Жетекшісі: Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Жиенхан Айжан
Екібастұз қаласы
2020
Түсінік хат
Қазіргі заманның өзекті мәселесі бұл жан - жақты дамыған, көп тілді меңгерген шығармашылық тұлға қалыптастыру. Сондықтан ұлттық білім жұйесіндегі өзгерістер мен талаптарға сай оқыту жүйесіне «Елтану» үйірмесі енгізілді. 6 сыныпта аптасына 1 сағаттан, барлығы 34 сағаттан жүргізіледі.
Баланы шет тілінде қарым - қатынас жасап, сөйлеуге ерте жастан бастап үйрету қазіргі кездегі өзекті мәселелердің бірі. «Елтану» үйірмесі оқушыларға тілді меңгертіп, басқа халықтың мәдениетін әрі дүниежүзі мәдениетіне жол ашуға мүмкіндік береді.
Коммуникативтік мақсат:
Қарастырылған тақырыптар мен тілдік материалдар көлемінде шет тілінде сөйлеу мүмкіндігін және жеңіл мәтінді сөздіксіз, аса күрделі мәтінді сөздікпен түсінуді қамтамасыз ету.
Білімділік мақсат:
Шет тілінің оқу пәні ретінде білім беру құндылығы екі бағытта айқындалады: біріншісі, шет тілінде оқыту оқушылардың филологиялық білімділігін арттырады. Екіншісі, олардың жалпы танымдылығын кеңейтеді. Оқушылар оқулықтар, баспасөз ретінде арқылы басқа халықтың өмір сүру жағдайымен атақты тұлғалардың өмірлік қағидалары мен тарихи кезеңдерімен, мәдениет ескерткіштерімен танысады.
Тәрбиелік және дамытушылық мақсаты:
Шет тіліне оқыту оқушының тұлғасын жан-жақты дамытуға жағдай жасау керек: дүниетанымы, ойлау қабілеті, жады, сезім мен эмоциясы, адамгершілік және эстетикалық көзқарасы.
Оқытудың мазмұны – тренинг, ойындар арқылы оқушылардың танымдық процестерін дамып, қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасуына жетекшілік жасау, психологиялық көмек беру.
Мақсаты:
Тілдік деңгейін көтеру;
Шетел елдерінің тарихы мен мәдениетін құрметтей білуге тәрбиелеу;
Білім білік дағдыларын кеңейту.
Міндеттері:
даму деңгейі әртүрлі елдердің ерекешеліктері, халықаралық қарым – қатынастар және экономикалық ынтымақтастық жайлы ағылшын тілінің білімдерін дамыту;
шетел халықтарының дәстүрлі мәдениетіндегі сабақтас этнопедагогикалық идеялардың даму.
Достарыңызбен бөлісу: |