Жеке кәсіпкерлік субъектілерін санаттарға жатқызу мемлекеттік статистика, мемлекеттік қолдау көрсету, Қазақстан Республикасы заңнамасының басқа да нормаларын қолдану мақсаттары үшін пайдаланылады.
Мемлекеттік статистика мақсаттары үшін тек қызметкерлердің жылдық орташа саны бойынша критерий пайдаланылады.
Мемлекеттік қолдау көрсету және Қазақстан Республикасы заңнамасының басқа да нормаларын қолдану мақсаттары үшін екі критерий пайдаланылады: жылдық орташа сан және жылдық орташа табыс бойынша. Бұл ретте жеке кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету бағдарламаларымен оны көрсету үшін басқа да критерийлер қарастырылуы мүмкін.
Шағын кәсіпкерлік субъектілеріретінде қызметкерлерінің жылдық орташа саны жүз адамнан аспайтын және жылдық орташа табысы үш жүз мың еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын (594 млн. 600 мың теңге) заңды тұлғаны құрамайтын жеке кәсіпкерлер және жеке кәсіпкерлікті жүзеге асырушы заңды тұлғалар болып табылады.