Бағдарламасының ерекшелігі "Әдебиеттік оҕу"



Дата01.02.2023
өлшемі28,33 Kb.
#167076
түріБағдарламасы
Байланысты:
Көркем еңбек


1.Жаңартылған білім мазмұны Әдебиеттік оқу пәні бағдарламасының ерекшелігі

"Әдебиеттік оҕу" пәнінің маҕсаты – бастауыш сынып білім алушыларының кӛркем шығарманы сезіммен ҕабылдауы, түсінуі, санасында ҕайта жаңғырта алуы және шығармадан ҕабылдағанын ӛзінің шығармашылыҕ әрекетінде жүзеге асыруға ұмтылуы арҕылы функционалдыҕ сауаттылығын ҕалыптастыру. 3. "Әдебиеттік оҕу" пәні бойынша тӛмендегідей міндеттерді жүзеге асыру кӛзделеді: 1) әдеби кӛркем шығармаларды оҕыту арҕылы ҕазаҕтың рухани ҕазынасын меңгерту; 2) коммуникативтік (айтылым, тыңдалым, оҕылым, жазылым) дағдыларды ҕалыптастыру; 3) ауыз әдебиетінің, отандыҕ және әлемдік балалар әдебиетінің озыҕ үлгілерімен таныстыру арҕылы білім алушыларға адамдардың ӛзара түсінісуі, сыйластыҕ, ҕұрмет сезімдері, адамгершілік ҕасиеттері, ӛзінің және ӛзгенің ісәрекетіне жауапкершілікпен ҕарай білуі сияҕты ізгілікті ҕасиеттерді ҕалыптастыру; 4) оҕу сапасын (дауыстап, түсініп, іштей, мәнерлеп, кӛз жүгіртіп, болжап оҕу) жетілдіру; 5) білім алушылардың оҕырмандыҕ мәдениетін ҕалыптастыра отырып, сӛз әдебі нормаларын орынды ҕолдану дағдыларын меңгерту; 6) сыни ойлауын жетілдіру; 7) кӛркемдік-танымдыҕ сипаттағы мәтіндерді ӛз маҕсатына сай іріктеп, саралап, талдап, ой ҕорытындысын жасауға үйрету; 8) алған білімін ӛмір жағдаяттарына байланысты ҕолданып, дұрыс шешім жасай білуге үйрету; 9) оҕылған шығарма сюжетінің ізімен немесе еркін таҕырыпта ауызша, жазбаша шығармашылыҕ жұмыс түрлерін орындауға дағдыландыру.


Оҕу бағдарламасында үш тілде білім беруді жүзеге асыру ҕарастырылған, онда үш тілді меңгертіп ҕана ҕоймай, сол сияҕты білім алушылардың сыныптан тыс жұмыстарын да үш (ҕазаҕ, орыс және ағылшын тілдерінде) тілде ұйымдастыру ҕарастырылған.
Әдебиетті оқу сабағының басқа сабақтармен байланысы



  1. ауыз әдебиеті үлгілерінен: балаларға арналған таҕпаҕ, санамаҕ, мадаҕтау, ӛтірік ӛлеңдер, тӛрт-түлік жырлары (тӛрт түлік туралы ӛлеңдер, жан-жануарлар айтысы), Наурыз жыры, ертегілер (әртүрлі таҕырыптағы хайуанаттар жайындағы ертегілер мен ҕиял-ғажайып оҕиғалы ертегілер), маҕал-мәтелдер, әртүрлі таҕырыптағы жұмбаҕ, жаңылтпаштар, жазба әдебиеті үлгілерінен: Ы. Алтынсарин, А. Ҕұнанбаев, Ж. Жабаев, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, С. Сейфуллин, Б. Майлин, М. Әуезов, С. Бегалин, Б. Соҕпаҕбаев, Ш. Смаханұлы, Ҕ. Мырза Әли, М. Әлімбай, Ӛ. Тұрманжанов, Ж. Смаҕов, Ҕ. Баянбай, Ә. Дүйсенбиев, Ф. Оңғарсынова, Ә. Табылдиев, А. Асылбеков, Ӛ. Ҕанахин, Т. Молдағалиев, Е. Ӛтетілеуов, Б. Кірісбаев, Е. Елубай, С. Ҕалиев, С. Сейітов, Б. Ысҕаҕов, Д. Жұмагелдинова, М. Айымбетов, М. Абылҕасымованың ӛлең-жырлары, ертегі-мысалдары, әңгімелері;

  2. 2) ғылыми-танымдыҕ шығармалар: маҕала, естелік, ӛмірбаян (аспан әлемі, су асты тіршілігі, табиғат ҕұбылыстары, жаратылыс ҕұпиялары, халыҕтыҕ әдетғұрып, салт-дәстүр туралы);

  3. 3) әлем халыҕтары балалар әдебиетінің кӛрнекті ӛкілдерінің үлгілі шығармалары: әңгіме, мысал, ертегілер;

  4. 4) әдеби-теориялыҕ білім: халыҕ ауыз әдебиеті жӛнінде (ертегі, ӛтірік ӛлең, жыр, жұмбаҕ, маҕал-мәтелдер, жаңылтпаштар) ӛлеңнің ұйҕасҕа ҕұрылатыны, аҕынның кӛңіл-күйі туралы түсінік (ӛлең түрлері: табиғат лирикасы, арнау 3 ӛлеңдер, мысал ӛлеңдер, сыҕаҕ ӛлеңдер), мәтіндегі кӛркем сӛз жӛнінде практикалыҕ түрде түсінік, мәтін түрлері, мәтіндегі негізгі ой туралы ҕарапайым мағлұмат, диалог туралы;

  5. 5) мәтінмен жұмыс: шығарманың мазмұны бойынша берілген сұраҕтарға жауап беру, шығарманың мазмұнын дайын жоспар бойынша немесе ӛз сӛзімен мазмұндау, үзіндісін мазмұндау, сахналау, шығарманың таҕырыбы мен үзіндісіне (бастапҕы бӛліміне) сүйеніп, оҕиғаның соңын болжау, ӛз ойы мен сезімін тірек сӛздерді пайдалана отырып жеткізу, ҕарапайым және наҕтылау сұраҕтарын ҕою, оның жауабын шығармадан табу, шығарманың таҕырыбы және негізгі ойды аныҕтау, мұғалімнің кӛмегімен кӛркем шығармадағы оҕиғаның басталуын, дамуын мен аяҕталуын аныҕтау, мәтіндегі негізгі ойды, оның басталуын, жалғасуын, шарыҕтау шегін, аяҕталуын аныҕтау, мәтінді әңгімелеу, мәтін кейіпкерлерін атау, кейіпкердің сыртҕы келбетін сипаттау, мінез-ҕұлҕы мен іс-әрекетін бағалау, сұраҕҕа жауапты аныҕтамалыҕ кітаптардан, жинаҕтардан, сӛздіктерден табу және аҕпаратты берілген үлгі, кестеге салу, кӛркем шығарма үзіндісін басҕа үлгідегі (иллюстрация, мультфильм) нұсҕасымен салыстыру, мәтінге берілген суреттермен жұмыс, мәтін мазмұны бойынша сурет салу, сӛздік жұмысын жүргізуге ҕатысу, түсіндірілетін сӛздермен жұмыс, жазбаша шығармашылыҕ жұмыстар жүргізу: шағын ертегілер, жұмбаҕтар жазу немесе дайын ұйҕастарды ҕатыстырып шумаҕтар, санамаҕтар ҕұрастыру, сурет, каллиграмма, аппликация, фотосуреттер пайдаланып, шығармашылыҕ жұмыс жазу;

  6. 6) оҕу дағдысы: шығарманы дауыстап дұрыс әрі түсініп оҕу, рӛлге бӛліп, мәнерлеп оҕу, шығарманы іштей оҕып, ондағы ҕажетті аҕпараттарды белгілеп оҕу.

  7. Әдебиетті оқытудың әдебиеттің ғылымилығы және сөз өнері ретіндегі жетекші методологиялық принциптеріне сүйенетіндігі. Сол принциптерден туындайтын әдістемелік принциптер.

  8. Әдебиетті оқыту процесі. Оқытудағы әдістердің алатын орны, қызметі. Әдебиетті оқыту әдістерінің мұғалім мен оқушының бірлескен еңбегін тиімді ете түсетіндігі.

  9. Оқытудың ауызекі әдістері: әңгіме, баяндау, лекция, пікірлесу, т.б.

  10. Оқытудың көрнекілік әдістері: кесте, ауызша журнал, схема, буклеттер, техникалық құралдар, оқу фильмдері, телесабақтар, иллюстрация, демонстрация.

  11. Олардың оқушының әдеби қабілетін дамытудағы орны.

  12. Оқытудың практикалық әдістері: ауызша, жазбаша жаттығулар. Олардың әдеби білімді бекітудегі ролі

  13. Шығармашылық оқу әдісі. Бүл әдістің әдебиеттің сөз өнері әрі ғылыми ретіндегі табиғатын тереңдей түсінуге қолайлылығы. Бүл әдісті қолдануда шәкірттердің әдеби қабілетін шыңдауына, ықылас зейінін көркем шығарманың ішкі микроқұрылымына бағыттауына мүмкіндік алатындығы. Шыгармашылық оқу әдісінің мұгалімнің мәнерлеп оқуы, көркемсөз оқушы шеберлердің көркем шығармадан үзінділер оқуы, мұгалімнің көркем мәтінді оқи отырып түсінік беруі, мүғалім мен шәкірттердің оқылған шығарма туралы өз әсерлерін бөлісуі, әрі қарай бағыт-бағдар беру мақсатындағы пікірлесу, т.б. тәсілдер арқылы жүзеге асырылатыны.

  14. Эвристикалық әдіс. Бұл әдістің қазіргі педагогика ғылымы мен мектепте оқытуды эвристикалық пікірлесу арқылы ұйымдастырудың түрі екендігі. Бұл әдістің шығармашылық әдіспен сабақтастығы, бірін-бірі толыктыратыны. Көркем мәтінді талдауда шәкірттің интеллектуалдық ойлау қисынын қалыптастыратыны. Әдеби шыгарманың бойындағы адамгершілік, отаншылдық, философиялық, т.б. құндылыктар жөнінде шәкірт түсінігін қалыптастырудағы эвристикалық әдістің орны.

  15. Эвристикалық пікірлесу, оның әдеби материалды меңгертудегі пайдалы жақтары. Эвристикалық әдісті жүзеге асыратын тәсілдер:

  16. Зерттеу әдісі. Зерттеу әдісінің оқушылардың алдына жоғары дәрежедегі теориялық және практикалық зерттеу міндеттерін қоятыны. Окушылардың әдеби материал жөнінде дерек жинау (тәжірибе, эксперимент, бақылау, кітаппен жұмыс, т.б.) және оны жуйелеу, жинақтау, теориялық талдау жасау қабілетінің зертеу әдісін қолдану процесінде қалыптасып дамитыны. Бұл әдістің эвристикалық әдіспен сабақтастығы, айырмашылықтары. Зерттеу әдісінің сыныптағы әдебиет сабақтарында қолданыла бермейтіні. Арнайы теориялық проблема төңірегіндегі жеке зерттеу жұмысын жүргізуге лайықтылығы. Зерттеу әдісінің жас шәкірттерді ғылымға бейімдеудегі рөлі.

  17. Репродуктивтік (жаңгырмалы) әдіс. Бұл әдістің мұгалімінің басшылығымен жүзеге асырылатыны. Оны қолдану процесінде оқушының білімді мұғалімнің лекциясынан, оқулыктан, қосымша әдебиеттерден дайын күйінде алатыны. Білімді берілген қалпында қабылдау арқылы екінші жактың ойын ұғып, қабылдауға, еске сақтауға үйрететіні. Репродуктивтік (жаңғырмалы) әдісті жүзеге асыратын тәсілдер.

. Оқудың түрлері
1. Оқудың түрлері.
Әдебиеттік оқудың екі түрі бар. Олар: дауыстап оқу және іштей оқу. Оқудың бұл екеуі де бастауыш сыныпта қолданылып, дамытылады.
Сауат ашу кезеңінде дауыстап оқу іске асырылады. Ол 1-2-сынып оқушыларына тән. Іштен оқу да қолданылады. Бірақ іштен оқу 1-сынып оқушыларының оқу деңгейін тексеруге, олардың жіберген қателерін түзетуге мүмкіндік бермейді. Ал дауыстап оқыту арқылы олардың оқу сапаларын байқауға болады. Сондықтан сауат ашу кезеңінде дауыстап оқу қолданылады.
Әліппеден кейінгі кезеңде іштен оқуға дағдыландыра бастау қажет. Іштен оқуға үйрету маңызды. Себебі, дауыстап қана оқып үйренген бала орта буынға көшкен кезде қиыншылыққа ұшырайды:
1. Ол оқуы үшін жеке өзі ғана болуды қажет етеді. Дауыстап оқыса, басқаларға кедергі жасайды.Оқу залдарында сабаққа дайындалу қиынға түседі.
2. Оқу шапшаңдығы дамымайды. Себебі оқу жылдамдығы іштен оқу барысында қалыптасады. Мысалы: 2-сыныпта оқу жылдамдығы дауыстап оқуда минутына 35-50 сөз болса, іштен оқығанда 45-60 сөз болады. 3-сыныпта дауыстап оқығанда 60-75 сөз болса, іштен оқығанда 80-100 сөз болады.
2,3,4-сыныптарда оқудың екі түрі де қатар қолданылады. Ал 3,4-сыныптарда көбіне іштен оқуға көңіл бөлінуі қажет. Мұғалім оқудың екі түрін де іске асыру барысында оқу сапаларына да баса назар аударуы қажет.
2. Оқу сапалары.
Дұрыс оқу
1. Дұрыс оқуға үйрету негізі алғашқы оқу-жазуға үйрету кезден басталады. Дұрыс оқу үшін оқушылар мына талаптарды орындауы қажет:
1. Сөзді оқығанда әріптеп оқымай, буындап, буындарды жалғастырып оқу. Мысалы: ша-на-лар, то-қу. Мұнда балалар сөздің сыртқы түрін ғана меңгеріп, мағынасын түсінбей оқитын болса, дер кезінде түсіндіріп, түзетіп, сөзді буынға бөлгенде дұрыс бөліп оқуға жаттықтырып, дағдыландыру қажет.
2. Оқып тұрған сөздің не алдынан, не артынан, не ортасынан артық дыбыс қоспай, не түсірмей оқу, ұқсас дыбыспен ауыстырмай оқу.
3. Бір дыбысты не буынды ұзақ созып, не екі рет айтпау: аа-на, баа-ла, а-на-на, ба-ба-ла.
4. Бір сөз орнына екінші бір сөзді айтпау (мағынасына сәйкес келетін), сөйлем соңындағы сөзді, буынды жұтып қоймау.
5. Ұқсас дыбыстарды, тілі келмейтін дыбыстарды ауыстырмау.
Сонымен оқушы дұрыс оқымаса, мұғалім дұрыс оқып беріп, оқушыға қайталаттырады немесе жақсы оқитын оқушыға оқыттырады.
Баланың табиғат сыйға тартқан барлық интеллектуалдық қабілеттері ана тілін меңгерудің, онда да мектепке дейінгі кезде меңгерудің арқасында пайда болады және дамиды. Балаларды ана тіліне оқытуда кәсіби шеберлікті меңгеру үшін болашақ тәрбиешіге әдістеме теориясын, ұғыну және ғылымға белгілі әдістерді меңгеру, яғни осы әдістерді жүзеге асыратын оқытудың аса маңызды тәсілдерін орындауға жаттығу қажет.
Тілді дер кезінде және сапалы меңгеру балада дұрыс психиканың қалыптасуының және оның кейін жақсы дамуының алғашқы аса маңызды шарты болып табылады. Дер кезі дегеніміз – бала дүниеге келген алғашқы күннен бастау, сапалы дегеніміз – тілдік материал көлемінің жеткілікті болуы және баланың әрбір жас кезеңіне қарай тілді меңгеруге деген мүмкіндіктерін толық пайдалану.
Түсініп оқу
Түсініп оқу – оқыған сөз немесе сөйлемнің мағынасын, ондағы айтылған ойды дұрыс түсініп, оны екінші бөлімде айтылған оймен байланыстыруы, оқылған мәтін мазмұнын анық, терең ұғынуы.
Түсініп оқу дұрыс оқу сапасы арқылы іске асады. Түсініп оқу барысында оқушыларда елес, ұғым, бейне, жоғары сезімдер пайда болады. Түсініп оқуға дағдыландырудың маңызды бір жолы – кіріспе әңгіме. Сонымен қатар оқудың алдында саяхатқа шығу, тәжірибе, бақылау жасау да түсініп оқуға дағдыландырады. Қорытынды әңгіме де оқушының түсініп оқуына септігін тигізеді.
Жаңа материалды түсініп қабылдау үшін сабақ үстінде жүргізілетін жұмыстар:
1. Кіріспе әдгіме.
2. Мұғалімнің мәтінді тұтас баяндауы не оқып беруі.
3. Сөздік жұмысы.
4. Бөлім-бөлім бойынша оқушыларға дауыстатып оқыту.
5. Сұрақ-жауап арқылы не түсінгендерін, қалай түсінгендерін байқау.
6. Іштен оқу.
7. Қажетті жағдайда оқудың басқа түрлерін іске асыру. Мысалы: рөлге бөліп оқу, теріп оқу, бөлімге бөліп оқу.
8. Түсінгендері бойынша бөлімге ат қою, мазмұндық сурет салу, мазмұнына сәйкес мақал-мәтел айту.
9. Осы әңгімеге ұқсас, идеялық ойын аша түсетін қосымша әңгімеге өлең, т.б. айту.
10. Мәтінді қалай қабылдағанын байқау, алған білімін білікке айналдыруға бағытталған қорытынды әңгімеге өткізу.
Мәнерлеп оқу
Мәнерлеп оқу – бастауыш сынып оқушыларын дұрыс оқуға үйрету үшін қойылатын талаптың бірі. Дауыс интонациясын сақтап оқығанда ғана бала дұрыс оқиды әрі оқығанын түсінеді. Оқудың сапалары бірімен-бірі тығыз байланысты, бірін-бірі толықтырып отырады. Түсініп оқу үшін дұрыс оқу керек. Мәнерлеп оқу үшін оқып отырғанын түсіну керек. Мәнерлі оқылмаса, дұрыс оқыды дей алмаймыз. Ендеше бастауыш сыныпта мәнерлеп оқуға үйрету сауат ашу кезеңінен басталады. Сауат ашу кезеңінің дайындық сатысынан бастап сөйлеуге үйретеміз. Ал оның басты үлгісі – мұғалімнің өзінің дауыс интонациясы. Мәнерлеп оқу дегеніміз – дұрыс оқу, сонымен бірге дауыс интонациясы арқылы сөйлем не мәтіндегі негізгі ойды жеткізу, мазмұндық ой екпінін қоя білу, кейіпкер көңіл-күйін сезіне оқу. Екінші сөзбен айтқанда, қарапайым сөйлеу тіліне жақын, еркін оқу, дауысты құбылтып, тындаушысына әсерлі етіп жеткізу.
Баланы мәнерлеп оқуға үйрету үшін мүғалімнің өзі мәнерлеп оқу техникасын жетік біліп, оның оқушыларына меңгерте алатындай дәрежеде болуы керек.
Мәнерлеп оқуда басты 3 міндет орындалады:
1. Оқушылар шығарманың мазмұнын түсінеді.
2. Шығармадағы кейіпкерлер қайта жасалады.
3. Шығармадағы көңіл-күй көтеріледі.
Мәнерлі оқуда дауыстың маңызы зор. Дауыс сөйлеу мүшелері мен ауаның бір-біріне соқтығысуымен жасалады. Соның ішінде дауыстың ажыратылуы дауыс шымылдырығына тікелей байланысты. Дауыс шымылдырығында пайда болған үн қуыс мүшелері арқылы өткенде әр түрлі реңге ие болады.
Әр адамның өз дауысы болады, өйткені әр адамның өзінше анатомиялық, физиологиялық ерекшеліктері бар.
Дауыстың өзіндік сапасы болады, олар: дауыс күші, қарқыны, тембр.
Сөйлеу, не оқу кезінде дауыс күші бірде жоғары, бірде төмен болады. Мысалы: «Құмырсқа мен қара қоңыз бір сыныпта оқып жүр. Кұмырсқа күн сайын бес алып, қоңыздың күнделігі екіге тола берді.» — деген сөйлемдерде көтеріңкі дауыспен оқылатын сөздер — бір сыныпта, күн сайын, екіге, ал жай, төмендеп оқылатын сөздер – оқып жүрді, алып, тола берді, артынша бір қалыпта оқылатын сөздер – құмырсқа мен қара қоңыз, құмырсқа бес, қоңыздың күнделігі.
Осы сөздерді оқудағы дауыс қарқыны /темпі/ орташа болып келеді. Бұл сөйлемдерді тез оқуға болмайды.
Ал дауыстың тембрі /құбылуы/ тыңдаушыға әсер ететіндей болуы керек. Шығарманың мазмұнын дұрыс түсінгенде ғана құбылта оқу іске асады.
Мәнерлеп оқуда дауыс ырғағы – интонацияның орны бөлек.Интонация дегеніміз – сөйлеу сазы.Ол сөйлеудің ритмі мен үнін,дауыстың бірде жоғарылап, бірде төмендеуін білдіреді.Интонация мына элементтерден тұрады.Сөз екпіні және ой екпіні. Сөз екпіні – фразалық екпін,ал ой екпіні – логикалық екпін. Сонымен, көркем сөз оқушы адамның шығармадағы кейіпкерлердің көңіл-күйі, ішкі сезімін, жан-дүниесін тыңдаушыға сан алуан дауыс сазы арқылы жеткізуін интонация дейміз. Интонация дұрыс болу үшін оның элементтерін дұрыс, бір-бірімен ұштастыра пайдалануымыз керек.
Олар: дауыс күші, тембрі, екпін, пауза түрлері, сөйлеу /мелодия/ нормативтік дауыс ырғағы.
Интонацияны сақтауда кідірістерді дұрыс пайдаланудың маңызы зор. Кідірістер /пауза/ логикалық, психологиялық, грамматикалық болып 3-ке бөлінеді.
1. Логикалық кідіріс.
Бұл – табиғи кідіріс. Мұнда шығарманың мән-мағынасына орай, сол шығарманың идеясын ашатын жекелеген создерге салмақ түсіріледі. Бұл кезде тыныс белгілеріне онша назар аударылмайды.
Әрбір сөйлемде айтылатын ойға негіз болатын жеке сөз, не сөз тіркестері болады. Бұл сөздер сөйлемдегі басқа сөздер мен сөз тіркестерінен көтеріңкі оқылып, тыңдаушының назарын өзіне аударады. Мұндай сөйлем ішіндегі мағына жағынан мәні басым сөздерге логикалық екпін түсіріліп, логикалық кідіріс жасалып, мәнерлі оқылуы керек. Мысалы, Сүлеймен деген патша кірпі мен қарғаға былай деп бұйрық береді:
— Сен, қарға, бір күнде жер дүниені аралап, жақсы сайрайтын құс тап. /Қазақтың халық ертегісінен/.
Бұл сөйлемде логикалық кідіріс «Сүлеймен деген патша», «сен, қарға», «бір күнде» деген сөз тіркестерінен соң жасалады. Өйткені, ой екпіні осы тіркестерге түсіп тұр.
Логикалық кідіріс жасап, ой екпінін дұрыс білу үшін сөйлем мағынасын, сөйлемдегі сөздердің бір-бірімен грамматикалық байланысын таба білу керек.
Пауза сақталмай оқылса, онда мәтін мазмұны түсініксіз болады. Мысалы, «ол үй емес» деген сөйлем паузасыз айтылса, онда айтып тұрғаным «басқа» деген ұғымды білдіреді. Яғни «ол» сөзі сөйлемде «үй» сөзіне анықтауыш ретінде қолданылады. Ал «ол» сөзінен кейін пауза жасасақ, онда айтып тұрғаным «үй емес, қора немесе басқа бірдеме» дегенді білдіреді. Мұнда «ол» бастауыш қызметін атқарып тұр.
2. Психологиялық кідіріс мәтіннің мазмұн-мағынасын, ондағы кейіпкердің іс-әрекетіне, оның көңіл-күйінің құбылуына байланысты оқылады. Мәтінді оқығанда психологиялық кідіріс дұрыс жасалса, тыңдаушы әрі қарай не болатынын тағатсыздана күтеді.
Мұнда жеке сөздерге, сөз тіркестері мен тармақтың әсеріне көбірек салмақ түсіріледі. Бұл кідіріс арқылы лирикадағы негізгі ой ашылады. Яғни, қуану, шаттану, толғаныс, өкіну, сағыну, кекету және басқа көңіл-күй беріледі.
— «Біраз сайрасам қайтеді?..» – депті бұлбұл жалынып. Жолбарыс:
— «Мен саған сайрағанды көрсетейін», – деп ұмтыла бергенде, бұлбұл пыр етіп ұша жөнеліпті. /«Мақтаншақ жолбарыс»/.
Бұл мысалда психологиялық кідірістер «сайрасам қайтеді», «жолбарыс», «сайрағанды көрсетейін» деген тіркестерден кейін қойылады.
Мәселен, Абайдың «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» (14жол) өлеңін талдап көрейік. Өлең мәтінін толық келтірейік.
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ержеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
Өлең мәнерлеп оқылғаннан кейін, мәні ашылады. Мәнерлеп оқыған кезде тиісті кідірістің түрлерін қолданамыз. Абайдың бұл өлеңі баяу, салмақты үнмен оқылады. Ақынның оқу-білімнен кеш қалып қойғандағы өкініші кезінде психологиялың («жасымда ғылым бар деп ескермедім,ержеткен соң түспеді уысыма, қолымды мезгілінен кеш сермедім, бұл махрұм қылмағыма кім жазалы») кідіріс қажет. Оның құрылымы үш түйінді ойдан тұратындығы айтылады. Олар:
— ақын өкінішінің себебі (алты жол);
— баласын оқуға беру (төрт жол);
— өзі туралы (төрт жол).
Осыдан соң мынадай сұрақтар қойылып, өлең мәнін аша түсуге болады:
1. Ақын неге өкініш етті?
2. Ақын баласын қандай оқуға берді?
3. Ондағы мақсаты не?
4. Сол кездегі оқу туралы шектеулі түсінік қандай еді?
5. Ақынның оқуға насихаттағандағы мақсаты не?
6. Ақынның өзі туралы ойы қандай?
Өлең мәтініндегі «махрұм», «қызмет қылу», «шен алу», «қарасөзге дес бермеу», «басқа шауып төске өрлеу» деген сөздерге түсінік беріледі, мағынасы айқындалады. Жазушы М.Әуезовтің: «Көркемөнер – біздің ішкі дүниемізге, жан жүйемізге әсер етіп, адамдық қалпымызды тәрбиелейді» дегені еске түсіріледі. Әрбір көркем мәтін оқушының танымдық біліктілігін қалыптастырып, эстетикалық деңгейіне қозғау салады. Осы өлең арқылы жастар оқу-білімге деген көзқарасын, ғылымның мәнін, қоғамға, адамзатқа пайдалы болып, игілікті істер атқаратындай, азамат болу керектігін түйсінеді.
Осы ой Абайдың басқа да өлеңдерінде жалғасатындығы айтылады. Қазіргі кездегі «ғылым», «білім» сөздерінің мағынасы ашылып, оқу-білімнің пайдасы ұғындырылады.
Психологиялық кідіріс мәтінде немесе тіркесте бір бөлікті басқаларынан ерекше бөліп көрсетуі үшін әсіресе, эмоцияны білдіретін жерлері эмоцияны білдіретін жерлері баса оқылады.
Мысалы, 2-сыныптағы Ш. Смаханұлының «Тәкәппар» мысалында:
«Мөлдір суым, мекенім,
Енді қайтсем, жетермін!?
Қадіріңді, білмедім,
Неге шалқып жүрмедім!?» деген жолдары өте өкінішті күйде оқылады.
Паузаға үйрету 1-сыныптан бастап жүргізіледі. Оның 2 жолы бар:
1. Оқушы мұғалімге еліктеу арқылы үйренеді.
2. Арнаулы жаттығулар арқылы үйретіледі.
Оқуға үйрену барысында оқушының білігі мен дағдысын былайша бағалауға болады:
1. Баяу, бірақ дұрыс, түсініп, мәнерсіздеу оқиды;
2. Шапшаң, мәнерсіз, сөзді бұрмалап, түсінбей оқиды;
3. Шапшаң, дұрыс, түсініп, мәнерлеп оқиды.
4. Орташа қарқынмен,дұрыс, түсініп, мәнерлеп оқиды;
5. Өте баяу, бірқалыпты, дұрыс, түсініп, мәнерсіз оқиды.
3. Грамматикалық кідіріс.Грамматикалық кідірістің (бұл кейде «өлең аралық» немесе «тасымал кідірісі» деп те аталады) эмоциялылығы жоғары. Бұған әр сөзді бөліп, ашық, түсінікті, тыныс белгілеріне орай кідіріп оқу жатады.
Грамматикалық кідірістер – тыныс белгілеріне байланысты қойылатын кідірістер. Жазуда белгілі бір нормативті басшылыққа ала отырып, сөйлемге тыныс белгілерін қоямыз. Тиісті тыныс белгілерін сөйлемнің мән-мағынасына байланысты қою – сауаттылықтың негізі. Ал осы сөздерді оқуда тыныс белгі қойылған жерге грамматикалық немесе нормативтік кідіріс жасау – мәнерлеп оқудың негізгі шарты. Әрбір тыныс белгіге кідіріс жасаудың өзіндік ерекшелігі бар. Хабарлы сөйлемнің соңында қойылатын нүктеге кілт тоқтамай, сөз соңындағы сөз немесе тіркес бояу созылыңқырай оқылады. Сол сияқты бастауыштан кейін қойылатын сызықшаға арнайы тоқталып, кідіріс жасамаса, бастауыштың синтаксистік қызметі өзгеріп кетуі мүмкін. Мысалы, Ол – инженер Асыл. Ол инженер – Асыл.
Дикция (үн реңі). Мәнерлеп оқуда дикцияның мәні зор. Дикция– сөйлеудің тазалығы мен ашықтығы. Бастауыш сынып мұғалімдерінің дикциясы ашық, таза болып, сөйлеу тілінде мүкіс болмауы керек. Ол үшін мұғалім дыбыстардың жасалуының артикуляциясын жақсы біліп, сөйлеу барысында оны дұрыс қолданып, оқушыларынан да соны талап етіп, түрлі артикуляциялық жаттығулар жасап отырғаны жөн.
Мұғалім өз сөзін анық, айкын айтуға тиіс. Оның сөзі – балаларға үлгі, оқушылар мұғалімге еліктейді, кейде қате айтқан сөзін де ұғып алады. Сондықтан мұғалім өз сөзіне мұқият болып, өте тез асығып сөйлеу сияқты кемшіліктерді жібермей байқап отыруды дағдыға айналдыру керек.
Анық, таза сөйлеу дәрежесіне үнемі артакуляциясын жаттықтыру арқасында жетуге болады, яғни сөйлеу мүшелерінің қажетті дыбыстарды айтуға ыиғайлап, бір қалыпты қозғалуы мен позициясы жағдайында ұстау. Бұл жаттығулар еріннің қимылына, жақтың жылдам ашылуына, тілдің жылжымалығына, кей дыбыстарды (р, ш, с) дұрыс айтуға дағдыландырады; тез сөйлегенде, созып сөйлегенде т.б. кездесетін кемшіліктердің болмауына көмектеседі.
Дыбыстардың сөйлеудегі артикуляциясын қазақ тілі сабағында фонетиканы өткенде жетілдіреді. Фонетиканы жақсы білу дикцияны түзеуге берілген жаттығуға көмегін тигізеді.
Дұрыс дыбыстауға жүргізілетін жаттығулар алғашында мұғалімнің басшылығымен жүргізіледі де, кейін оқушылар өздері әбден дағдыланып, сөйлеуде жіберілетін қатені де тауып түзейтіндей жағдайға жеткенде, өз беттерінше шұғылданады.
Оқу кезіндегі меңгерілген дауыс кідірістері оқушылардың ойын әсерлі жеткізуіне көмегі тиетіндігі сөзсіз. Мәнерлеп оқуды дұрыс жолға қою жұмысы көркем шығарманың эмоциялық жақтарын бере біліп оқумен де тығыз байланысты. Шығарманың мазмұнына қарай мәтіннің бір жері қуанышты, шаттық сезіммен оқылса, екінші бір жері – жарамсақтық мінез-құлықпен, үшінші біреуі ызғарлы, ашулы дауыспен оқылады. Әрине, мұны талап етіп тұрған жазушының немесе ақынның сөз қолданысы кейіпкерлердің бойына құйған қуаныш-қайғысы, толғаныс-тербенісі, қасірет-мұңы болып табылады. Сол үшін көркем сөз мәтінін оқыған уақытта автордың және кейіпкерлердің ой-сезімінің түрлі реңкін сазына келтіріп оқи білуге жаттықтырылады. Шығарманың әуен-сазы, ырғақ-ұйқасы, барлық интонациялық құрылымы дауыстап сөйлегенде ғана көрінеді. Сондықтан ырғаққа аса көңіл бөлген жөн. Өйткені ауызша сөйлеуде де, мәнерлеп оқуда да ырғақтың орны бөлек. Ырғақ дегеніміз – өлең сөз бен қара сөздің сөйлемдерінде дауыс толқынының бірде бәсең, бірде көтеріңкі келіп отыруы.
Бастауыш мектеп оқушыларында оқу тәртібі мына шамада өтіледі:
1. Балаларды оқығанда тыңдауға дайындау. Бұған жататындар балаларды алдын-ала психологиялық тұрғыдан дайындау, естігенін ұғатындай жағдай жасау, оларды ұйымдастыру жағы.
2. Балаларға шығарманы оқу. Оқу кезінде көркем туындының образын нақтылай түсуге немесе қорытындылауға иллюстрация, сурет, диапозитив, кесте тағы осындай көрнекті құралдар қолданылады.
3. Оқылған шығарманы мазмұны бойынша пікір алысу, әңгімелесу. Бұған жататындар балалардың өздерінің пікір айтуы, мұғалімге қоятын сұрақтары, оның қайтаратын жауабы, мазмұндап айтып беруі, оқылған мәтін бойынша балалардың шығармашылық жұмыстары (сурет, бейне, жабыстыру, әңгіменің аяғын жалғастыру т.б.).
4. Көркем шығармада суреттелген өмір шындығының елесі жайлы балалардың түсінігін қорытындылау. Қорытындыны оқылған әңгіме, өлең бойынша мұғалімнің қойылған сұрағына балалардың жауап берулері немесе тақырыпты аша түсу үшін мұғалімнің толықтыру әңгімесі арқылы жасауға да болады.
Шапшаң оқу. Шапшаң оқуға үйрету сауат ашудың әліппе сатысының соңына таман жүргізіле бастайды. Дұрыс оқуға төселген бала біртіндеп шапшаңдықты қосып отыруы керек.
Шапшаң оқу – оқығанды түсінетіндей қалыптағы шапшаңдықпен оқу. Мәтінді тым баяу оқыған оқушы мәтін мазмұнын түсінбек түгіл, бір сөйлемде не туралы айтылғанын да аңғара алмай қалады. Сондықтан оқушыдан мәтінді белгілі бір түсінетіндей шапшаңдықта оқуды талап ету қажет. Шапшаң оқу – қалай болса, солай тез оқу деген сөз емес. Яғни, шапшаң оқу – түсініп, мәнерлеп оқу. Сондықтан да оқу бағдарламасында оқушылардың оқу шапшаңдығына, икемділігіне қойылатын талаптың бірі – оқушылардың 1 минутта оқу жылдамдығының сөз санымен берілуі. Мысалы: 1-сыныпта – 15-20 сөз, 2-сыныпта – 25-30 сөз, 3-сыныпта – 60-75 сөз, 4-сыныпта – 80-90 сөз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет