Бірінші сынып оқушыларын бейімдеу. Психологтың ата-аналармен кездесуі. Слайдтарға мәтін



бет10/17
Дата29.12.2021
өлшемі0,91 Mb.
#106042
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17
Байланысты:
Адаптация 1-класс Каз ТЕКСТ к Слайдам
8-osh soch geografija 8kl kaz
1 1-слайд

Мектеп оқушысының тамақтануына қойылатын талаптар қатаң. Ол үйлесімді болуы тиіс – құрамында оңтайлы мөлшерде ақуыздар, майлар, мен көмірсутектер болуы тиіс, қажетті аминқышқылдарға, дәрумендерге және минералдарға бай болуы және тамақтанған сайын балаға азап емес, қуаныш әкелетіндей дәмді болуы тиіс.

Салауатты ас мәзірі бөліп тамақтануды қарастырады. Тамақтану тәртібі – күніне төрт-бес рет: таңғы ас, түскі ас, кешкі ас және бір-екі жеңіл тіскебасар. Ас үлесінің қажетті тәуліктік құнарлылығы баланың жынысына, бойына, салмағына, физикалық белсенділігіне байланысты және тәулігіне 1500-2000 ккал аралығында ауытқып отыруы мүмкін. Құнарлылық ересектердегі сияқты қағида бойынша үлестіріледі: құнарлы таңғы ас, тойымды түскі ас және жеңіл кешкі ас.

Баланың таңғы асына ерекше мән беру өте маңызды. Көптеген мектептерде балаларға таңғы ас береді, бірақ барлық бірдей балалар ұсынылған тамақты жемейді, сәйкесінше аш жүреді. Сондықтан, балаға тамақты үйден берген жөн.

Ыстық таңғы ас балаға тек күш-қуат қана беріп қоймай, жылу мен жайлылық сезімін сыйлайды. Ал қарны да, көңілі де тоқ бірінші сынып оқушысы білім алу үдерісіне әлдеқайда белсендірек кіріседі және мектептегі барлық жүктемелерге дайын болады. Кіші мектеп жасындағы балалар екінші таңғы асты өзімен бірге алып кете алады: сұйық йогурт, банан немесе ірікшік қосылған бутерброд/асылған тауықтың төс еті қосылған сэндвич.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет