Бюллетень зарегистриро-ванв Министерстве культуры, информации и спорта Рес-публики Казахстан


ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӨНІНДЕГІ ҰСЫНЫМДАР



бет41/109
Дата04.01.2022
өлшемі2,69 Mb.
#10280
түріБюллетень
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   109
ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӨНІНДЕГІ ҰСЫНЫМДАР

1. Қазақстанда балаларды қорғау проблемаларын шешу үшін отбасылық тәрбиелеу нысандарын пайдалана отырып, осал балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсетуге бағдарланған, аталған проблемаларды кезең-кезеңмен шешуді көздейтін мемлекеттік бағдарлама әзірлеу, балаларды әлеуметтік қорғау жүйесін басқаратын бірыңғай мемлекеттік орган құру қажет. Осы бағдарламаның негізгі элементі оны іске асырудың жалпыұлттық мақсаттарын, негізгі көрсеткіштердің/нәтижелілік индикаторларының негізінде осы мақсаттарға жетуді кейіннен бақылай отырып, айқындау болуға тиіс.

2. Баланың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін мемлекеттік қорғаудың кепілдіктерін қамтамасыз ету, оларды мемлекеттік билік, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, лауазымды адамдар мен ұйымдар мойындау үшін мемлекеттік және облыстық деңгейлерде Бала құқықтары жөніндегі уәкіл органын құру қажет.

3. Құқық бұзушы балаларға қатысты олардың жас мөлшері мен жеке даму және мінез-құлық ерекшеліктерін ескере отырып, негізделген шешімдерді қабылдау үшін ювенал әділет жүйесін құру жөніндегі жұмыс, жауапты лауазымды адамдар мен мекемелерге қатысты жеке ұйғарымдар практикасын және балама жаза түрлерін қоса алғанда, одан әрі жүргізілуге тиіс.

4. Балаларды әлеуметтік қорғау саясаты қолайсыздық өлшемдері мен көрсеткіштерінің негізінде отбасылық қолайсыздықты алдын ала анықтау стратегиясының, баланы және оны қалыптастыруға нақты жауапты адамды қорғаудың жеке бағдарламасын әзірлеудің негізінде құрылуға тиіс. Баланы туған отбасында сақтап қалу негізгі басымдық болуға тиіс.

5. Ата-аналадрдың баланы тәрбиелеу үшін жауапкершілігін күшейту қажет. Ата-аналар баланы мемлекеттік мекемеге тәрбиелеуге беру ниеті туралы өтініш берген кезде олардың тұрмыстық және қаржылық қиыншылықтарын баланы туған отбасында тәрбиелеуден бас тару үшін жеткілікті негіз болып саналмауға тиіс. Осындай жағдайлар туындаған жағдайда мемлекеттік органдар жеткілікті қаржы қаражатының жоқтығына, тұрмыстық жағдайларының нашарлығына және т.б. байланысты қиыншылықтарды жұмсарту үшін шаралар қабылдауға міндетті. Баланың өмір сүру жағдайларын егжей-тегжейлі зерделеу жүргізу, оның ішінде баланың дене, психологиялық және әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыру тұрғысында ата-аналарының немесе басқа да отбасы мүшелерінің мүмкіндіктерін бағалау үшін, сондай-ақ баланың пікірі мен қалауын ескере отырып, мамандарды/әлеуметітк қызметкерлерді тарту қажет.

6. Қиын өмірлік жағдайдағы балалар мен отбасыларының әр санатына осы оларды осы санатқа жатқызудың әлеуметтік стандарттары мен нақты өлшемдерінің негізінде олардың проблемаларын шешу үшін әлеуметтік қызметтердің тұрғылықты жері бойынша қол жетімді, тиісті, бірмәнді жиынтығы ұсынылуға және осы қызметтерді көрсететін әр түрлі мекемелердің түрлері құрылуға/қайта бейімделуге тиіс.

7. Отбасылардың неғұрлым осал топтарын әлеуметтік қолдаумен қамтамасыз ету, сондай-ақ отбасылардың өмір сүру сапасы мен деңгейін арттыру әлеуметтік жетімдік деңгейін төмендетуде белгілі бір оң нәтижелер бере алады. Отбасыларын дағдарыс кезеңінде тікелей материалдық қолдағаннан гөрі отбасын өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейіне шығару үшін онымен жекелей әлеуметті жұмыс жүргізу маңыздырақ. Ол үшін отбасы мен балаларға көмек көрсету орталықтарын құрып, дамыту және әлеуметтік педагогтар институтын дамыту қажет.

8. Әр түрлі әлеуметтік қызметтер рыногын оларға осал отбасы топтарының балалары қол жеткізе алатындай дәрежеде қамтамсыз етуді ескере отырып, дамыту және оларды жеткізушілер үшін тең бәсекелі мүмкіндіктер жасау, ҮЕҰ-дарды кеңінен тарту қажет.

9. Балалар мүгедектігінің, ата-аналардың балаларынан бас тартуының алдын алуға, мүгедек балалардың интернат үйлеріне түсуін болдырмауға, сонымен қатар мүгедек балалары бар отбасына психологиялық-педагогикалық көмек көрсетуге ерекше көңіл бөлінуге тиіс.

10. Қамқоршылық пен қорғаншылық органдарын реформалау, мамандар штатының жаңа нормасын енгізу, олардың кәсіби дамуы үшін жағдайлар жасау қажет.

11. Халыққа әлеуметтік қызметтер көрсететін үкіметтік емес ұйымдар осы қызмет түрін жүзеге асыру үшін ресми рұқсат алуға мәжбүр. Әлеуметтік жетімдік пен балалардың тастандылығының алдын алу, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастырудың балама түрлерін неғұрлым белсенді дамыту мақсатында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жүйесін барынша кеңінен пайдалану қажет.Үкіметтік емес ұйымдар тарапынан мемлекеттік органдардың қызметін қайталауға жол бермейтін және қойылған мақсаттарға барынша қол жеткізуді қамтамасыз ететін өзара келісілген және үйлестірілген жұмыс жүргізілуге тиіс.

12. Жетім балаларды отбасылық орналастыру жөніндегі жұмыстың тиімділігі үшін кез келген балалар мекемелерінің базасында уәкілетті қызметтер енгізіуге тиіс, олар қамқоршылық және қорғаншылық органдарымен шарт жасасудың негізінде және олардың бақылауымен ата-анасының орнын алмастыратын үміткерлерді іздестіруді, үміткерлер мен балаларды бірлесе отбасылық өмір сүруге дайындауды және оларды әлеуметтік-психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асыратын болады.

13. Жетім балаларды қамқоршылық/қорғаншылық және патронат түрінде орналастырудың отбасылық нысандарын дамыту үшін олардың арасындағы нақты сұрыпталған айырмашылықтарды белгілеп, балаларды ресімдеудің түсінікті және келісілген технологияларын ұсынған жөн.

14. Жетім балаларды туысқандары асырап алғаннан кейін тәрбиелеудің неғұрлым табиғи нысаны ретінде қорғаншылық институтын сақтау үшін, тым болмаса, патронат кезінде төленетін мөлшерден кем емес қорғаншы жәрдемақысын енгізу қажет.

15. Асырап алушы ата-аналарды ынталандыру жүйесін құру үшін патронатқа қабылданған балалардың жас мөлшеріне, олардың дене және оқыл-ойының дамуына, балалардың санына қарай патронаттық тәрбиешілерге еңбекақы төлеудің сараланған жүйесін енгізу қажет.

16. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды де-институционалдандыру бағдарламасын әзірлеу қажет.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды де-институционалдандыру саясатын жүргізуге әзір екенін мәлімдей отырып, мемлекет осындай саясаттың түпкілікті мақсаттары мен міндеттерді шешудің тиімділігін аралық және түпкілікті бағалау индикаторларын нақты айқындауға тиіс.

Де-институционалдандыру саясаты интернат үлгісіндегі мекемелерде орналасқан балалар санын елеулі дәрежеде қысқартуға, тіпті осындай мекемелерді жабуға дейін бағытталған іс-шаралар кешені деп кең мағынада түсінген жөн. Сол кезде ғана барлық билік деңгейлеріндегі әлеуметтік саясат тиімділігінің басты көрсеткіші (индикаторы) институционалдандыру жағдайында жетім балалар үлесін қысқарту және интернат үлігісіндегі мекемелердің санын азайту болады.

Осы саясатты іске асыру стратегиясына мыналарды жатқызған жөн: 1 - әлеуметтік осал балаларды мемлекеттік балалар мекемелерінің жүйесіне алғаш рет түсуден сақтауға мүмкіндік беретін жүйе құру; 2 - ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастырудың балама отбасылық нысандарын дамыту; 3 – балалар үйлері мен мектеп-интернаттарды атап айтқанда, қызметкерлерді қайта даярлай отырып, отбасыларына көмек көрсету және сүйемелдеу қызметтеріне немесе орталықтарына жоспарлы түрде қайта бейімдеу; 4 - әр түрлі себептермен отбасыларға тәрбиелеуге беріле алмайтын балалар үшін отбасына барабар тұру, тәрбиелену, білім алу жағдайларын жасау және олардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оларды жоғары деңгейлі қамқорлықпен қамтамасыз ету.

Реформалардың басында жетім балалармен жұмыс жасауда олардың бұдан былай институционалдандыру жағдайларына түсіп кетуінің алдын алу мақсатында бала үйлерінде орналасқан балаларға басты көңіл аударылуға тиіс (бала үйлеріндегі балалар саны соңғы жылдар ішінде тұрақты түрде өзгеріссіз қалуда).

Балаларды интернат үлгісіндегі мекемелерден шығару процесі ұзақ процесс болып табылатындықтан, оларда тұратын балалардың санын едәуір азайта отырып, топтарды толықтыру нормативтерін олар 12 адамнан аспайтындай етіп қайта қарап және отбасылыққа неғұрлым жақын тұру жағдайларын жасай отырып, осы мекемелерге реформа жүргізу қажет. Жұмыс технологиялары институционалдандырудың әлеуметтік-психологиялық салдарларын азайтатын отбасы үлгісіндегі балалар ауылдарын негізге алуға болады.

Сондай-ақ міндетті түрде кәсіби өзін-өзі анықтау, дербес өмір сүруге дайындау және т.б. бағдарламаларды іске асырған жөн.

Бағдарламаны іске асыру процесінде ұшырасуға тура келетін негізгі проблемалардың бірі – бұл өздерінің жұмыс орындарынан айрылып қалудан қорқатын немесе жетім балаларға жағдайы жақсы балалар үйлері ғана ыңғайлы екеніне шынымен сенетін интернат үлгісіндегі мекемелердің әкімшілігі мен қызметкерлерінің көрінеу және жасырын қарсылығы. Сондықтан балалар үйлерін жабу немесе қайта бейімдеу жөніндегі жұмыс жоспарлы болуға және міндеті элемент ретінде жұмыс жоспары мен оны іске асыру алдында жабылатын балалар үйлерінің қызметкерлерін қайта даярлау және жұмысқа орналастыру жөніндегі бағдарламаларды әзірлеуді қамтуға тиіс.


Алайда, жуық арадағы мерзімдерде шешілуі қажет проблемалар бар. Ең алдымен, бұл патронаттың мәнін айқындау. Егер ол сыйақы үшін жасалатын қорғанышылық түрі ретінде қалатын болса, онда оларды заңнамалық және сұрыпты деңгейде бөлу, патронатты тұрақты қаржыландырумен және қорғаншылық жәрдемақыларды төлеу мүмкіндігімен қамтамасыз ету қажет. Негізгі мәселелер мыналар болып табылады: туысқандары патронат тәрбиешілер бола ала ма, баланы беру туралы шешім қабылдауды қалай қамтамасыз етуге болады?

Басқа нұсқасы патронатты күту режимінде орналасқан және қажет кезінде баланы қабылдайтын отбасын кәсіби деңгейде алмастырушы ретінде дамыту стратегиясы болуға тиіс. Бір баланы шығарғаннан кейін ол басқа баланы қабылдайды.

Патронатты ынталандыру туралы мәселені шешкен жөн: патронатты тәрбиешінің жалақысы асырап алған балалар санына, олардың жас мөлшеріне, медициналық статусына тәуелді болуы қажет.

Республикадағы балалар үйлерінің филиалдарымен жұмыс тәжірибесіне назар аудару қажет. Өз мәні бойынша олар баланы отбасына ауыстырған балалар мекемесі мен патронат ата-ана арасында міндеттерді бөле отырып, баланы тәрбиелеуге берудің уақытша нысаны ретінде патронат ұғымына жақын. Бұл ата-аналарды іріктеуге, үміткерлердің арнайы курстардан өтуін талап етуге және патронат отбасына кәсіби көмек көрсетуге, баланың құқықтарын қорғаудың жеке жоспарын іске асыруың талап етуге мүмкіндік береді.

Таңдалған стратегияға қарамастан, отбасы нысандарын дамытуды сүйемелдейтін, негізгі функциялары үміткерлерді іздестіру және олармен жұмыс жасау, оларды осы санат балаларын тәрбиелеуге дайындау, балаларды отбасында өмір сүруге дайындау, алмастырушы отбасына көмек көрсету болып табылатын кәсіптік қызметті құрған жөн.

Бүгінгі күні өмір сүру жағдайлары психикалық және әлеуметітк зардаптарға ұшыратып отырған интернат мекемелеріне басты көңіл бөлінуге тиіс.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   109




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет