Жағдайлық есептер (тәжірибелік дағдыны қабылдау) 1.Науқас белок мөлшері төмен диетада. Оның қан сарысуын зерттегенде мочевина мөлшері 11,83 мМоль/л болды. Науқас қандай ауруға шалдыққан деп болжауға болады?
2.Зерттелетін қан сарысуындағы креатин мөлшері 1,2 мМоль/л. Осы жағдай қай органның қызметі бұзылғанда байқалады?
3.Науқаста кіші буын артриті байқалады. Оның қанында несеп қышқылы мөлшері артқан. Қандай ауру деп болжауға болады? Несеп қышқылы неден түзіледі?
4. Пациенттің бауыр тұсы ауырады, склерасы мен терісі сарғайған. Нәжісі түссіз, зәрі – сыра түсті (қоңырлау). Осы күйді қандай патология тудырады? Осы пациент қандай анализ тапсыруы керек? Нәжістің түссізденуін қалай түсіндіруге болады? Зәр түсінің өзгеруі қандай қорытынды жасауға мүмкіндік береді? Осы патологияда тікелей және тікелей емес билирубин арақатынасы өзгереді ме?
5. Операция алдында науқастың қанындағы қалдық азот мөлшері жоғарылаған (50мМоль/л). Оған операция жасауға болады ма? Неліктен?
6. Қан сарысуындағы глюкоза мөлшері 10мМоль/л. Бұл күй қашан байқалады? Зәрде глюкоза пайда болады ма?
7. Қан сарысуы белоктарының электрофорезі кезінде қан сарысуындағы жалпы беклок мөлшері қалыпты, ал жеке белок фракцияларының проценттік арақатынасы: альбуминдер – 40, α-глобулиндер – 10, β-глобулиндер – 10, γ-глобулиндер-38 құрады. Бұл дені сау адамның, әлде науқастың қан сарысуы ма? Неліктен олай ойлайсыз?
8. Науқаста тырыспа байқалады. Қан сарысуын тексеру барысында кальций мөлшері 1,2 мМоль/л болды. Осы күй қалай аталады? Қашан байқалады?
9. Науқастың қан сарысуында калий мен магний мөлшері артқан. Бұл қай кезде байқалады?
10.Қан сарысуындағы кальций мөлшері нормадан көп (6 мМоль/л). Қандай горомн секрециясы артқан? Неліктен?
11. Науқастың тілі ісінген, үлкейгендігі сонша аузына сыймайды, тілінің үстінде тістің іздері қалады. Бұл ауру қандай эндокринді бездің қызметі бұзылғанда байқалады? Ісінудің биохимиялық механизмі.
12. Базедов ауруымен ауыратын науқастардың дене температурасы неліктен қалыптыдан жоғарырақ болады?
13. Зәрде 17-окси- және 17-кетостероидтар, альдостерон мөлшері төмендеген. Қысым төмендеген. Сусыздану, гипогликемия байқалады. Бұл қай бездің гипофункциясы кезінде байқалады және неліктен?
14. 10 жастағы бала бойының неліктен аласа екенін анықтау үшін ауруханаға келді. Оның бойы өзімен жасты балалардан аласа болатын, ата-анасы оның 7 жасар інісінен аласа болғанына мазаланып, дәрігерге әкеледі. Ол екі жылда 3 см-ге ғана өсті. Қандай горомн жеткіліксіздігі деп болжауға болады? Бұл жайт баланың ақыл-ойына әсер етуі мүмкін бе?