Биотехнология ғылым ретінде қалыптасуы, оның зерттеу объектісі, мақсаты, міндеттері Биотехнология


Биотехнологияның халық шаруашылығындағы маңызы мен болашағы



бет26/71
Дата26.12.2021
өлшемі235,07 Kb.
#128702
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   71
Байланысты:
Биотехнология сессия

27. Биотехнологияның халық шаруашылығындағы маңызы мен болашағы

Халық шаруашылығының түрлі салаларындағы биотехнологияның маңызы. Биотехнология өнімдерін немесе биотехнологиялық процестерді келесі салаларда қолданады: медицина, тағам өндірісі, ауыл шаруашылығы, экология, энергетика, химиялық өндіріс, мұнай өндіру, металдарды алу, биоэлектроника. Медицинадағы биотехнология. Вакциналар – арнайы өсірілген ауру тудыратын микроағзалар, вирустар мен олардың құрамдас бөліктері арнайы өңдеуден кейін əлсіздетілген немесе жансыздандырылған күйінде адам ағзасына енгізіледі, осының есесінен берілген ауруға қарсы иммунитет қалыптастырады. Осыдан бастап Луи Пастер кезеңі басталды. Антибиотиктер – ауру тудыратын микроағзаларға қарсы əсер ететін заттар. Зеңнен (плесень) синтезделіп зат алынды, оны пенициллин деп атады. Пенициллин өндірісі екінші дүниежүзілік соғыс кезінде басталды жəне жарақаттарды емдеуде кең қолданыс тапты. Əсері жоғары нəтижелерге ие болды. Дəрумендер. Дəрумендерді өсімдіктерге қарағанда жылдам синтездейтін микроағзалар табылды. Қазіргі таңда В2 жəне В12 дəрумендерінің, сондай-ақ химия өндірісінің жетістігі болып табылатын С дəруменінің өндірісі биотехнологияның қоржынында.Тағам өндірісіндегі биотехнология. Сыра, шарап, квас, нан ежелгі заманнан белгілі, бірақ оларды өндіру технологиясында микроағзалардың атқаратын ролі тек өткен ғасырда ғана белгілі болды. Қышқыл-сүт тағамдары. Бұл биотехнология өнімдері де ежелден белгілі, сондай-ақ əр халық ұйытқы ретінде əртүрлі микроағзаларды пайдаланған. Сусындарды дайындау технологиясында да айырмашылықтар бар. Сірке де ежелден белгілі, себебі сірке-қышқыл бактериялардың əсерінен шарап шарап сіркесіне айналатын. Лимон қышқылы. Оның қанттан немесе оның өндіріс қалдықтарынан – мелассадан, сонымен қатар құрамында қант болатын ағаш гидролизаттарынан немесе бидайдан биосинтездеу тəсілі табылды. Лимон қышқылының əлемдік өндірісі жылына 200 мың т-ға жуық.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет