Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 Қаулысы «Білім туралы»


Білім беру процесін ұйымдастыру жағдайларына қойылатын талаптар



бет14/14
Дата12.09.2020
өлшемі146 Kb.
#63854
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
5. Білім беру процесін ұйымдастыру жағдайларына қойылатын талаптар
      55. Жалпы орта білім беретін ұйымдарды қаржылық қамтамасыз ету:
      1) жалпыға қолжетімді кепілді ақысыз орта білім беру үшін;
      2) жалпы орта білім беретін ұйымдарда қажетті материалдық-техникалық база құру үшін;
      3) білім алушылардың өмірінің қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етуге жағдай жасау үшін жеткілікті болуы тиіс.
      56. Білім алушылардың денсаулығын нығайту және олардың қозғалыс белсенділігін жетілдіру мақсатында сыныптан тыс жұмыс нысанындағы спорт секцияларының сабақтарын ұйымдастыруды жергілікті атқарушы органдар қамтамасыз етеді.
      57. Мемлекеттік білім беру ұйымдарында қызмет ететін қызметкерлерге еңбекақы «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 52-бабында белгіленген тәртіп бойынша төленеді.
      58. Денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы жалпы орта білім беретін ұйымда оқи алмайтын оқушылар үшін үйінде немесе емделу орындарында ақысыз жеке оқыту қамтамасыз етіледі.
      59. Даму мүмкіндігі шектеулі білім алушылардың білім алуы, даму бұзушылықтарының түзетілуі және әлеуметтік бейімделуі үшін жағдай жасалады.
      60. Жалпы орта білім беретін ұйымдар санитарлық-гигиеналық ережелер мен нормаларға сай келетін материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етілуі тиіс.
      61. Жалпы орта білім беретін ұйымдардың материалдық-техникалық базасына:
      1) сабақ өткізуге, сыныптан тыс іс-шараларға, демалуға, тамақтануға, медициналық қызмет көрсетуге, спортпен шұғылдануға, мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастыруға және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға қауіпсіз және жайлы жағдайды қамтамасыз ететін және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай келетін тиісті инфрақұрылымы бар ғимарат;
      2) заманауи құралдармен жабдықталған (байланыс және коммуникация құралдары, желілік өзара байланыс, кеңжолақты интернет, мультимедиялық кабинеттер, интерактивті тақта, аудио-бейне техникалар, цехтар, шеберханалар) оқыту пән кабинеттері;
      3) оқу бөлмелеріндегі қажетті жарық және жылу жабдықтары, киім шешетін орындар, санитарлық-гигиеналық талаптарға сай жасалған тазалық бөлмелері;
      4) мүмкіндіктері шектеулі білім алушылар үшін ғимарат ішінде арнайы жасақталған жағдайлар;
      5) мектеп-интернат жағдайында білім алушылардың тұруы, тамақтануы және демалуы үшін салынған ғимарат, мектеп жанындағы телім енеді.
      62. Жергілікті атқарушы органдар және жалпы білім беретін ұйымдар білім алушылардың өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау үшін:
      1) салауатты өмір салтын насихаттау;
      2) әлеуметтік және психологиялық қызметті күшейту;
      3) ғимаратты күзетуді қамтамасыз ету;
      4) жергілікті тұрғындар мен ата-аналар қауымдастығы арасында тығыз байланыс орнату;
      5) білім алушылардың бейресми ортасын зерделеу;
      6) алдын алу іс-шараларын (әлеуметтік сұрақ-жауап, психологиялық қолдау, құқық қорғау және медицина мекемелері қызметкерлерімен кездесулер) өткізу;
      7) профилактикалық медициналық тексеруді уақытылы ұйымдастыру;
      8) техника қауіпсіздігін, өрттің алдын алу ережелерін сақтау;
      9) үй-жайларындағы жарық пен әуелік жылу режимін сақтау;
      10) компьютерлік техникамен жұмыс істеу тәртібін сақтау;
      11) жолда жүру қауіпсіздігі ережелерін сақтауды насихаттау;
      12) балаларды тасымалдауда техника қауіпсіздігін сақтау жолдары арқылы жағдай жасайды.
      63. Жалпы орта білім беретін, оның ішінде жеке меншік ұйымдарда білім беру процесі ҮОЖ негізінде дайындалатын оқу жұмыс жоспары аясында жүзеге асырылады және білім саласындағы жергілікті атқарушы органдармен келісіліп, жалпы орта білім беретін ұйымдардың өзінде бекітіледі.
      64. Жалпы орта білім беретін республикалық мамандандырылған мектеп-интернаттардың білім беру процесі ҮОЖ негізінде дайындалатын оқу жұмыс жоспары шеңберінде жүзеге асырылады және Қазақстан Республикасының білім саласындағы уәкілетті органымен бекітіледі.
      65. Қалалық жалпы орта білім беретін ұйымдарда сынып толымдылығы 24-ке жеткенде немесе одан асқанда, ауылдық жерлерде – 20-ға жеткен кезде немесе одан асқанда шағын жинақты мектептерде – білім алушылар 10-нан кем болмаған жағдайда:
      1) оқыту қазақ тілді емес 1-11 сыныптардағы қазақ тілі;
      2) оқыту қазақ тілді емес 5-11 сыныптардағы қазақ әдебиеті;
      3) оқыту қазақ, ұйғыр, тәжік және өзбек тілдерінде жүретін 3-11 сыныптардағы орыс тілі;
      4) 1-11 сыныптардағы шетел тілі;
      5) 5-11 сыныптардағы информатика;
      6) бейінді пәндер;
      7) 5-11 сыныптардағы технология (сынып толымдылығына қарамастан ұл және қыз балалар топтары);
      8) 5-11 сыныптардағы дене шынықтыру сабақтарын өткізуде сыныпты екі топқа бөліп оқыту жүзеге асырылады.
      66. Сыныпта мүмкіндігі шектеулі балалар болған жағдайда сыныпты топтарға бөлу осындай әр балаға барлық оқушының санын үшке кеміту есебінен жүзеге асырылады.
      67. Үлгілік оқу жоспарының оқушы компонентіндегі оқу жүктемесі көлемінде қоғамдық пайдалы еңбекті ұйымдастыру, еңбек тәжірибесін өткізу қамқоршылық кеңестің немесе ата-аналар комитетінің қатысуымен жүзеге асырылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет