Ботакөз Лесбекқызы мен Мадина Тулкунқызы Сандар тізбегі



бет14/28
Дата17.01.2020
өлшемі4,59 Mb.
#56037
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28
Байланысты:
алматы китап2019 ж мадина2 (Восстановлен)
алматы китап2019 ж мадина2 (Восстановлен)

1-МЫСАЛ:

Саяхатшы сейсенбі күні сағат 20:45-те жолға шықты. Ол 29 сағат 30 минут жолда болды.Ол қай күні неше сағатта баратын жеріне жетті.

А) Сәрсенбі күні сағат 17:15

В) Жұма күні сағат 12:45

С) Бейсенбі күні сагат 14:15

Д) Сенбі күні сағат 18:25



Е) Бейсснбі күні сағат 02:15

Шешуі:Сейсенбі күні сағат 20:45-те жолға шыкты. Ол 29 сағат 30 минут жолда болды.

Жауабы: Е) Бейсенбі күні сағат 02:15

2-МЫСАЛ:

Бүгін аптаның сәрсенбі күні болса,100 күннен кейін аптаның қай күні болатынын табыңыз.

А) Сәрсенбі күні В) Жұма күні С) Бейсенбі күні Д) Сенбі күні Е) Дүйсенбі күні

Шешуі:Әр жеті күн сайын аптаның дәл сол күніне айналып келеді. Яғни 100-ді 7-ге бөлеміз де калдықты санаймыз. 100:7 = 14 (2 қалдық)

Яғни 100 күнде 14 апта және 2 күн бар. 14 аптадан кейін қайтадан сәрсенбі күні боладыжәне 2 күн алдыға жүреміз: бейсенбі, жұма.Сонымен бүгін аптаның сәрсенбі күні болса,100 күннен кейін аптаның жұма күні болады.



Жауабы: В) Жұма күні
3-МЫСАЛ:

Бүгін тамыз айының 27-сі болса, 6 күпнен кейін қай айдың қай күні болатынын табыңыз.

А) қыркүйек айының 3-і В) қыркүйек айының 7-сі С) қыркүйек айының 4-і

Д) қыркүйек айының 2-сі Е) қыркүйек айының 1-і



Шешуі:Тамыз айы 31 күнге толады.Сонымсн 4 күннен соң тамыз айы аяқталады.Тағы да 2 күн келесі айға өтеді.Яғни қыркүйек айының 2-сі болады.

Жауабы: Д) қыркүйек айының 2-сі
Өлшем бірліктер. Масштаб
Өлшем- заттың, дененің сапалық және сандық сипаттарын көрсететін заңдылық.Ал өлшемнің бірліктеріне келетін болсақ, олар күнделікті тұрмыста, техникада, медицинада, шаруашылықтарда және т.б. ғылым салаларында кездеседі.Біз математикада күнделікті өмірде көп кездесетін өлшем бірліктерді қарастыратын боламыз.Егер өлшем бірліктер болмаса біз заттарды, денелерді салыстыра алмас едік, сол үшін өлшем бірліктерді білу өміріміздегі маңызды зандылықтардың бірі болмақ.


ҰЗЫНДЫҚ ӨЛШЕМІ
Ұзындық өлшемдері- күнделікті тіршілікте, ғылым салаларында көптеген денелердің, заттардың бойын, ұзындығын өлшеуге қолданылады.

АУДАН ӨЛШЕМІ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет