Ботакөз Лесбекқызы мен Мадина Тулкунқызы Сандар тізбегі



бет16/28
Дата17.01.2020
өлшемі4,59 Mb.
#56037
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   28
Байланысты:
алматы китап2019 ж мадина2 (Восстановлен)
алматы китап2019 ж мадина2 (Восстановлен)

УАҚЫТ ӨЛШЕМІ

Уақыт өлшсмдері- күнделікті тіршілікте, ғылым салаларында қандай да бір уақыт мезетін өлшеуге қолданылады.Уакыттың өлшем бірліктеріне тоқталайық:

Енді осы өлшемдерге бірнеше мысал есептер қарастырып көрейік.



1-МЫСАЛ.Адам демімен бірге тәулігіне 400 л көмірқышқыл газын шығарады.1 м 3 көмірқышқыл газының массасы 1,98 кг.Адам демімен тәулігіне неше килограмм көмірқышқыл газын шығарады ?

А) 0,892 кг В) 0,728 кг С) 0,792 кг

Д) 0,879 кг Е) 0,839 кг

Шешуі:Бұл есепте жоғарыда айтып кеткендей 1 л = 1 дм3 екенін ескеріп осыдан 400 л = 400 дм3 екенін аламыз.1 м3 =1,98 кг екені белгілі, сонда 1000 дм3 =1,98 кг тең болады.Енді біз 400 дм3 көмірқышқыл газы қанша килограммға тең екенін табу үшін келесі пропорцияны құрамыз:
1000 дм3 ‒‒‒ 1,98 кг

400 дм3 ‒‒‒ х кг




400 дм3 * 1,98 кг
1000 дм3


Осыдан х-ті табатын болсақ:


= 0,792 кг


Сонда адам тәулігіне 0,792 кг көмірқышқыл газын шығаратынын таптық.



Жауабы: С) 0,792 кг

2-МЫСАЛ.1 кг ауаның массасы 1,3 кг. Бөлменің өлшемдері: 7,5 м; 5,4 м; 3,2 м. Бөлме ішіндегі ауаның массасын табыңыз.

А) 157,43 кг В) 168,48 кг С) 137,45 кг Д) 165,41 кг Е) 156,49 кг



Шешуі: Ең алдымен бөлменің көлемін табамыз. Ол үшін үш өлшемді көбейтеміз:V = 7,5• 5,4•3,2 = 129,6 м 3 тең болады. Енді осындай көлемді бөлменің ішінде қанша килограмм ауа бар екенін табу үшін келесі пропорциядан х-ті табамыз.

129,6 м3—‒ х кг

1 м3 ‒‒‒ 1,3 кг

129,6 м3 * 1,3 кг
= 168,48 кг

1 м3



Жауабы: В) 168,48кг

3-МЫСАЛ. 3 м соқа тіркелген трактордың жылдамдығы 9 км/сағ болса, ол 5 сағатта қанша жер жыртатынын анықтаңыз.

А) 15 га В) 14,5 га С) 13 га Д) 14 га Е) 13,5 га



Шешуі: Суретін салып көрейік:


Трактордың неше км жол жүргенін тауып алайық:
S = V • t

S = 9•5 = 45 км

Яғни 45 км жолды 3 м соқамен жыртқан. Екеуін де бір өлшем бірлікке келтіріп, жыртылған жердін ауданын табайық:

45 км = 45000 м

S = a•b = 45000 м • 3 м = 135000 м2

10000 м2 = 1 га екенін ескеріп: 135000 м2 = 13,5 га

Жауабы: Е) 13,5 га
МАСШТАБ
Масштаб - сызба, жоспардагы аэрофото түсірудегі немесе картадағы кесінді ұзындығының сол кесіндінің нақты ұзындығына қатынасы. Дерексіз санмен өрнектелген бұл қатынас сандық масштаб деп аталады. Жоспар мен карталардың сандық масштабы бөлшек сан арқылы өрнектеледі, алымы бірге тең болса, бөлімі бейнеленген сызықтын неше есе кішірейтілгенін керсетеді.

Сонда масштаб - картадағы кескін ұзындығының, жер бетіндегі (шын өмірдегі) қашықтыкқа қатынасы.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет