Бірінші сынып оқушыларын бейімдеу. Психологтың ата-аналармен кездесуі. Слайдтарға мәтін



бет6/17
Дата29.12.2021
өлшемі0,91 Mb.
#106042
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Адаптация 1-класс Каз ТЕКСТ к Слайдам
8-osh soch geografija 8kl kaz
6 -слайд

Бала мектепке бірден бейімделе кетпейді. Бұл – баланың өзіндік ерекшеліктерімен, оның мектепке дайындық деңгейімен, сонымен бірге, әлеуметтік дағдыларының даму дәрежесімен байланысты ұзақ үдеріс.

Мысалы, балаларда төлқұжаттық және физиологиялық дамуда көптеген айырмашылықтар байқалуы мүмкін: физикалық және ақыл-ой жетілуі, іс-қимыл аппаратының және ішкі органдардың функционалдық әрекетке қабілеттілігі, ағзаның жалпы жағдайы, яғни, биологиялық жас және физиологиялық даму деп аталатынды сипаттайтын, күнтізбемен сай келмейтін, күнтізбеден көш ілгері жүретін немесе керісінше көзге көрінетіндей артта қалған құбылыстардың барлығы.

Мысалы, бала 6 жаста және төлқұжаттық мәліметтер бойынша ол мектепке бара алады және баруы тиіс. Алайда, оның физикалық даму деңгейі төлқұжаттық жасына сай болмауы да мүмкін. Мұндай сәйкессіздік акселерация салдарынан күшейе беруі мүмкін, акселерация – жылдамдатылған физикалық даму, ерте жыныстық жетілу, дене өлшемдерінің ұлғаюы немесе керісінше қимыл-қозғалыс белсенділігінің жетіспеушілігі, дене салмағының сәйкессіздігі, әлсіз кеуде қалпы және жеткіліксіз дене ұзындығы, жиі сырқаттану сияқты негізгі ерекшеліктермен сипатталатын құбылыстардың күрделі кешені.

Әлбетте, мектепке дайын болмау да қиындық тудырады: ұсақ моториканың, есте сақтау, ойлау, ерік-жігер үдерістерінің, оқу, санау, сурет салу машықтарының, т.б. қалыптаспағандығы. Бұл ширығу, қажу тудыра алады, оқуға деген ынтаның және оқу ұлгерімінің төмендеуіне алып келе алады. Бала жылаңқы, тұйық, қыңыр болуы, айла-шарғы қолдануы, үй тапсырмасын орындаудан жалтаруы мүмкін.

Әлеуметтік дағдылардың қалыптасу деңгейі өте үлкен әсер тигізеді. Біз олардың осы жаста қаншалықты маңызды екенін және баланың болашағы мен мектептегі үлгеріміне айтарлықтай ықпал ете алатыны туралы айттық.

Бейімделуге ата-ананың көзқарасы ерекше әсер етеді: ата-ананың баласына САПАЛЫ уақыт бөле алуы, баласымен бірге уақыт өткізуі, оның мүдделереін есепке алуы, махаббат пен құрмет көрсетуі, қолдау мен көмек беруі, ақпаратпен және тәжірибесімен бөлісуі. Егер баламен қарым-қатынаста эмоциялық байланыстар болмаса, бала сізді қынжылтады және масыл болады, бұл бала үшін одан да көп қиындықтар тудырады және жағдайды ушықтырады. Егер қиын болып жатса, мектеп психологына немесе психологиялық көмек сайтына кіріңіздер: https://covid-19.mentalcenter.kz/.


7 -слайд

Мектепке бейімделу барлық жүйелердің айтарлықтай ширығуымен байланысты. Мысалы, жүрек-қан тамырларыжәне бұлшық ет жүйелері баланың белсенділігі төмендеуіне байланысты өзгеріске ұшырайды (бала енді көп уақытын сабырлы күйде өткізуі, бір орында отыруы тиіс). Жасушаларда және тіндерде оттегі азая түседі, сондықтан, танымдық функциялар (зейін қою, есте сақтау, ойлау, т.б.) нашарлауына, шаршауға апаруы мүмкін.

Иммундық жүйе жаңа ортаға түсуге байланысты және жаңа бөтен микроағзаларға және басқа адамдардың орталарына түсуге байланысты ширыққан күйде болады. Орталық және перифериялық жүйке жүйесі қозу және тежеу үдерістерінің жүруін (жүгіргіміз келеді, бірақ, сабақта отырмыз), ОЖЖ командаларын жұмыс органдарына жеткізуді қамтамасыз ете отырып, жаңа жұмыс тәртібіне көшеді. Ерік-жігер күшімен реттеу жүйесі (тежеу) қалыптасады.

Жаңа жұмыс тәртібіне көшу баланың ағзасындағы әрбір үдеріске және әрбір жасушаға әсер етеді. сондықтан, ересектер осы жүйелердің ойдағыдай жұмыс жасауы және қалпына келуі үшін мейлінше жақсы жағдай жасауы қажет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет