Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 Қаулысы «Білім туралы»


Тәрбиеленушілердің және білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар



бет4/14
Дата12.09.2020
өлшемі146 Kb.
#63854
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
3. Тәрбиеленушілердің және білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар
      14. Тәрбиеленушілер мен білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің жол берілетін ең жоғары көлемі мен ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің ұзақтығы баланың денсаулығы мен психикасын қорғау мақсатында енгізіледі.
      15. Мектепке дейінгі білім берудің барлық жас сатысындағы оқу жүктемесі мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын әзірлеуге қойылатын техникалық талаптарда белгіленген санитариялық-гигиеналық нормалар мен ережелерге сәйкес болады.
      Үлгілік оқу жоспарында әрбір жас кезеңдеріне арналған оқу жүктемесінің шегі белгіленген.
      16. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының негізінде аптадағы нормативтік оқу жүктемесі білім беру ұйымдарындағы мектепалды сыныптары педагогикалық қызметкерлердің айлық жалақысын есептеу үшін 24 сағатты құрайды, оған:
      1) базистік оқу жоспарын іске асыру бойынша білім беру қызметіне бөлінген 20 сағат;
      2) күн тәртібінде жүзеге асырылатын білім беру іс-әрекетіне және балалардың түрлі іс-әрекеттеріне (ойын, еңбек, шығармашылық), ойын-сауық іс-шараларын өткізуге, сабақтарға дайындалуға бөлінген 4 сағат кіреді.
4. Тәрбиеленушілердің және білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
      17. Әрбір жас кезеңіндегі құзыреттіліктерді меңгеру деңгейі 1, 2, 3, 4, 5-кестелерде берілген.
1-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет