Бизнеске кіріспе



Pdf көрінісі
бет10/131
Дата12.12.2023
өлшемі2,36 Mb.
#196382
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   131
Байланысты:
Kadirbergenova1

Бизнес жүйесі
іскерлік қатынастар субъектілерін, бизнес 
инфрақұрылымын, басқару (менеджмент) жүйелерін, контрагенттерді 
зерттеу (маркетинг), қызметті бағалауды (ақша) қамтиды және дамудың 
өзіндік ішкі импульстеріне ие (бәсекелестік). 
Бизнес - бұл өзін-өзі реттеу жүйесі. Бизнес-қызметті реттеудің үш 
түрі бар:

заңнамалық (көлеңкелі және заңды бизнесті шектеу, қорғау, 
салықтар, кеден); 


17 

нормативтік-бағдарлы 
реттеуіштер 
(елде 
қабылданған 
экономикалық ынталандырғыштар (стимулятор), бизнесті қолдау 
тетіктері, макроэкономикалық құралдар); 

еркін кәсіпкерлікті реттеуіштер (еркін баға белгілеу, өндіріс, 
сұраныс пен ұсыныс заңының қолданылуы). 
 
1.2. Бизнес қағидалары 
 
Бизнес принциптері іскерлік қарым-қатынастар пайда болған кезде 
туындайды.
Олардың бизнес жүйесін дамытуға әсері іскерлік қарым-
қатынасқа түсушілердің қалауы мен еркіне қарамастан болады.
Бизнестің 
негізгі қағидаларын қарастырайық.
Шектеу қағидасы.
Бизнес субъектілерінің іскерлік қызметі 
материалдық игіліктердің, мүмкіндіктердің, қабілеттердің шектеулілігі 
жағдайында жүзеге асырылады.
Материалдық игіліктердің шектеулілігі 
бизнес субъектілерінің өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өзара іс-
қимыл 
жасау 
қажеттілігін 
анықтады.
 
Бизнес 
субъектілерінің 
әрқайсысының мүмкіндіктері мен қабілеттерінің шектеулілігі осы 
субъектіге белгілі бір іскерлік мақсатын бекітеді.
 
Алмасу қағидасы.
Материалдық игіліктердің шектеулілігі оларды 
қоғамның көптеген мүшелері үшін қол жетімсіз етеді.
Көптеген бизнес 
субъектілері үшін қажеттіліктерді қанағаттандырудың маңызды тәсілі 
алмасу болып табылады. Еңбек ресурстарына қызмет нәтижелерімен 
алмасу қол жеткізу қиын болатын игіліктерге деген қажеттілікті 
қанағаттандыруға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет