Шағымдардың географиясын талдау шағымдардың көпшілігінің Жамбыл облысынан (13,27 %), Алматы қ. (12,39 %), Астана қ.(10,62 %), Алматы (9,73 %) және Павлодар облыстарынан (9,73 %) келіп түсетінін көрсетті. Қалған өңірлерден шағымдардың келіп түсуі аз. Осы жағдайды халықтың Адам құқықтары жөніндегі уәкілге жүгіну арқылы бала құқықтарын қорғау жолдары туралы хабардарлығының жеткіліксіздігімен түсіндіруге болатыны айқын. Уәкіл мекемесі Уәкілге неғұрлым жиі жүгінетін
өңірлерге барып, осы өңірлердегі балалар мекемелерін инспекциялаудан өткізген. Мұнымен халықтың ұлттық құқық қорғау мекемесіне жүгіну мүмкіндігі туралы хабардар екені түсіндіріледі.
Сондай-ақ Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда сияқты облыстардан келіп түсетін шағымдар санының аздығы осы өңірлердің шалғайлығына байланысты Уәкіл мекемесінде ауызша консультация алу мүмкіндігінің жоқтығымен түсіндіріледі.
Шағымдарды географиялық бөлудің жалпы көрінісі төмендегі таблицада көрсетілген.