1. Тақырыбы: Қалыпты және патологиялық зәрдің физикалық-химиялық қасиеттері. Қалыпты зәрдің химиялық құрамы, физикалық-химиялық қасиеттері. Патологиялық жағдайда зәрдің қасиеттері мен құрамының өзгеруі.
2.Мақсаты:
Студенттерде бүйректің атқаратын қызметтері және ондағы метаболизм ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастыру.
Студенттерде қалыпты жағдайдағы және патология кезіндегі зәрдің физикалық-химиялық қасиеттері мен химиялық құрамы туралы білім қалыптастыру.
Кәсіби әдебиетпен жұмыс істеу барысында студенттердің дағдылары мен талдай білу қабілеттерін қалыптастыру.
Жаңа терминдер мен түсініктерді енгізу.
3.Оқыту міндеттері:
1. Бүйректің осмостық және артериялық қысымды реттеудегі роліне, ондағы заттар алмасуының ерекшеліктеріне студенттердің назарын аудару.
2. Қалыпты жағдайдағы зәрдің физикалық-химиялық қасиеттері мен химиялық құрамын және олардың патология кезіндегі өзгеруін қарастыру.
3. Диурез, полиурия, олигоурия, никтурия, анурия, энурез, уремия, изостенурия, гиперстенурия, гипостенурия, гиперхромурия, гипохромурия, урохром, уроэритрин, эритропоэтин, пиурия, протеинурия, глюкозурия, гематурия, билирубинурия, хилурия, кетонурия, зәр диастазасы, креатинурия, ламинин, энтактин терминдеріне анықтама беру.
4. Зәр құрамын талдау, ондағы өзгерістердің пайда болу себептерін көрсету.
5. Студентті кәсіби әдебиетті оқып білуге және ғаламтордан ақпарат табуға ынталандыру.
4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Қалыпты жағдайдағы және патология кезіндегі зәрдің мөлшері.
Қалыпты жағдайдағы және патология кезіндегі зәрдің меншікті салмағы.
Қалыпты жағдайдағы және патология кезіндегі зәрдің рН-ы.
Қалыпты жағдайдағы және патология кезіндегі зәрдің иісі, түсі, мөлдірлігі.
Дені сау адам зәрінің химиялық құрамы.
Индикан және басқа да эфиркүкірт, эфирглюкурон қышқылдары, химиялық табиғаты, түзілуі, зәрдегі осы заттардың мөлшерінің арту себептері.
Креатинурия, креатиннің құрылысы және оның түзілуі, креатиннің бүйрек шегі туралы түсінік, креатинурияның себептері.
Несеп қышқылы, химиялық табиғаты, түзілуі, зәрдегі мөлшерінің арту себептері.
Гиппур қышқылы, химиялық табиғаты, түзілуі, зәрдегі мөлшерінің арту және төмендеу себептері.
Глюкозурия, түрлері және себептері.
Протеинурия, түрлері және себептері.
Кетон денелері – өкілдері, химиялық табиғаты және түзілуі, кетонурия – себептері.
Тікелей емес және тікелей билирубин, химиялық табиғаты және түзілуі, билирубинурия – себептері.
Гематурия – себептері. Эритроцитурия және гемоглобинурия туралы түсініктер. Осы күйлерді бір-бірінен қалай ажыратуға болады?
Зәр диастазасы, түсінік, себептері.
Достарыңызбен бөлісу: |