Биологиялық химия Кафедрасы



бет139/226
Дата29.01.2023
өлшемі0,76 Mb.
#166720
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   226
Байланысты:
СИЛЛАБУС-Мамандығы-051301-–-«Жалпы-медицина»

1. Тақырыбы: Қан биохимиясы. Қан плазмасының бейорганикалық құрамдас бөліктері, олардың ролі. Қанның буферлік жүйелері. Ацидоздар және алкалоздар, олардың түрлері. Макро- және микроэлементтер, олардың ролі. Су мен минералды заттар алмасуы және оның реттелуі.
2. Мақсаты:

  1. Студентерде қан плазмасының бейорганикалық заттардың қышқыл-сілтілі тепе-теңдікті (ҚСТ) тұрақты сақтаудағы рөлі, ҚСТ бұзылыстары, осы күйді теңестіру жолдары туралы білім қалыптастыру.

  2. Студентерде ағзадағы негізгі макроэлементтерінің қызметтері туралы білімдерін қалыптастыру.

  3. Жаңа түсініктер мен терминдер еңгізу;

  4. Кәсіби әдебиетпен жұмыс істеу кезінде студенттердің дағдылар мен талдай білу қабілеттерін қалыптастыру.

3. Оқыту міндеттері:

  1. ҚСТ тұрақты сақтаудың механизмін талдау.

  2. Адам ағзасындағы негізгі макроэлементтерінің ролін, макроэлементтердің қандағы қалыпты мөлшерін, нормадан ауытқу себептерін оқып-білу.

  3. ҚСТ бұзылыстарын (ацидоз, алкалоз) тудыратын себептерді қарастыру.

  4. Осы күйлерді теңестірудің жолдарын көрсету.

  5. Метаболиттік және респираторлы ацидоз, метаболиттік және респираторлы алкалоз, су-және минерал заттар алмасуы терминдері мен түсініктеріне анықтама беру;

  6. Студенттерді кәсіби әдебиеттерді оқып-білуге және Ғаламтордан ақпараттарды іздеу жұмыстарын жүргізуге ынталандыру.

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Қан плазмасының бейорганикалық құрамдас бөліктерінің маңызы.

  2. Қанның буферлік жүйелерінің қышқыл-сілтілі тепе-теңдікті (ҚСТ) тұрақты сақтауға қатысуы, бикарбонаттық буфері мысал ретінде олардың әсер ету механизмі.

  3. Ацидоздар: түрлері және пайда болу себептері, теңестіру механизмі.

  4. Алкалоздар: түрлері және пайда болу себептері, теңестіру механизмі.

  5. Макроэлементтердің (Na, K, Ca, Mg, Cl, S, фосфаттардың) маңызы. Қандағы қалыпты мөлшері, тағам көздері, адам ағзасындағы қоры, нормадан ауытқу себептері.

  6. Тірі ағза үшін кальцийдің маңызы. Кальцитониннің, кальцитриолдың және паратгормонның кальцийдің реттелуіндегі және алмасуындағы ролі.

  7. Тірі ағза үшін фосфордың маңызы. Кальцитониннің, кальцитриолдың және паратгормонның фосфордың реттелуіндегі және алмасуындағы ролі.

  8. Тірі ағза үшін судың маңызы. Судың түрлері. Вазопрессин менг натрий-уретикалық фактордың су алмасуының реттелуіндегі ролі.

  9. Альдестеронның натрий мен калийдің деңгейін реттелуіндегі ролі.

  10. Минерал заттар алмасуы туралы түсінік. Негізгі сатыларының қысқаша сипаттамасы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   226




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет