19
Құндылық қағидасы.
Бизнес объектілерінің әрқайсысы құндылыққа
ие, себебі әр объектінің мәміле заты болу қабілеті бар, бизнес субъектілері
еркін
таңдау жасай отырып, іскерлік қызметтің нәтижелерімен алмасуды
жүзеге асырады.
Объектілердің құндылығы игіліктерді еркін таңдау үшін
критерий болып табылады.
Белгісіздік қағидасы.
Дамыған экономикалық жүйеде
іскерлік
қызмет түрлерінің алуан түрлілігі орын алады,
олардың ешқайсысы
мәмілеге қатысушылардың барлық таңдау еркіндігін тұрақты қамтамасыз
ету қажеттілігіне байланысты бастапқыда толық жоспарлануы мүмкін
емес.
Бизнес субъектілерінің тұрақты динамикалық өзгерістері мен
асинхронды жеке әрекеттері оқиғалар дамуының белгісіздігін үнемі
күшейтеді.
Бизнес субъектілеріне белгісіздік
жағдайында өз таңдауын
жасауға тура келетіндіктен, олар өз әрекеттерінің салдарын болжауға және
олардың кезектілігін жоспарлауға ұмтылуға мәжбүр.
Ұмтылу қағидасы.
Салыстырмалы белгісіздік жағдайында өзінің
субъективті таңдауын жүзеге
асыра отырып, бизнес субъектілері үнемі
нақтылыққа қол жеткізуге ұмтылады.
Бизнес субъектілеріне бизнес
объектілерінің, сондай-ақ мәмілелер
бойынша өздерінің әлеуетті
серіктестерінің сұранысы мен ұсынысына талдау жасау және өз іс-
әрекеттерін детерминациялау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: