Bulletin «Педагогика ғылымдары» сериясы



Pdf көрінісі
бет39/314
Дата02.09.2022
өлшемі6,57 Mb.
#148644
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   314
Байланысты:
Майлыбаева Вестник

ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №1(57), 2018 
32
Жоғары оқу орындары педагогикасы адамның кҽсіби дамуын жеделдетудің қҧралдарын ҽзірлеуге 
ерекше назар аударуда. Бірақ, педагогикалық зерттеу жҧмыстарында кҽсіби дамуға даярлау студент-
тің болашақ кҽсіби қызмет жағдайларын модельдейтін оқу жағдайларында жҥзеге асырылады. Қара-
пайым айтқанда, студентті маман ретінде дамыту негізінен «ҿндірісте» емес, аудиторияларда жҥзеге 
асырылады. Бір жағынан бҧл дҧрыс, ҿйткені студентке сол ҿндірісті ҥйретуге арнайы оқу-танымдық 
жағдайлар жасалынады. Дегенмен, шынайы кҽсіби тҽжірибе беретін кҿптеген сезімдер мен эмоция-
лар, білімдер мен дағдылар, ынта-жігерлер мен ҧмтылыстарды студент жоғары оқу орынында ҿнді-
ріс жағдайындағыдай қабыладай алмайды. 
Студенттерде кҽсіби маңызды тҧлғалық сапаларды қалыптастырудың шарты ретінде ҿзіндік 
кҽсіби даму туралы тҥсініктерді қалыптастыру, жалпылай тҥсініктермен қарапайым икемділіктерді 
қалыптастыру шеңберінен ҽрі отпей отыр.
Тҧлғаның ҿзіндік дамуының маңыздылығы оның тҥзетуші қызметімен анықталады. Студент ҿзі-
нің айналадағы шындықтың ҽр тҥрлі тараптарына субъективті қатынасына қарай шешімдер қабыл-
дайды. Бҧл салаға ҿзіне ҽлеуметтік қатынастардың субъектісі ретіндегі қатынасы да жатады. Маман-
ның кемелділік дҽрежесі ҿзіндік шешімдер қабылдау жҽне кҥрделі жағдайларда саналы тҥрде таңдау 
жасаумен анықталады. «Психолог-ғалымдар кҽсіпті ҿзіндік таңдаған, қалыптасқан қатынастар мен 
қҧндылықтар жҥйесі негізінде, жҧмыс жағдайларына жылдам жҽне жеңіл бейімделеді», - деген 
тҧжырым жасайды [6, 71 б.].
Студенттің тҧлғалық ҿзіндік дамуы жҽне омен байанысты педагогтың ҿзіндік даму мҽселесі жоға-
ры педагогикалық білім беру жҥйесі оқу-тҽрбие ҥдерісін ізгілендірудің факторы, шарты, қҧралы мен 
критерийсі болып табылады. Педагогикалық жоғары оқу орындарында рухани-адамгершілік орта-
сын жасайтын барлық нҽрселер кҽсіби білім берудің қҧралы болып табылады. Студент тҧлғасын 
кҽсіби дамытатын, жоғары оқу орнында рухани-адамгерішілік ортасын қалыптастыратын факторлар 
ретінде мыналарды атап ҿтуге болады: 
-
студенттер арасындағы қарым-қатынастың сипаты; 
-
оқыту ҥдерісінде педагогикалық қарым-қатынас жҽне ҿзара ҽрекеттесудің стилі; 
-
біріккен оқу-зерттеу жҽне ғылыми-зерттеу жҧмыстары; 
-
оқытушылар мен студенттердің бейрҽсми қарым-қатынастары. 
Егерде жоғары оқу орнында бҧл қатынастардың бҽрінің руханилығы сақталынса, онда мҧндай 
қатынастар студенттер мен оқытушылардың тҧлғалық-кҽсіби дамуының маңызды факторына айна-
лады. Білім беру ҥдерісі субъектілерінің белсенді тҧлғалық ҿзіндік дамуы бҧл жағдайда жоғары 
педагогикалық оқу орнының дамығандығы ҿлшеміне айналады. 
Студенттердің ҿзіндік дамуы ҥдерісін қамтамасыз ету жоғары оқу орнында оқу-тҽрбие ҥдерісінің 
маңызды элементі болып табылады. Ҿзіндік даму дегеніміз, тҧлғаның ҿзіндік адамгершілік, зияткерлік 
жҽне ҽлеуметтік қабілеттері мен мҥмкіндіктерін, ҿзінің дене, психикалық жҽне рухани кҥштерін ҿзін 
тҧтас тҧлға идеалының бейнесі дҽрежесіне дейін саналы, сапалы жҽне артқа қайтпайтындай ҿзгертуі.
Ҿзіндік даму – тҧлғаның ҿз бетінше, тҧтас, қҧндылықтарға бағдарланған ҿзін-ҿзі ҥздіксіз ҿзгертуі 
жҽне жеке-дара тҽжірибесін ішкі «Мен» бейнесіне, ҿзекті ҽлеуметтік кҥтулеріне сҽйкес байытуы. 
Ҿзіндік даму адамның ҿзін ҿзгертуге, мҧндай ҿзгерулердің қҧралдарын меңгеруге ҧмтылысы. 
Кҽсіби ҿзіндік даму мҽселесінің негізгі идеясы – бҧл тҧлға дамуының іс-ҽрекет пен анықталуы. 
Сол себепті кҿптеген зерттеу жҧмыстарында адам оның ҿзі айалысатын кҽсіпке сҽкестігі жҽне онда-
ғы қызметінің табыстылығы жағынан зерттелінеді. Кҽсіби ҿзіндік даму тҧлғалық даму мен кҽсіпқой-
лықтың бірлігі нҽтижесімен ғана мҥмкін. 
Кәсіби дамудың мазмұндық сипаттамаларына мыналар жатады

-
кҽсіби ҿзіндік сана-сезім, ҿзін кҽсіпқой адам ретінде қабылдау; 
-
ҧдайы ҿзін-ҿзі анықтау; 
-
кҽсіби қабілеттерді ҿзіндік дамыту; 
-
ҿз дамыун, кҽсіби дамудың ҿзіндік стратегиясын жобалау, жоспарлау жҽне жҥзеге асыру. 
Кҽсіби ҿзін-ҿзі дамытудың ҽртҥрлі тҧжырымдамаларын талдау арқылы ҿзіндік дамудың мҽнін 
анықтаудың екі негізгі тҧғыры анықталды. Олардың бірі – тҧлғаның дамуы жҽне ҿзіндік дамуымен 
байланысты, екіншісі адамның кҽсіби қызметтің белгілі бір жҥйесіне кіруімен анықталады.
Бҧл екі тҧғырды бірлестіруші – адамның жеке-дара ерекшеліктерінің жҽне ҽлуметтік-мҽдени орта-
ның ҿзара ҽсерлесуі, тҧлғалық даму мен кҽсіби қалыптасуыдың тҽуелділігі туралы тҧжырым. 


Абай атындағы ҚазҰПУ-ң ХАБАРШЫСЫ «Педагогика ғылымдары» сериясы, №1(57), 2018 
33 
Кәсіби ӛзін-ӛзі дамытудың педагогикалық шарттары
ретінде психолог жҽне педагог ғалымдар 
ҿзіндік білім алуды атап кҿрсетеді. Ҿзіндік білім алу ҿзіндік дамудың негізі болып табылады. Кҽсіби 
ҿзіндік білім алу педагогикалық ынтымақтастық принциптері, рефлексивтік қабілеттерді дамытуға 
бағытталған ҿзіндік даму ҽдістері кҿмегімен жҥзеге асырылады. 
Бірақ озық тҽжірибелер болашақ педагог маман тҧлғасының кҽсіби-тҧлғалық ҿзіндік дамуы ҥдері-
сінің нҽтижелілігі тек ҿзіндік білім алумен шектелмеу тиістігін кҿрсетеді. Жоғары оқу орындарында 
кредиттік оқыту жҥйесінде студенттің ҿзіндік білім алуына ерекше назар аударылады. Дегенмен, бҧл 
жағдай ҽрқашанда болашақ маманның ҥздіксіз кҽсіби-тҧлғалық дамуын толық қамтамасыз етпейтін-
дігін кҿрсетеді. Ҿзіндік даму студенттің тек ҿзіндік білім алу емес, ҿзіндік кҽсіби-тҧлғалық дамудың 
маңыздылығын жете пайымдауын қажет етеді. Болашақ маманның ҿзін-ҿзі кҽсіби-тҧлғалық жетіл-
діруге мотивациясы, ынта-жігері, қызығушылығы жоғары болуы керек. Студент табысты тҧлғаларға 
еліктеп, олардың ҿмірлік жолына қызығушылық танытып, ҿзідіген дамуды мақсат етуі мҥмкін. Дер 
кезінде оның алдында «Қалай даму керек?», «Қай бағыттарда ҿзіндік жетілу керек?» сыңары сҧрақ-
тар турады. Демек, мҽселе болашақ педагог маманға ҿзіндік даму ҽдістерін меңгертуде. Студент 
ҿзіндік кҽсіби жҽне тҧлғалық дамудың озық технологияларын игеріп алуы керек. Ҽдетте жоғары оқу 
орындарындағы дҽрістер мен семинар сабақтары мҧндай икемділіктерді қалыптастыруға мҥмкіндік 
бере алмайды. Сабақтарды тренингтер тҥрінде ҧйымдастыру жақсы нҽтижелер береді. Ҿзіндік даму 
дағдылары мен икемділіктерін машықтануға арнаулы білімдік орта қалыптастыру керек.
Болашақ педагог мамандарды кҽсіби-тҧлғалық ҿзіндік дамуға дарялаудың тағы бір шарты – олар-
ды ҿзіндік даму нҽтижелерін талдауға баулу. Дамудың белгілі сатысында талдаулар жасалынмай-
тын болса, қорытындылар шығарылып, тҥзетулер жасалынмаса, онда ҿзіндік даму уақтылы қҧбы-
лысқа айналып қалады. Рефлексия дағдыларын қалыптастыру ҿзіндік дамуға даярлықтың маңызды 
педагогикалық шарты болып табылады. 
Болашақ педагогті кҽсіби ҿзін-ҿзі дамытуға даярлау ҥдерісінің нҽтижесі – кҽсіби ҿзіндік дамуға 
даярлық. Кҽсіби ҿзіндік даму мҽселелеріне арналған психологиялық-педагогикалық ҽдебиеттерді жҽне 
озық тҽжірибелерді талдау, педагогикалық мамандық иелерінің кҽсіби даму қҧзыреттіліктері ерекше-
ліктерін, жоғары оқу орындарында педагог мамндарды даярлау ҥдерісінің сипатын ескеру негізінде 
студенттің кҽсіби ҿзіндік дамуға даярлығын қалыптасқандығының мынандай критерийлерін 
анықтадық: 
-
тҧрақты кҽсіби ҿзіндік дамудың маңыздылығын пайымдау; 
-
кҽсіби-педагогикалық ҿзіндік дамудың мҽні, бағыттары, мазмҧны мен ҽдістері туралы тҽжіри-
белік бағытталған білімдерді болуы; 
-
ҿзіндік дамуға мотивацияның болуы; 
-
кҽсіби-педагогикалық ҿзіндік даму дағдылары мен икемділіктерінің қалыптасқандығы (ҿзіндік 
даму мақсаттарын анықтау, ҿз даму деңгейін бағалау, ҿзіндік дамуды жоспарлау, ҿзін-ҿзі ҧйымдас-
тыру, ҿзін бақылау, ҿзіндік дамуына талдау жасау жҽне ҿзіндік даму деңгейіндегі ҿзгерістерді баға-
лай алу, жаңа даму міндеттерін қою); 
Қорыта келе, кҽсіби ҿзін-ҿзі дамыту тҧлғалық жҽне кҽсіби маңызды ҥдеріс. Оның мазмҧнына
кҽсіби ҿзіндік сана-сезім, ҧдайы ҿзін анықтау, кҽсіби қабілеттерді ҿзіндік дамыту, ҿз дамуын, кҽсіби 
дамудың ҿзіндік стратегиясын жобалау, жоспарлау жҽне жҥзеге асыру жатады. 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.
 
Қазақстан Республикасында білім мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік 
бағдарламасы. 
– 
Астана, 2016. 
2.
 
Гомзякова И.П. Формирование компетентности студентов в вопросах личностного саморазвития // 
Автореф... дис. канд. пед. наук. – СПб., 1999. – 23 с. 
3.
 
Ефимова Е.И. Саморазвитие как фактор становления будущего инженера. – M., 2001. – 61 с. 
4.
 
Маралов В. Г. Основы самопознания и саморазвития: /Учеб.пособие для студентов сред. проф. образования. - 
М.: Aкадемия, 2002. – 250 с. 
5. Битянова Н. Р. Проблема саморазвития личности в психологии. – М.: Флинта 1998. – 46 с. 
6. Вазина К. Я. Модель саморазвития человека: концепция, технологии. – Нижний Новгород, 1999. – 255 с. 
7. Куликова Л.Н. Проблемы саморазвития личности. – Благовещенск: Изд-во БГПУ, 2001. – 342 с. 
8. Алметов Н.Ш. Ӛзін-ӛзі дамыту менеджменті (Мемлекеттік қызметкердің персоналды менеджменті): оқу 
құралы. – Шымкент, 2014. 


ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №1(57), 2018 
34


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   314




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет