Білім туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі n 319 Заңы


-бап. Техникалық және кәсіптік білім берудің білім



Pdf көрінісі
бет17/61
Дата06.01.2022
өлшемі208,07 Kb.
#110089
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   61
Байланысты:
zakon rk ot 27.07.2007 no 319-III kaz
адыс тасыл, Презентация Microsoft PowerPoint (2), мінездеме
      17-бап. Техникалық және кәсіптік білім берудің білім

              беретін оқу бағдарламалары

      1. Техникалық және кәсіптік білім беру орта білім беру деңгейінің құрамдас бөлігі болып

табылады және қоғамдық-пайдалы кәсіптік қызметтің негізгі бағыттары бойынша білікті қызметкерлер

мен орта буын мамандарды даярлауға бағытталған.

      2. Техникалық және кәсіптік білім берудің білім беретін оқу бағдарламалары олардың

мазмұнына және білім алушылардың даярлық біліктілігінің деңгейіне қарай мынадай білім беретін

оқу бағдарламалары болып бөлінеді:

      1) техникалық және қызмет көрсету еңбегінің бұқаралық кәсіптері бойынша кадрлар даярлауды




көздейтін.

      Білім беретін оқу бағдарламаларының мазмұны:

      жалпы кәсіптік және арнайы пәндерді меңгеру үшін бейіндеуші болып табылатын жалпы білім

беретін пәндер бойынша интеграцияланған курстарды зерделеуді, кәсіптік дағдыларды меңгеру

бойынша өндірістік оқудан және кәсіптік практикадан өтуді;

      білім алушыларға нақты кәсіп бойынша кәсіптік біліктіліктің белгіленген деңгейін (разряд,

сынып, санат) беруді көздейді;

      2) экономиканың барлық салаларында жоғары технологиялармен және кәсіптік қызметпен

байланысты жұмыстарды орындаудың күрделі (аралас) кәсіптері мен практикалық дағдыларын меңгеруді

көздейтін.

      Білім беретін оқу бағдарламаларының мазмұны:

      жалпы білім беретін, жалпы гуманитарлық, экономикалық, жалпы кәсіптік, арнайы пәндерді

зерделеуді, кәсіптік дағдыларды игеру және бекіту бойынша өндірістік оқудан және кәсіптік

практикадан өтуді;

      білім алушыларға нақты мамандық бойынша кәсіптік біліктіліктің жоғары деңгейін беруді

көздейді;

      3) орта буын мамандарды даярлауды қамтамасыз ететін.

      Білім беретін оқу бағдарламаларының мазмұны техникалық және кәсіптік білім берудің

интеграцияланған білім беретін оқу бағдарламаларын жоғары оқу орындарының 1-2-курстарының білім

беретін оқу бағдарламаларымен қоса зерделеуді көздейді.

      Аралық аттестаттау қорытындысы бойынша (оқытудың әрбір курсынан кейін) білім алушыларға

нақты мамандық бойынша кәсіптік біліктіліктің қол жеткізген деңгейі (разряды, сыныбы, санаты)

беріледі.

      Оқытудың толық курсын аяқтағаннан және қорытынды аттестаттаудан өткеннен кейін білім

алушыларға орта буын маманы біліктілігі беріледі.

      3. Мәдениет және өнер мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің білім

беретін оқу бағдарламалары көрсетілген мамандықтар бойынша білім алушылардың ерте мамандануы

қағидаты мен даярлау ерекшеліктері ескеріле отырып әзірленеді. Оқыту ұзақтығы оқу

бағдарламаларының күрделілігі мен берілетін біліктілік деңгейіне байланысты және ол тиісті

мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартымен айқындалады.

      4. Жалпы орта білімі бар азаматтар үшін техникалық және кәсіптік білім берудің білім

беретін оқу бағдарламалары жалпы кәсіптік, экономикалық, арнайы пәндерді зерделеуді және

таңдаған мамандығы бойынша болашақ кәсіптік қызметін айқындайтын оқу-өндірістік жұмыстарды

орындауды көздейді.

      5. Техникалық және кәсіптік білім берудің білім беретін оқу бағдарламалары теориялық және

өндірістік оқыту бағдарламаларынан және кәсіптік практикадан тұрады.

      

Ескерту. 17-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.10.24 



№ 487-ІV

 (алғашқы ресми жарияланғанынан

кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет