Шаруашылық жүргізу субъектілерін шағын, орта және ірі кәсіпкерлікке жатқызу критерийлері



бет2/3
Дата01.01.2022
өлшемі310,42 Kb.
#107770
1   2   3
Байланысты:
Шаруашылық  жүргізу субъектілерін шағын, орта және ірі кәсіпкерлікке жатқызу критерийлері
Pollution, Pollution, Pollution, Хирургиялық жұқпа, sabaq-kz attachment zhgrp-kelp-zhne-br-orynda-zyndya, Түркі әдебиеті ғылымының, Без имени (1), 7семинар
Микро кәсіпкерлік субъектілері болып қызметкерлерінің жылдық орташа саны он бес адамнан аспайтын немесе жылдық орташа табысы отыз мың еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын (59 млн. 460 мың теңге) жеке кәсіпкерлікті жүзеге асырушы шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.

Мемлекеттік қолдау көрсету және Қазақстан Республикасы заңнамасының басқа да нормаларын қолдану мақсаттары үшін келесі көрсетілгендерді жүзеге асырушы жәке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік субъектілері, сонымен қатар микро кәсіпкерлік субъектілері болып таныла алмайды:

1) есірткі заттарының, жүйкеге әсер ететін заттар мен прекурсорлардың айналымымен байланысты қызметті;

2) акциздік өнімді өндіруджі және (немесе) көтерме сатуды;

3) астық қабылдау пункттерінде астықты сақтау бойынша қызметті;

4) лотореялар өткізуді;

5) ойын бизнесі саласындағы қызметті;

6) мұнай, мұнайөнімдерін, газ, электр және жылу энергиясын өндіру, қайта өңдеу және сату бойынша қызметті;

7) радиоактивті материалдардың айналымымен байланысты қызметті;

8) банк қызметін (немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін) және сақтандыру нарығындағы қызметті (сақтандыру агенттінің қызметінен басқа);

9) аудиторлық қызметті;

10) құнды қағаздар нарығындағы кәсіби қызметті;

11) несие беру бюроларының қызметін;

12) күзет қызметін;

13) азаматтық және қызметтік қарулар мен олардың оқтарының айналымымен байланысты қызметті.

Қызметтердің жоғарыда аталған түрлерін жүзеге асырушы жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар тіпті қызметкерлер саны (100 адамға дейін) және табысы (300 000 АЕК) бойынша критерийлерге сәйкес келген кезде де орта кәсіпкерлік субъектілеріне жатқызылады.

Бұдан басқа, критерилердің біреуін асырған жағдайда (саны немесе табысы бойынша) шағын кәсіпкерлік субъектісі орта кәсіпкерлік санатына көшеді.

Сондай-ақ, осы критерийлер салық салу мақсаттарында

(шағын бизнес субъектілері, шаруа (фермерлік) қожалықтары

мен ауылшаруашылық тауарларын өндіруші заңды тұлғалар

үшін арнайы салық режимдерін қолдану)

қолданылмайтындығын атап өту қажет, себебі Қазақстан

Республикасының Салық кодексімен саны, табыстары,

қызмет түрлері және т.б. бойынша дербес талаптар

орнатылған.

Орта кәсіпкерлік субъектілері заңды тұлғаны құрамайтын жеке кәсіпкерлер және шағын және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жатқызылмайтын, жеке кәсіпкерлікті жүзеге асырушы заңды тұлғалар болып табылады. Бұл қызметкерлерінің саны 100-ден 250-ге дейінгі және табыстары 300 000 АЕК-ден 3 000 000 АЕК-ге дейінгі субъектілер (594 млн. 600 мың теңгеден 5 млрд. 946 млн. теңгеге дейінгі).

Бұдан басқа, орта кәсіпкерлік субъектілеріне қызметкерлерінің саны 100 адамға дейінгі және табысы 300 000 АЕК-ден аспайтын, бірақ қызметтің бұған дейін аталған 13 түрін жүзеге асыратын кәсіпкерлер де жатқызылады.



Ірі кәсіпкерлік субъектілері заңды тұлғаны құрамайтын жеке кәсіпкерлер мен жеке кәсіпкерлікті жүзеге асырушы және келесі екі критеридің біріне жауап беретін заңды тұлғалар болып табылады: қызметкерлерінің жылдық орташа саны 250 адамнан асатын және (немесе) жылдық орташа табысы үш миллион еселік айлық есептік көрсеткіштен асатын. (5 млрд. 946 млн. теңге).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет