Баланы өз отбасына қайтару (қолайсыз отбасылармен жұмыс) жөніндегі жұмысқа көңіл бөлу;
Балаларға қатысты зорлық-зомбылықты ескерту жөніндегі практикалық шараларды әзірлеу және барлық деңгейде іске асыру;
Заң жоғары оқу орындарында ювенал әділет бойынша мамандарды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру мүмкіндігін қарау және бағдарламасын әзірлеу;
Кемтар балаларды жасынан анықтау және оларды жасынан кіріктіру жүйесін жетілдіру;
Кемтар балаларды кіріктірудің «бала ортада», «қызметтер балаға баруда» және «бала үшін ақша» қағидаттарына негізделген тетікті әзірлеу;
Кемтар балаларды енгізу отырып, әкімдікпен жалпы білім беретін мектеп бойынша пилоттық жоба. Жалпы білім беретін мектеп кемтар балаларды жалпы білім беретін процеске енгізуге дайын болуы үшін жалпы білім беретін мектеп стандарты (ұлттық куррикулум) қайта қаралуға тиіс;
Психологиялық – медициналық - педагогикалық консультациялардың (ПМПК) әлеуметтік бағдарланған үлгісін әзірлеу;
Балаларды бала еңбегінің неғұрлым ауыр нысандарынан босату мақсатында жұмыс істейтін балалар мен олардың отбасыларына (көп балалы, табысы аз, қолайсыз отбасылар, көшіп-қонушылардың отбасылары немесе ата-анасының қамқорлығынан айрылған балалар) көмек көрсету жөніндегі пилоттық жобалар;
ҮЕҰ және балалардың өздерінің «балалар-балаларға», «тең - теңге» шағын әлеуметтік мәнді жобаларды жүзеге асыруы.
14. Басқалар
ювенал әділет тұжырымдамасын әзірлеу;
ювенал әділет жөніндегі бағдарламаны/ұлттық іс-қимылдар жоспарын әзірлеу (алдын алу, ақпараттық науқан, ювенал кодексті әзірлеу, БАҚ-пен жұмыс);
БҰҰ Даму бағдарламасын іске асыру үшін адам құқықтары жөнінде білім беру саласындағы іс-қимылдардың ұлттық жоспарын жасау (ҮЕҰ мемлекеттік құрылымдармен бірге);
Орталық Азия өңіріндегі ЮНИСЕФ-тің барлық офистерімен Қазақстанда Орталық Азия өңірі үшін бала құқықтарын қорғау жөнінде бірінші Өңірлік форум өткізу тақырыбын айқындау үшін осы елдердегі балалардың құқықтарын қорғау саласындағы неғұрлым өзекті және проблемалық мәселелерді зерделеу жөніндегі сауалнама жүргізу.