Бизнеске кіріспе



Pdf көрінісі
бет12/131
Дата12.12.2023
өлшемі2,36 Mb.
#196382
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   131
Байланысты:
Kadirbergenova1
Брадис кестесі, Жоба Алихан.Т
 
Еркіндік қағидасы
Таңдау еркіндігі бизнес субъектілерінің 
мәмілелер жасау, өзара іс-қимыл жасау қабілеттілігінің алғышарты және 
нәтижесі болып табылады.
Әрбір бизнес субъектісінде әрдайым мәмілелер 
бойынша серіктестерді және бизнес объектісін таңдау құқығы бар.
 
Субъективизм қағидасы. 
Субъективизм қағидасы қоғамдық 
прогресс бизнес субъектілерінің белсенді іскерлік қызметімен байланысты 
болып табылады.
Сондықтан субъективизм іскерлік қатынастардың 
барлық жүйесіне енеді. 


19 
Құндылық қағидасы.
Бизнес объектілерінің әрқайсысы құндылыққа 
ие, себебі әр объектінің мәміле заты болу қабілеті бар, бизнес субъектілері 
еркін таңдау жасай отырып, іскерлік қызметтің нәтижелерімен алмасуды 
жүзеге асырады.
Объектілердің құндылығы игіліктерді еркін таңдау үшін 
критерий болып табылады.
 
Белгісіздік қағидасы.
Дамыған экономикалық жүйеде іскерлік 
қызмет түрлерінің алуан түрлілігі орын алады, олардың ешқайсысы 
мәмілеге қатысушылардың барлық таңдау еркіндігін тұрақты қамтамасыз 
ету қажеттілігіне байланысты бастапқыда толық жоспарлануы мүмкін 
емес.
Бизнес субъектілерінің тұрақты динамикалық өзгерістері мен 
асинхронды жеке әрекеттері оқиғалар дамуының белгісіздігін үнемі 
күшейтеді.
Бизнес субъектілеріне белгісіздік жағдайында өз таңдауын 
жасауға тура келетіндіктен, олар өз әрекеттерінің салдарын болжауға және 
олардың кезектілігін жоспарлауға ұмтылуға мәжбүр.
 
Ұмтылу қағидасы.
Салыстырмалы белгісіздік жағдайында өзінің 
субъективті таңдауын жүзеге асыра отырып, бизнес субъектілері үнемі 
нақтылыққа қол жеткізуге ұмтылады.
Бизнес субъектілеріне бизнес 
объектілерінің, сондай-ақ мәмілелер бойынша өздерінің әлеуетті 
серіктестерінің сұранысы мен ұсынысына талдау жасау және өз іс-
әрекеттерін детерминациялау қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет