылық Аудиокомпакт-дискі мен сандық мәліметті компакт-дискінің арасындағы негізгі айырмашылық, егер сандық мәліметті компакт-дискіде мәліметтер арасында ойық жолдарды тастап кетіп жазылса, онда мәлімет оқу кезінде кейбір мәліметтер жоғалып кетуі мүмкін, ал аудиокомпакт-дискіде дыбыстық мәлімет ойық жолдарды тастап кетіп жазылғанымен, оның дыбысты оқу кезінде кері әсері болмайды. Себебі, бұл жағдайда интерполяциялық ұстаным көмекке келеді. Интерполяция ұстанымы белгілі бір мәнге байланысты аралық мәндерді табуды жүзеге асырады. Айталық, аудиодискіге 10, 14, 20 мәндері жазылсын. Белгілі бір себептерге байланысты (дискі бетінің бүлінуі не ластануы әсерінен) екінші мән оқылмай қалса, сызықтық интерполяция 10 мен 20 мәндері үшін 15 мәнін береді [(10+20)/2]. Алынған мән бұрынғы мәнмен сәйкес келмегенімен (айырмашылық 1-ге тең), болмашы ғана өзгерген дыбыс адамға естілгенде байқалмай кетеді.
CD-R дискілері. Соңғы уақыттарда мәліметті қайталап жазуға мүмкіндік беретін компакт-дискілер (CD-R – Compact Disc Recordable) шыға бастады. Мұндай компакт-дискілерге пайдаланушы керекті мәліметтерді арнайы CD-R- дискіжүргізушілері арқылы жаза алады. Мұнда жарық шағылдырғыш қабат ретінде алюминий емес, лазерлік сәулені шағылдыру коэфициентін жоғарылату мақсатында алтын қолданылады.
CD-R-ге пайдаланушы мәлімет жазғаннан кейін ол қарапайым компакт-дискі есебінде болып қалады. Мәлімет ішкі жолдан бастап сыртқы жолға (яғни, диаметрі аз жолдан диаметрі көп жолға) қарай жазылады.