Педагогті мұқият тыңдайды, тапсырманы бұлжытпай орындауға тырысады.
Ойынға жаппай қатысады.
Рефлексиялық түзетушілік
Қорытынды бөлім. «Не естіледі?» қимыл-қозғалысы аз ойыны.
Түрлі жануарлардың дыбыстары жазылған үнтаспадан қандай жануардың дауысы екенін анықтайды.
Мысалы: «шиқ-шиқ» деген тышқан, «қарқ-қарқ» деген қарға ғой.
Күтілетін нәтиже: Орындайды: бір-бірден допты домалатуды, тура бағытта төрттағандап еңбектеуді.
Түсінеді: допты домалату кезінде қолдың қозғалу күшін, қимыл үйлесімділігін,ұсақ сезім мүшелерінің дамитындығын.
Қолданады: педагогтің тапсырмасын тыңдау, орындау, белгі бойынша тоқтау дағдыларын.