Бизнеске кіріспе


 сурет. Кәсіпорын қызметінің мақсаттары



Pdf көрінісі
бет20/131
Дата12.12.2023
өлшемі2,36 Mb.
#196382
түріОқулық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   131
Байланысты:
Kadirbergenova1

 
сурет. Кәсіпорын қызметінің мақсаттары 
Ішкі ортаның маңызды элементі- бұл басқару деңгейлері мен 
қызметтік аймақтар арасындағы логикалық байланыс, ұйымның 
мақсаттарына барынша тиімді қол жеткізуге мүмкіндік беретін формада 
құрылатын 
кәсіпорынның құрылымы
болып табылады. Бұндағы міндет 
ұйымға болып жатқан өзгерістерге үнемі бейімделуге мүмкіндік беріп 
қана қоймай, сонымен бірге осы процеске белсенді ықпал ететін ұйымдық 
құрылымды құру болып табылады. Бұл құрылым ұйымның стратегиясына 
(демек, нарық талаптарына) сүйенетінін білдіреді.
Құрылымды құру еңбекті бөлуге негізделген.
Барлық жұмыстың 
құрамдас бөліктерге бөлінуі 
еңбекті көлденең бөлу
деп аталады. Әр түрлі 
кәсіпорындардағы еңбекті көлденең бөлу дәрежесі бірдей емес, ол 
өндірістің ауқымы мен күрделілігіне байланысты. Кәсіпорын неғұрлым 
үлкен және күрделі болса, соғұрлым еңбекті бөлу деңгейі жоғары және 
керісінше. Еңбекті көлденең бөлу негізінде ерекше нақты тапсырмаларды 
орындайтын ұйымның бөлімшелері құрылады. Олар әдетте
бөлімдер 
немесе қызметтер 
деп аталады. 
Себебі ұйымдағы адамдардың жұмысы құрамдас бөліктерге 
бөлінеді, біреу оны табысты болу үшін үйлестіруі тиіс. Бұл үшін 
еңбекті 
тікелей бөлу
жүзеге асырылады. 
Осылайша, ұйымда еңбек бөлінісінің екі ішкі нысаны бар. Біріншісі-
еңбекті жалпы қызметтің бір бөлігін құрайтын компоненттерге бөлу, яғни 
еңбекті көлденең бөлу. Екінші еңбек бөлінісі деп аталады және ол 


33 
адамдардың іс-қимылдарын үйлестіру бойынша жұмысты өз іс-
әрекеттерінен бөледі. 
Кәсіпорындағы еңбек бөлінісінің тағы бір бағыты - міндеттерді 
тұжырымдау. 
Міндет
-алдын ала келісілген мерзімде алдын ала келісілген 
тәсілмен орындалуы тиіс ұйғарылған жұмыс, жұмыс сериясы немесе 
жұмыс бөлігі.
Техникалық көзқарас тұрғысынан қарағанда , міндеттер 
қызметкерге емес, лауазымдарға тағайындалады Құрылым туралы 
басшылықтың шешімі негізінде әрбір лауазым ұйымның мақсаттарына 
қол жеткізуге қажетті үлес ретінде қарастырылатын бірқатар міндеттерді 
қамтиды. Егер міндет белгіленген тәртіпте және алдын-ала белгіленген 
мерзімде орындалса, ұйым табысты жұмыс істейді деп есептеледі. 
Ең маңызды ішкі айнымалы - бұл 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет