«Бөбек» қоры Адамның үйлесімді дамуы институты


Әдебиет: Мырзалы Серік. Философия. Алматы: Бастау, 2008



бет26/56
Дата05.02.2022
өлшемі6,67 Mb.
#6245
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   56
Әдебиет: Мырзалы Серік. Философия. Алматы: Бастау, 2008

ҚҰДАЙ — діни ілімдер мен түсініктерде аса құдіретті, табиғаттан тыс,мәңгілік бүкіл әлемді жаратушы және басқарушы күш; исламда – Алла, иудаизмде – Яхве, христиандықта – Қасиетті Троица (Қ.–әке, Қ.–ұл және Қасиетті – рух). Монотеистік діндер өз негізін іздеп ежелгі дәстүрді жалғастырғысы келді (Көне Өсиетті Библияның құрамына ендіру). Бірқұдайлық сенім көпқұдайлық жүйеден өзін мәдени жоғары деп санады. Монотеистік жүйені философиялық негіздеу алғашқы антикадан бастау алады. Аристотель ілімінде бірқұдайлық идея жан–жақты негізделеді (әлемнің түпкі қозғаушы күші туралы ілім). Жаңа заманда түпкі себеп және жаратушы идеясы қолданбалы ғылымдар нәтижелері ауқымында қарастырылады (әлемдік тәртіпті бастапқы қалыптастырушы және реттеуші деп есептеу – Декарт, Ньютон). XVIII ғ. Қ. идеясы этик. принцип ретінде, адамгершілік кепілі түрінде негізделеді (Вольтер, Кант). 19 ғ. бастап Қ. түсінігі болмыстық (онтологиялық) принцип ретінде қарастырыла бастайды (мыс., Гегельдің абсолюттік рухы). Жаңа заманда Қ. идеясын бекерге шығаратын атеистік немесе скептиктік бағыттар да қалыптаса бастайды (француз ағартушылары, Фейербах, Маркс, Ницше, Фрейд, Фромм т.б.). Алайда, ХХ ғ–да Қ. идеясы қайта жаңғырылып, рухани бастау, тіршілік мағынасы, ғарыш және тылсым дүниемен айрықша қатынас сияқты рәміздік мағыналарға ие бола бастады.


Мәдени–философиялық энциклопедия / Құраст. Т. Ғабитов, А. Құлсариева, Ә. Әлімжанова ж.т.б.. Алматы, 2007.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет