Буйраева Ж.Ө., Ахантаева Ә. Ж. ҚАзақстан тарихы


Қарлұқ  мемлекеті  (756-940  жж.)



Pdf көрінісі
бет15/78
Дата31.12.2021
өлшемі1,51 Mb.
#107177
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   78
Байланысты:
buiraeva zho akhantaeva zh kazakstan tarikhy
buiraeva zho akhantaeva zh kazakstan tarikhy, 0012237a-acb08d87
Қарлұқ  мемлекеті  (756-940  жж.). 
Қарлұқтар туралы алғашқы деректер (759-940 жж.) 
«бұлақ» деген атпен мәлім болған. Көпшілігі ертедегі түріктердің руналық ескерткіштерінің 
деректері  бойынша  Монғол  Алтайы  мен  Балқаш  көлінің  аралығында,  Тарбағатайдың 
оңтүстігі  мен  солтүстігі  жағынан  қоныс  тепкен  «үш  қарлұқ»  тайпалық  бірлестігі  ретінде 
мәлім. Қарлұқ тайпаларының көсемі Елтебер деген атпен аталған. Монғолияда Шығыс түрік 
қағанаты құрылғаннан кейін қарлұқтар оған тәуелді болып жүрді. 
Орхон  жазуларында  айтылғандай  Қарлұқтар  түрік  қағанаттарына  қарсы  бірнеше  рет 
қарсы соғыс жорықтарын ұйымдастырып отырған. 742 жылы Монғолия даласындағы саяси 
жетекшілік Шығыс түріктерінің өкіметін қиратқан үш тайпаның қарлұқтардың ұйғырлар мен 
басмылдардың одағына көшеді. Аз уақыт басмылдардың бағы жанып, олардың көсемі қаған 
болады. 
Х-ХІІ  ғғ.  қарлұқ  тайпалары  Қазақстанның  жоңғар  Алатауынан  бастап,  Сырдарияның 
орта ағысына дейінгі кең аумақта қоныстанды. Қарлұқтардың мемлекеттік құрылысы үлестік 
тайпалық  жүйенің  дамыған  түрлерінің  болуымен  сиппатталады.  Қарлұқтардың  жабғуының 
билігі  сөз  жүзінде  ғана  болды.  Жікіл,  Тухси  және  Ягма  сияқты  ірі  тайпаларды  басқарып 
отырған үлестік билеушілер өздерінің жартылай дербес және іс жүзінде тәуелсіз иеліктерін 
нығайтуда ұмтылды. 
Қарлұқ  қағанатының  үлестік  тайпалық  одағы,  бір  орталықты  мойындамай,  билік 
жолындағы  күрестің  күшеюіне  себепші  болды.  Х  ғасырдың  алғашқы  жартысында  қарлұқ 


26 
 
бірлестігінің ұлан-байтақ аумағында батыраңқылық күшейеді. Қашқардың түрік билеушілері 
пайдаланып, 940 жылы Баласағұнды басып алады да содан кейін Қарлұқ мемлекеті құлайды.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет