Білім беруде мультимедиа-технологияларды пайдалану


CD-ROM дискіжүргізушілері мен CD дискілерінің болашағы



бет61/64
Дата06.02.2022
өлшемі1,24 Mb.
#79251
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64
Байланысты:
мультимедиа

CD-ROM дискіжүргізушілері мен CD дискілерінің болашағы. CD-ROM дискілері сиымдылығы 650 Мб-тан жоғары толыққанды мультимедиалық ақпараттарды тарата алмайды. Сондықтан да CD-дискілерінің сиымдылығын үлкейту үшін алдымен оның мәліметті оқу жылдамдығын арттыру қажет. Компакт-дискінің қазіргі таңда жетілдірілген жаңа HD-CD (High Density CD) форматы қарастырылуда. HD-CD форматы компакт-дискінің техникалық мүмкіндігін төмендетпей, көлемін 5 есеге дейін арттыруды жүзеге асырады. Мұнда компакт-дискілердің сыртқы пішіні өзгермейді, бірақ, көршілес тректердің аралығы және жол ойықтарының өлшемі азаяды. Лазерлік сәулелердің толқын ұзындығы 780 нм-ден 635 нм-ге дейін азаяды.
Көрсетілген жаңа технология комбинациясы ақпарат сиымдылығын 3.7 Гб-қа дейін арттыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар екі қабаттан тұратын, әр қабатқа мәлімет жазу мүмкіндігі қарастырылған компакт-дискілерді шығару дамытылуда. Мұнда лазерлік сәулелер төменгі қабатта да және жоғарғы қабатта да фокусталады. Мұндай жүйелердің алғашқы вариантын 3М фирмасы жасап шығарды. Оған 7.8 Гб-қа дейін мәлімет жазуға болады.
CD-ROM дискіжүргізушілерінің жұмыс жылдамдығын арттыру екі лазерлік сәулелерді пайдалануға байланысты.


Caddy. Кейбір дискіжүргізушілер арнаулы кассетаға-контейнерге (Caddy) салынған компакт-дискімен ғана жұмыс істей алады. Мұндай дискіжүргізушілерде контейнерсіз, қарапайым компакт-дискімен жұмыс істеу мүмкін емес. Контейнерді пайдалану компакт-дискіні механикалық бүлінулерден сақтайды.
Бақылау сұрақтары:



  1. Аудиокомпакт-дискі мен сандық мәліметті компакт-дискінің арасындағы айырмашылық қандай?

  2. Мультисессия дегеніміз не?

  3. Интерполяция ұстанымы дегеніміз не?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет