3. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар
35. 1-сыныптағы оқу жылының ұзақтығы 33 оқу аптасын, 2-11 сыныптарда 34 оқу аптасын құрайды.
36. Білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі сыныптағы және сыныптан тыс (факультативті, жеке және үйірме сабақтары) оқу жұмыстарының барлық түрлерін қоса алғанда, 1-сыныпта – 24 сағаттан, 2-сыныпта – 25 сағаттан, 3-сыныпта – 29 сағаттан, 4-сыныпта – 29 сағаттан, 5-сыныпта – 32 сағаттан, 6-сыныпта – 33 сағаттан, 7-сыныпта – 34 сағаттан, 8-сыныпта – 36 сағаттан, 9-сыныпта – 38 сағаттан, 10-сыныпта – 39 сағаттан, 11-сыныпта – 39 сағаттан аспауы тиіс.
37. Оқу жылында 1-11 сыныптардағы каникул күндері кемінде 30 күнді құрайды. Оқу жылы ішінде 3 рет каникул беріледі: күзде, қыста және көктемде. 1-сынып оқушылары үшін үшінші тоқсанда 1 апта қосымша демалыс беріледі. Каникулдың нақты мерзімін Қазақстан Республикасы білім саласының уәкілетті органы белгілейді.
38. Үлгілік және оқу жұмыс жоспарларында пәнді меңгеруге бөлінетін оқу уақыты тиісті міндетті және вариативтік оқу бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнын әзірлеу кезінде ескеріледі.
39. Инварианттық және вариативтік компоненттерді құрайтын пәндер бойынша білім алушылардың оқу жүктемелерінің жалпы көлемі ҮОЖ-да белгіленеді.
40. Білім алушылардың пәндер бойынша міндетті оқу жүктемесінің көлемі оқытудың бағыты ескеріліп, ҮОЖ-да белгіленеді.
41. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі олардың қажеттіліктері ескеріліп, жалпы білім беретін ұйымдардың оқу жұмыс жоспарында белгіленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |