Соңғы жылдары Литвада балалардың құқықтарын қорғауға көп көңіл бөлінді: заңдар өзгерді, реформалар жүргізілді, жаңа ұйымдар мен мекемелер құрылды, бағдарламаларды іске асыру үшін ақша бөлінді, бірақ осыған қарамастан, Литвадағы балалардың жағдайы өзгермеді. Бұған дәлел – статистика, оған сай соңғы 4 жылда (1998-2001) қолайсыз отбасыларының саны 4 есе артты, қорғаншылық үйлеріндегі балалар саны күрт өсті. Мұндай өзгерістердің себептерінің бірі – дәйекті реформаларды жүргізуге мүмкіндік беретін бірыңғай негіздің жоқтығы. Тағы бір себебі – балалардың құқықтарын қорғау саласында баланың әл-ауқатын қамтамасыз етуге емес, оның құқықтарына басымдық берілді. Нәтижесінде – балалардың құқықтары қорғалған сияқты, ал балалардың өздері қорғалмаған.
Литва Республикасы Сеймінің Статутында көзделгендей, Сейм Басқармасының шешімі бойынша негізіне баланың құқықтарын қорғау саласындағы негізгі проблемалар жатқызылған стратегия тұжырымдамасын жасау үшін жұмыс тобы құрылды.
Тұжырымдаманы жасауға Сейм мүшелері, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, өзін-өзі басқару органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, Вильнюс университетінің психологтары мен лекторлары қатысты.
Литва Республикасының Сеймі 2003 жылғы 20 мамырдағы қаулысымен Баланың әл-ауқатын қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясат тұжырымдамасы бекітілді. Бұл құжат баланың әл-ауқатын қамтамасыз ету саласында сүйене отырып, дәйекті реформалар жүргізуе мүмкіндік беретін жалпы негіздердің қабылданбауына байланысты пайда болды. Осы құжатта Литва Республикасының Сеймі Литва Үкіметіне осы жұмысқа мемлекеттік және оқу мекемелерін тарта отырып, баланың әл-ауқатын қамтамасыз ету стратегиясын, талдау және мониторинг жүргізу жүйесін құру туралы ұсыныс жасады.
Баланың әл-ауқатын қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясат тұжырымдамасының мақсаты - баланың әл-ауқатын айқындайтын қағидалар мен құндылықтар туралы саяси келісімге қол жеткізу, Литвада баланың әл-ауқатын қамтамасыз етуге қол жеткізу мақсаттарын белгілеу.
Тұжырымдаманың жалпы ережелерінде – Еуропа қоғамдастығы үшін жалпыға бірдей қабылданған баланың әл-ауқатын қамтитын негізгі ұғымдар:
Бала – 18 жасқа толмаған кез келген адам.
Баланың әл-ауқаты саясаты – халықаралық құжаттардың негізінде үш қағидатқа – баланың қорғалуға құқығына, жан-жақты қамтамасыз етілуіне және қатысуына негізделген әлеуметтік саясаттың бір бөлігі:
баланы қорғау - өз отбасында өсу және кәсіби көмек алу құқығы, сондай-ақ әлеуметтік және жеке зорлық-зомбылықтан қорғалуға құқығы;
баланың қамтамасыз етілуі – бала мен ересек адамның арасында бөлінетін ресурстар мен қызметтерге құқығы, бұл ретте мүгедек балаларға, арнаулы қажеттіліктері бар балаға және қайыршылық, зорлық-зомбылық қаупі, қылмыстық қызметке араласып кету қаупі, оның ішінде ата-анасы тарапынан, төніп тұрған балаға ерекше көңіл бөлінеді;
баланың қатысуы – белсенді түрде қатысу үшін әлеуметтік кеңістік құра отырып, іс-әрекет ету, өз пікірін білдіру және отбасы мен жұртшылыққа жеке және ұжымдық ықпал ету құқығы.
Тұжырымдама мынадай қағидаттарды сақтай отырып жасалады:
Баланың әл-ауқаты мәселелері саяси болып табылады, ал баланың әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттік саясаттың басымдығы болып табылады. Отбасы мен мемлекет баланың әл-ауқаты үшін жауапты болады.
Тұжырымдамада баланың әл-ауқатымен байланысты проблемалар келтірілген, - Литваның барлық заңдары Біріккен Ұлттар Ұйымының баланың құқықтарын қорғау туралы Конвенциясымен келісілмеген, мониторинг жүйесі, деректерді жинақтау жүйесі және т.б. жоқ. Литвада қабылданған заңдардың бір бөлігі қаржыландырудың жеткіліксіздігінен жүзеге асырыла алмайды. Баланы қорғау – отбасында берілетін әлеуметітк қызметтердің жүйесі деген ортақ түсіністік жоқ. Мемлекеттің іс-қимылдары оның отбасында зорлық-зомбылыққа ұшыраған баланы отбасынан тартып алуымен ғана шектеледі, ал отбасына ешкім көмек көрсетпейді. Бала қатер жағдайларында өмір сүретін, аталмыш «бейәлеуметтік» отбасылар көбінесе шеттетіледі.
Тұрақсыз әлеуметтік және экономикалық даму, балалар өсіп келе жатқан отбасылармен алдына ала сақтандыру жұмысының жоқтығы көбінесе балалардың панасыздыққа, бұзылуға және зорлық-зомбылыққа ұшырауына ықпал етеді. Осы жағдай дағдарыс күй кешудегі отбасыларына көмектің жетіспеушілігін, ал көрсетілетін қызметтер сапасының көбінесе төмен екенін көрсетеді.
Жаңа әлеуметтік проблемалар күрт таралуда, осылайша балалар үшін жаңа қауіптер туындауда, әлеуметтік және заң қызметтері оларға дер кезінде ден қоюға, ал оларды қамтамасыз ететін адамдардың барабар шешім қабылдауға шамалары жоқ.
Проблемалы отбасылардың саны өсуде және олар балаларының игілігі үшін әлеуметтік кепілдіктерді пайдалана алмауда.
Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғаушы мемлекеттік мекемелер нәтижесіз жұмыс жасауда, қорғау процесі кезінде баланың тағы да зорлық-зомбылыққа ұшырауына жол береді – баладан бірнеше мәрте жауап алынады және жауап алу кезінде оны жәбірлеушінің де қатыстырылуы сирек емес. Осындай мемлекеттік мекемелерге қаражаттың, білімнің, материалдық және адам ресурстарының жетіспеушілігінен үйлестіру жетіспейді.
Балаға қорғаншылық жасау жөніндегі әр түрлі мекемелер әр түрлі ведомстволарға тиесілі. Бірыңғай қаржыландыру жүйесі жоқ.
Әр тектес проблемалар отбасыларда балаларға қорғаншылық жасауды дамыту тежеп отыр. Осы уақытқа дейін Литвада бала асырап алу саны Еуропаның басқа елдерімен салыстырғанда, көп емес.
Баланың әл-ауқаты үшін жұртшылықтың мемлекеттік және қоғамдық, мемлекетті емес ұйымдармен диалогы мен ынтымақтастығы маңызды.
Тұжырымдамада балалардың жеке басы туралы деректерді, жеке өмірінің детальдарын жария етіп, кәмелетке толмағандардың фотосуреттерін жариялаған бұқаралық ақпарат құралдарының жағымсыз ролі туралы да айтылған.
Тұжырымдамада баланың әл-ауқатына қол жеткізудегі мақсатты міндеттер ретінде баланы жан-жақты қамтамасыз ету, баланың қатысуы мен баланы қорғау атап көрсетілген.
Әлеуметітк қолдау және отбасы саясаты тұжырымдамасы қазіргі уақытта баланы мемлекеттік ресурстар мен қызметтерді бөлу кезінде тек құқылы қатысуышы ретінде қарастыруды ескере отырып, қайта пысықталуда.
Баланың сот және әкімшілік процестеріне қатысуына:
балаға қажетті ақпаратты беру;
балаға өз пікірін айту құқығын беру;
баланың психикалық және эмоционалдық пісіп-жетілу дәрежесіне сәйкес оған консультация беру;
бала қалауының немесе шешімдерінің ықтимал салдарлары туралы хабардар ету;
отбасы және кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған соттарды жоспарлау және жүзеге асыру арқылы кепілдік беріледі.
Бала мен оның отбасына қызметтердің барлық нысандарын беру кезінде баланың пікірі маңызды болып табылады.
Ғылыми шолуды жүзеге асыру және ғылыми зерттеулер жүргізу кезінде бала мақсатты және репрезентаивті қоғам өкілі ретінде енгізіледі.
Мемлекет мынадай жағдайларда:
егер балаға дене зақымы келтірілсе немесе оның денесіне зорлық-зомбылық жасалса;
егер бала сексуалдық зорлық-зомбылық көрсету жағдайында болса немесе ересектер әрекеттінің немесе әрекетсіздігінің салдарынан қанауға ұшыраса немесе осындай қатер туындаса;
егер ересектер әрекеттінің немесе әрекетсіздігінің салдарынан медициналық көмек көрсетілмесе;
егер бала сексуалдық зорлық-зомбылық көрсе немесе жек көру жағдайлары орын алса;
егер баланың заңнамада белгіленген білім алу мөлшеріне қол жеткізу үшін мүмкіндіктері шектелсе белгілі бір өлшемдерді басшылыққа ала отырып, баланы қорғау жөнінде шаралар қабылдайды және оны қорғайды.
Баланың қорғалу қажеттіліктерін баланың әл-ауқаты жөніндегі мамандар: әлеуметтік қызметкерлер, психологтар, медиктер, заңгерлер және өзге де осы үшін даярланған адамдар бағалайды.
Балаға зорлық-зомбылық көрсетілген жағдайда, отбасынан бала емес, жәбірлеуші кетіріледі.
Зорлық-зомбылық көрген балаға қатысты баланы қорғау жоспары жасалып, оған әлеуметтік, медициналық, оңалту және заңгерлік қызметтерді қоса толыққанды көмек көрсетіледі. Отбасы мүшелеріне әлеуметтік және заңгерлік қызметтер көрсетіледі.
Кедейлік баланы отбасынан айыру үшін себеп бола алмайды, сондықтан кедейліктен зардап шегуші балаға мүмкіндігінше барлық қоғамдық ресурстар беріледі. Экономикалық дағдарыстар кезеңінде бала мен отбасына арналған бағдарламаларға баса көңіл бөлінеді.
Отбасы мен баланың өзіне көмектесу мүмкіндіктері сарқылған жағдайда ғана, бала отбасынан айрылуы мүмкін. Сыни жағдайларда мемлекеттік және жергілікті қоғамдық қызметтер бала мен отбасына қиындықтарды еңсеруге көмектесу мақсатында күш-жігер жұмсайды.
Баланы биологиялық отбасынан айыру қажеттігі туындаған жағдайда, мемлекет өзінің уәкілетті мекемесі арқылы мынадай басымдықтарды сақтай отырып, уақытша қорғаншылыққа алуды ұйымдастырады:
биологиялық отбасына қайтару;
асырап алу;
ұзақ мерзімді қорғаншылық.
Достарыңызбен бөлісу: