Бизнеске кіріспе



Pdf көрінісі
бет11/131
Дата12.12.2023
өлшемі2,36 Mb.
#196382
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   131
Байланысты:
Kadirbergenova1

 
Биіктік қағидасы.
Бизнес субъектілерінің игіліктерге қол жеткізуге 
ұмтылуы оларды түрлі тәсілдермен әрекет етуге мәжбүр етеді. Бизнес 
субъектілерінің қабілетін дамыту олардың қажеттіліктерін арттырумен бір 
мезгілде жүргізіледі.
 
Шексіздік қағидасы.
Игіліктердің шектеулілігі бизнес субъектілерін 
оларға қол жеткізудің неғұрлым тиімді жолдарын үнемі іздеуге мәжбүр 
етеді,
ал бұл, өз кезегінде, еңбек ресурстарының қажеттіліктерін 


18
жоғарылатумен бірге олардың іскерлік қызметінде көрініс табуы мүмкін 
әртүрлі қажеттіліктерді тұрақты дамыту қажеттілігін негіздейді.
 
Жарыспалылық қағидасы.
Материалдық игіліктердің шектеулілігі 
бизнес 
субъектілері 
арасындағы 
жарыспалылықтың 
қажеттілігін 
негіздейді. Басқа бизнес субъектілерімен шектеулі игіліктерді бөлісе 
отырып, іскерлік қатынастардың әрбір қатысушылары тауарлар мен 
нарықтарға қатысты бәсекеге түсе алады.
 
Ортақтылық қағидасы.
Игіліктердің шектеулілігін еңсеруге 
ұмтыла отырып, қызмет нәтижелерімен алмасып, бизнес субъектілері 
іскерлік қызметтің ортақтық сипатын дамытады. 
Даму қағидасы.
Іскерлік қатынастарға түсе отырып, бизнес 
субъектілері өздерінің жеке мүдделерін және қоғамдық мүдделерін іске 
асыруға тырысады.
Бизнес субъектілерінің меншігін дамыту-қоғамды 
құрудың, іскерлік қатынастарды ұйымдастырудың маңызды шарттарының 
бірі. Сондықтан меншікті дамыту бизнестің маңызды қағидаты болып 
табылады. 
Ымыраға келу қағидасы. 
Мәміле (компромисс) -бұл іскерлік 
қатынастарды қалыптастыру мен дамытудың негізгі қағидаларының бірі.
Қызмет нәтижелерімен алмасу арқылы өздерінің шектеулі игіліктерге 
деген қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып, бизнес субъектілері бизнес 
бойынша серіктестердің мүдделерін ескеру қажеттілігімен бетпе-бет 
келеді.
Мәміле деп
перспективада тұрақты және кепілді өмір сүру үшін 
бизнестің басқа субъектілерінің мүдделері пайдасына іскерлік қызметтің 
ағымдағы кезеңінде өз мүдделерін іске асыру міндеттемесінен бас 
тартуды түсінеміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет